Инженерлік-геологиялық аудан
Инженерлік-геологиялық аудан — инженерлік-геологиялық алқаптың басқа аудандардан өзіндік тау жынысытар кешенімен айрыкшаланатын ірі бөлігі.
Инженерлік-геологиялық жіктеме бойынша тау жынысытар тобыӨңдеу
Физикалық-механикалық қасиеттерінің ұқсастығы, әсіресе беріктігі, деформациялануы, орнықтылыгы мен суөтімділігі бойынша топтастырылган әр түрлі генетикалық және петрографиялық тау жынысытар типтері.
Инженерлік-геологиялық карта.
Топографиялық негізде белгілі бір масштабта аумақтың инженерлік-геологиялық жағдайларын бейнелейтін карта; бұл аумақта құрылыс жүргізу немесе шаруашылықта пайдалану мүмкіндігін көрсетеді. Инженерлік-геологиялық карта: шолулық (1:1500000 және үсақтау), ұсақ масштабты (1:500000 — 1:1000000), орта масштабты (1:100000 - 1:200000), ірі масштабты (1:25000 — 1:50000) және түбегейлі (1:10000 және ірілеу) типтерге бөлінеді.
Инженерлік-геологиялық кешен.
Инженерлік-геологиялық көрсеткіштерінің ұқсастығымен немесе зандылықты өзгергіштігімен сипатталатын тау жынысытар кешені.
Инженерлік-геологиялық құбылыстар.
Табиғи жағдайда құрылыс пен әр түрлі инженерлік қондырғылар ықпалынан туындайды. Ең көп таралған инженерлік-геологиялық құбылыстар: қату және еру кезіндегі жолдың деформациясы, тау жынысытардың шаймалануы, кен (тау жынысы) қысымы, кен қазбаларының ісінуі мен жабындарының опырылуы, кентіректердің кирауы және т.б.
Инженерлік-геологиялық түсіру.
Арнайы геологиялық түсірудің түрі. Аумақтарды әр түрлі құрылыстар мен шаруашылық мақсатта пайдалану үшін олардың геологиялык құрылысын, геоморфологиялык ерекшеліктерін, геологиялық процестерді, сонымен катар тау жынысытардың физикалық-механикалық қасиеттерің зерттейді. Түсіру нәтижесінде инженерлік-геологиялық карта жасалады.
Дереккөздер
↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Достарыңызбен бөлісу: |