Жусан жапырақты ойраншөп – Амброзия полынолистная – Ambrosіa artemіsііfolіa
Карантинді, қосжарнақты, арамшөп. Биіктігі 20-25 см, кіндік тамыры топырақта 4 м тереңдікке дейін бойлайды.
Тұқымы сарғыштан қара-қоңыр түске дейін боялған, ұзындығы 2,5-3 мм, көлденеңі 1,5 мм, 1000 дәннің массасы 2-2,5 грамм, көктеген кезде жусан исі, ащы дәмі болады. Маусым айының аяғынан күзге дейін гүлдейді. Тұқымы жиналғаннан кейін пісіп жетілуді қажет етеді. Алматы облысында кең тараған.
Ісінген бөрітарақ – Гибискус вздутый – Hіbіscus trіonum
Сабағының биіктігі 15-50 см аралығында. Тұқымдары ұсақ, ұзындығы 2,5 мм-ге жуық, түсі қарақоңыр. Бір түп өсімдігі 30-дан астам тұқым береді. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанда негізінен жаздық дақылдар егістерін ластайды. Бұл арамшөп көбінесе суармалы жерлерде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |