Инженерлік сызба



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата01.12.2022
өлшемі3 Mb.
#160791
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Сызу оқулық

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3.4. Бұрандалардың белгіленуі 
 
 
Бұрандалар параметрлерін бекітетін стандарттар олардың 
шартты белгіленуін де қарастырады. Бұранданың шартты 


31 
белгіленуіне оның түрін анықтайтын әріптік белгіленуі, сонымен 
қатар бұранда өлшемі, яғни оған (конустық және құбырлық 
цилиндрлік бұрандалардан басқа) барлық бұрандалар үшін 
бұранданың сыртқы (үлкен) диаметрін жатқызады. Бұл өлшем 
конустық және құбырлық цилиндрлік бұрандаларда шығарма 
сызық сатысына жазылады.
3.8 суретте жиі кездесетін стандарт бұрандалар түрлері мен 
стандарт емес бұрандалардың белгілену үлгісі көрсетілген: 
а) оқу сызбасындағы тетікбөлшектердегі метриялық 
бұрандалардың белгіленуі: 
М10 – ірі адымды метриялық; 
М16 х 1, М24 х 2 – ұсақ адымды; 
М20LH – солақай; 
б) трапециялық және тіректік бұрандалардың белгіленуі; 
в) конустық және құбырлық цилиндрлік бұрандалардың 
белгіленуі; 
г) стандарт емес профильді бұрандалар. 
2.6.
 
Бұрандалардың қолданылуы 
 
 
Барлық бұрандаларды шартты түрде бекіту және жүрістік 
бұрандалары деп бөлуге болады. 
Бекіту бұрандалары тетікбөлшектерді өзара біріктіру үшін 
қолданылады. 
Бекіту 
бұрандасының 
профилі 
(қалыпты 
үшбұрыш) ά = 60º және 55º болатын үшбұрыш болып келеді, 
себебі мұндай жағдайда тетікбөлшектер арасындағы үйкеліс күші 
қатты болады да, бөлшектердің өздігінен бұралып ашылып 
кетпеуіне кедергі жасайды. Барлық бекіту бұрандалары 
стандартталған. Жүрістік бұрандалар ось бойымен жылжып 
айналу қозғалысын туындату қызметін атқарады. Мұндай 
бұрандалардың профилі винттік жұптың арасындағы ең аз 
үйкеліс күшін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Осы тұрғыдан 
алып қарағанда тік бұрышты профиль дәл келеді деуге болады 
(үйкеліс күші 0-ге тең), бірақ ол стандартталмаған. 
Винттік жұпта қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін бұранда 
ойығының қатаңдығын арттыру керек, ал бұл көп кірісті 
бұрандаларды қолдану арқылы жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет