«Инклюзивті білім беру» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені барлық мамандық студенттері үшін пәннің ЖҰмыс бағдарламасы



Дата31.01.2018
өлшемі319,46 Kb.
#36766

УМКД 042-14.1.01/01-2013

Ред. № 1 от 03.09.2013

Страница из



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

УМКД 042-14.1.01/01-2013



«Инклюзивті білім беру» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (студенттер үшін)

№ 1-басылым




«Инклюзивті білім беру»




ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013



1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: 28.08.2013

п.ғ.к., доцент м.а. Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 1 04.09.2013ж.

Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./


2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама № 1 «05» 09.2013ж.

Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама №1 18.09.2013ж.

ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./


4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)










Мазмұны





  1. Жалпы ережелер

2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

4. Курс форматы

5. Курс саясаты

6. Баға қою саясаты

7. Әдебиеттер



1.2. Курстың қысқаша мазмұны:

Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр. Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, тәжірибелі мамандармен жетік қамтамасыз етілуі қарастырылмаған. Сондықтан, барлық балаларды жалпы білім беру процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға; отбасыларын белсенді қатыстыру, баланың дұрыс дамуына педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың ғана емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.


1.3. Инклюзивті оқыту пәнін оқытудың мақсаттары:
- мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.

- жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.

- балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;

- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.




    1. Пәннің негізгі міндеті

- мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі.

- ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесін жетілдіру

- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
1.5. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуге тиіс :

- білім жүйесіндегі дамытудың заманауи стратегиясын;

- инклюзивті білім берудің басты мақсаты мен ұғымдарын;

- инклюзивті білім берудегі педагогика мен психологияның категориялық аппаратын;

- инклюзивті білім берудің даму ошақтарын;

- инклюзивті білім берудің басты отандық және шетелдік тұжырымдамаларын;

- инклюзивті білім берудің мазмұнын, құрылымын, қайшылығын және қисынын;

- инклюзивті білім берудің заманауи инновациялық және авторлық білім беру тұжырымдамаларын;

- инклюзивті білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мен тәрбиедегі жалпы сұрақтарды;

- білім берудің психологиялық - педагогикалық практикасындағы инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктерін.

- инклюзивті білім берудегі көкейкесті мәселені таңдай білу дағдысын қалыптастыру жолдарын;

- өздігімен іздену, зерттеу және өзекті мәселені шеше білу дағдысын;

-мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуді.

1.6 Пререквизиттер:

Педагогикалық мамандыққа кіріспе, педагогика, психология, дидактика, тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі.


1.7 Постреквизиттер:

Инклюзивті білім беру жағдайында жеке пәндерді оқыту әдістемесі.




  1. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу


Кесте 1. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу



Тақырыптар аттары

Сағаттар

Лекциялар

Тәжірибелік сабақтар

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

2

5

6

1

Инклюзивті білім беру пәні және оның міндеттері.

2

1

3

3

2

Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі.


2

1

3

3

3

Ресейдегі инклюзивті білім беру.

2

1

3

3

4

Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту.


2

1

3

3

5

Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру.


2

1

3

3

6

Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру.


2

1

3

3

7

Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру.


2

1

3

3

8

Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.

2

1

3

3

9

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліетерін қамту.

2

1

3

3

10

Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету.

2

1

3

3

11

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтары.

2

1

3

3

12

Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары.

2

1

3

3

13

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.

2

1

3

3

14

Инклюзивті білім беру кезінде тәрбие жұмысын арнайы ұйымдастыру қажетті компонент ретінде.

2

1

3

3

15

Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.

2

1

3

3




Барлығы

30

15

45

45

  1. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары


I. Инклюзивті білім беру пәні және міндеттері. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.

1. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.

2. Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығы және қисыны.

Әдебиеттер тізімі:

Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, №7, 60-61 б.

7.К.Жарықбаев. Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай? // Мектептегі психология, 2010, №5,18-20 б.

II. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.


  1. Баланың жеке дара қасиеттерін ,ескере білу, оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау.

  2. Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құру. Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы.


Әдебиеттер тізімі:
« Сурдопедагогика» под.ред. А.И.Дьечкова.

« История сурдопедагогики» А.Г. Басова, С.Ф. Егоров Москва Просвещение 1989 год.

« Обучение и воспитание глухих детей» под.ред. С.А.Зыкова Москва «Слепоглухонемые дети» А.И.Мещеряков Москва Педагогика 1974 год.

III. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету.

1. Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында қызметті кадрлармен тиімді қамтамасыз ету

Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту.


  1. Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы.


Әдебиеттер тізімі:

Певзнер М.С. «Об отборе детей с временной задержкой темпа психического развития и стойкими церебрастеническими состояниями в специальные классы». // Дефектология, 2003, №6.

«Тілашар - Логопед» журналы №2(08) 2011 жыл.

№1, 2011 жыл, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тиімділігін арттыру жолдарындағы» тақырыптарға арналған облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары.



IV. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін қамту.

  1. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыс орнын оңтайлы ұйымдастыру.

  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің м.а. бұйрығымен бекітілген санитарлық ережесі.


Әдебиеттер тізімі:
ДЕФЕКТОЛОГИЯ (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛ), 4/2011 нөмірі, 3-10 беттер

V. Инклюзивті білім берудің шет мемлекеттердегі даму деңгейі.

1. Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде қарастырып отырған категориядағы балалардың даму деңгейін саралау.

2. Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.

Әдебиеттер тізімі:

Инклюзивное образование за рубежом -От мечты к реальности

Обзор материалов специального выпуска журнала «International Journal of Inclusive Education»

Н. С. Грозная, координатор редакционно-издательской деятельности Даунсайд Ап.


Инклюзивное образование в России. rian.ru сайты

«Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенция.



VI. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту.

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер»

  2. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңы.



Әдебиеттер тізімі:
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». А., 2010ж.

VII. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмектің жаңа жолдары.

  2. мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру.


Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылы шыққан «Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы.
VIII. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.

  1. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020ж. арналған бағдарламасы.

  2. Бала Құқықтары туралы Конвенция.



Әдебиеттер тізімі:

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің «Ерте жастағы балалардағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылықтарын скринингін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 29.01.2003 жылы шыққан заңы.


IX. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ұйымдарнда мемлекеттік жалпы міндетті жүзеге асыру шарттары.

  1. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру

  2. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері.


Әдебиеттер тізімі:

Ә. Ермағамбет. // «Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы». // Дефектология, 2008, №4.


X. Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.

1. Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі.

2. Әлемдік практикада мүгедектердің білім деңгейі мен олардың қоғамдық өмірге қатысу деңгейі.
Әдебиеттер тізімі:
Адамның дамуы туралы ұлттық есеп- 2009 жыл. ОҚШАУЛАНУДАН ТЕҢДІККЕ ҚАРАЙ: ҚАЗАҚСТАНДА МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. www.egov.kz.

Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010 , №5(29) 34-37 б.

Инклюзивное образование за рубежом -От мечты к реальности

Обзор материалов специального выпуска журнала «International Journal of Inclusive Education»

Н. С. Грозная, координатор редакционно-издательской деятельности Даунсайд Ап.



3.2. Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны
1-тақырып. Инклюзивті білім беру пәні.

Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
2-тақырып. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі.

Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі .

Ресейдегі инклюзивті білім беру.

Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру.

Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру.

Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру.




3-тақырып. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.
Кемтар балалардың ақыл есінің кемдігін, көзінің көрмейтінін, құлағының естімейтінін емдеп жаза алмасақта, оларға бар мүмкіндігімізді пайдаланып әлеуметтік көмек беріп, деңгейлеріне қарай тәрбиелеу мен оқытуға бірігіп жаңа жолдарын іздестіруіміз және көмек беруіміз қажет.
4 – тақырып . Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін қамту.

Бала жас болған сайын оның шаршаған белгілеріде ерте пайда болады. Сонымен, 5-6 жастағы балалар үшін уақыт 10-15 минут құрайды. Бұл жастағы балалардың қызмет ету мүмкіншілігі өте аз. 7-12 жастағы балалар үшін компьютерлік сабақтардың үздіксіз ұзақтылығы – 20 минут, ал олардан үлкен балаларға – жарты сағаттан аспау керек. Сабақтың ұзақтылығында балалар мен жасөспірімдердің көру және жалпы шаршау белгілері пайда болады. Егер балада неврологиялық бұзылуы, тырысқақ реакциясы, көру қабілеті бұзылу бар балаға компьютерлік сабақтар туралы сұрақты сақтықпен шешу керек, өйкені компьютер денсаулығына байланысты осы барлық ауытқуларды күшейтуі мүмкін. Екінші ереже — жұмыс орнын оңтайлы ұйымдастыру. Ең алдымен, компьютер экранына сол жақтан жарық түсетіндей етіп орналастыру керек. Экранның жарықтығына қарамастан сабақ қараңғы емес, жақсы жарық комната өту қажет. Компьютермен жұмыс істеу орнына сол жақтан, табиғи жарық бір бүйірден түсетіндей етіп орналасуы керек. Компьютерді қолданушының алыс арақашықтыққа көзқарасты ауыстыру мүмкіншілігі бар кезде жұмыс орны сәтті орналасқаны болып табылатыны — жұмыс уақытында көру жүйесінің жеңілдету ең бір тиімді әдісі.


5 – тақырып. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым – қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
6 – тақырып. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту туралы анықтамалар жиынтығы.
ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы, 2002 ж.;

ҚР «ҚР Балалардың құқықтары туралы» Заңы, 2002 ж.;

2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

2011-2015 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспары;

2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы;


7 – тақырып. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмектің жаңа жолдары. Ата-аналарда өздерінің құқығын біліп, Заңдармен танысып, кеңес алып, балаларын қорғай білгені жөн.
8 – тақырып. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында, орта білім жүйесінің ағымдағы жай-күйіне талдау жасау.

9 – тақырып. Инклюзивті білім беру кезінде тәрбие жұмысын арнайы ұйымдастыру қажетті компонент ретінде.
Дамуында ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер қажет болады.Оның үстіне педагогтер осы балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі тиіс. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема - оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою.

4. Курс форматы
ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны




Жұмыс түрлері СОӨЖ

Мақсаты және мазмұны

Әдебиеттер

Бақылау формасы

Ұпайлар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.

Инклюзивті білім берудің ерекшелігі туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу

Негізгі және қосымша әдебиеттер, мерзімді басылымдар

Дөңгелек үстел

Бес баллдық жүйе бойынша

Сабақ кестесіне сәйкес

2.

Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамыту шаралары.

Инклюзивті оқытудың мәні мен құрылымын бейнелейтін ғылыми әдебиеттер каталогын құру, аннотация жазу

К.Жарықбаев. Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай? // Мектептегі психология, 2010, №5,18-20 б. Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010 , №5(29) 34-37 б.

Білім берудегі менеджмент // - Алматы, 2010. №2, 27-31б.

Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру // Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17


Картотека құру. Аннотация жазу.

Бес баллдық жүйе бойынша

Сабақ кестесіне сәйкес

3.

Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен логопед, психолог, әлеуметтік педагог пен медициналық қызметкердің жұмыс істеу жүйесі.

Дефектолог мұғалім, психолог мұғалім, логопед мұғалім, сурдолог мұғалім, тифломұғалім, әлеуметтік мұғалім және психиатр дәрігер, невролог дәрігер мамандарын қандай оқу орындары дайындайды.

Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. // Психология, социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б.
Отбасы және балабақша журналы, №1, 2011 жыл, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тиімділігін арттыру жолдарындағы» тақырыптарға арналған облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары, 22.02.2011 жыл, «Тілашар - Логопед» журналы №2(08) 2011 жыл, «Денсаулық» журналы 2011 жыл, Дефектология(Республикалық Ғылыми Әдістемелік,Педагогикалық-Психологиялық журнал), 4/2011 нөмірі, 3-10 беттер.

Конспект

Бес баллдық жүйе бойынша

Сабақ кестесіне сәйкес

4.

Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары туралы мәлімет.

Арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер;«

Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту



Негізгі және қосымша әдебиеттер, мерзімді басылымдар

Реферат

Бес баллдық жүйе бойынша

Сабақ кестесіне сәйкес

5.

Оқытуға қабілетсіз балаларды анықтау жолдары

Векслер тесті. Вудкоктың тесті. Бендер тесті. «Сеган тақтасы».

Білім берудегі менеджмент // - Алматы, 2010. №2, 27-31б.

10.Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру // Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17

11.Э.Біләлова. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамыту. // Психологияны мепктепте және ЖОО-да оқыту, 2007, №1,11-13 б

12.Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. // Психология, социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б.



Кесте құрастыру

Бес баллдық жүйе бойынша

Сабақ кестесіне сәйкес

6.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері.

Барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететіу.

Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тиімділігін арттыру жолдарындағы» тақырыптарға арналған облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары, 22.02.2011 жыл



Конспект

Бес баллдық жүйе бойынша

Сабақ кестесіне сәйкес

7

Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмек

Негізгі және қосымша әдебиеттер.

Баяндама

Бес баллдық жүйе бойынша

Сабақ кестесіне сәйкес

8.

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.

Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын анықтау




Баяндама

Бес баллдық жүйе бойынша

Сабақ кестесіне сәйкес


4.2 СӨЖ

СӨЖ № 1

Тапсырма. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.


Инклюзивті білім берудің ерекшелігі туралы әр түрлі дерек көздерінен мәлімет жинақтау, жүйелеу.

СӨЖ № 2

Тапсырма. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамыту шаралары.


Инклюзивті оқытудың мәні мен құрылымын бейнелейтін ғылыми әдебиеттер каталогын құру, аннотация жазу
СӨЖ № 3

Тапсырма. Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен логопед, психолог, әлеуметтік педагог пен медициналық қызметкердің жұмыс істеу жүйесі.



СӨЖ № 4

Тапсырма. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары туралы мәлімет. (2сағ).


Арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер;«

Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту


СӨЖ № 5

Тапсырма. Оқытуға қабілетсіз балаларды анықтау жолдары (2сағ).

Векслер тесті. Вудкоктың тесті. Бендер тесті. «Сеган тақтасы».
СӨЖ № 6

Тапсырма. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері. (3сағ).



СӨЖ № 7

Тапсырма. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмек.

СӨЖ № 8

Тапсырма. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу. (1сағ).



Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын анықтау


5.Курс саясаты.

Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беру тиіс.

Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады.

Бақылау жұмыстары: Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.

Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу үшін қатаң жазалап аудиторядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін «F» бағасын қоюмен қамтылады.

Ұялық телефон: Сабақ кезінде ұялық телефондар өшірілуі керек.

Емтихан: Қорытынды емтихан оған босатылған барлық студенттер үшін компьютерлық тест жүйе негізінде жүргізіледі. Емтиханның қорытынды бағасы қорытынды аттестациямен емтиханның орташа проценті арқылы есептеледі.


  1. Баға қою саясаты

«Инклюзивті білім беру» пәнін оқытуда екі рет аттестация қойылады. Әр аттестацияны есептеу үшін келесідей критерийлер қарастырылады:

  • Дәріс сабағына қатысу төмендегідей бағаланады:

  • дәріс сабағы – 0 баллға тең.

  • Тәжірибелік сабақтың жауабы – 15 баллмен бағаланады.

  • ОСӨЖ бірінші және екінші аттестацияда екі реттен тапсырылады – 20, 25 балл.

  • СӨЖ-де бірінші және екінші аттестацияда екі реттен тапсырылады – 60,60 балл.

Осы критерийлерге қарап студенттің аттестациясы қойылады.

Оқу сағатының түрі

Апта

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1. Дәріс

0

0

0

0

0

0

0

0




0

0

0

0

0

0

0




0

2. Тәжірибе

0

0

30

0

40

0

35










30




40

0

0

35




210

3. ОСӨЖ

0

0

10

0

10

0

10

0




0

10

0

10

0

0

10




60

4. СӨЖ

0

0

25

0

25

0

25

0




0

25

0

25

0

0

25




150

5. Аралық бақылау (рубеж)

0

0

0

0

0

0

60

0




0

0

0

0

0

0

60




120

Барлығы:







65




75




130










65




75







130




540

7. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

І. Негізгі әдебиеттер:

1. Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009г

2. Бгажнокова И.М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции перспективы развития» Дефектология 2004ж

3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000

4. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы

5. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.

6. Саламан Декларациясы ЮНЕСКО 1994 ж


Қосымша әдебиеттер:
1.Білім туралы – Қазақстан Республикасының Заңы.- Астана, 2007

2.Қазақстан-2030, Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы:Білім, 1998, 96 б.

3. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. www.egov.kz.

4.Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы

5. Концепция развития инклюзивного образование в РК. www.egov.kz.

6.Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, №7, 60-61 б.

7.К.Жарықбаев. Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай? // Мектептегі психология, 2010, №5,18-20 б.

8.Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010 , №5(29) 34-37 б.

9. Білім берудегі менеджмент // - Алматы, 2010. №2, 27-31б.

10.Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру // Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. - . 15-17



11.Э.Біләлова. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамыту. // Психологияны мепктепте және ЖОО-да оқыту, 2007, №1,11-13 б

12.Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. // Психология, социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет