Мысық құйрық (Итқонақ) – Щетинник сизый – Setarіa glauca
Мысық құйрық барлық жерлерде тараған. Ол егістіктерде, бақта, бақшада, ауыл шаруашылығына пайдаланбайтын жерлерде де өседі. Топырақтың құнарлылығын талап етпейді, құрғақшылыққа төзімді. Кеш пісетін дақылдарды ластайды, көбінесе отамалы дақылдарға зиянды. Тамыры шашақты, топырақта 75-170 см тереңдікке енеді. Сабағы тік, биіктігі 20-100 см.
Жалпақ таспа жапырақты. Гүл шоғыры қалың цилиндр тәрізді. Тұқымы – сопақ жұмыртқа тәріздес, біржақты дөңес қоңыр-сары қабақтанған дәнек. 1000 дәннің салмағы –1-1,5 г.
Топырақтың температурасы 30-35 0С болғанда жаппай өніп шығады. Бір өсімдігі 2300-дәнек береді тіршілікке қабілеті 4 жылдан астам. 12-айға дейін созылатын тұқымның тыныштық сақтау күйінен кейін кем дегенде 12-14 см тереңдіктен өсіп-өніп шығады.
Кәдімгі гүлтәжі (Қызылқұйрық) – Ширица обыкновенная – Amaranhtus Amaranthus retroflexus
Сабағы тік бойлап өсіп, биіктігі 15-120 см-ге дейін жетеді. Бұл өте өсімтал арамшөп. Негізінен тұқыммен көбейеді. Бір түп өсімдік жарты миллионға дейін тұқым береді. Тұқымы өте ұсақ, оның диаметрі 0,9-1,5 мм шамасында, түсі қара, сырты жылтыр. Өте майда болғандықтан, топырақтың 1-2 см тереңдігінен жақсы өніп шығады.
Өнгіштік қабілетін топырақта 5 жылға дейін сақтай алады. Өніп шығу үшін 15-200С температура қажет.
Қызылқұйрық гүлтәжі отамалы дақылдарды, оның ішінде қант қызылшасы мен көкөніс дақылдарын күшті ластайды. Дәнді дақылдар егісінде аңыздық арамшөп болып есептеледі. Бұл арамшөп Қазақстанның суармалы және тәлімі жерлерінде көп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |