Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық Қолдау


Физикалық және нейромоторлық бұзылысы бар балаларды қамтуға арналған қолдау стратегиялары



бет21/21
Дата08.07.2022
өлшемі59,76 Kb.
#147355
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
2.3-ресурс

Физикалық және нейромоторлық бұзылысы бар балаларды қамтуға арналған қолдау стратегиялары

Кеңістік – физикалық орта

  • Балалардың қозғалысына арналған орынның ыңғайлы болуын тексеру; мүмкіндігі шектеулі балалардың арбамен жүруін қамтамасыз ететін орындарды ұйымдастыру, сыныпқа бару жолын қамтамасыз ету.

  • Баланың денесі мен басының дұрыс орналасуын қамтамасыз ету үшін арнайы орындықтарды, үстелдерді және жастықтарды пайдалану (жайлы отыруды жеңілдету жолдары).

  • Баланы көтеру немесе отырғызу алдында оған ескерту.

  • Барлық қажетті материалдарға баланың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  • Баланың бір жерден келесі жерге ауысуына жеткілікті уақыт беру.

  • Күн сәулесінің тікелей түсуін болдырмау.

  • Қажеттілігіне қарай жұмыс барысында қосымша үзіліс жасауды жоспарлаңыз.

Қарым-қатынас
Баламен сөйлескен кезде онымен бір деңгейде болуға тырысыңыз, оның жанына отырыңыз, тұрмаңыз. Үстемдік сезімін тудыруы мүмкін позициялардан аулақ болыңыз.

Оқу процесі

  • Сөйлесудің баламалы әдістерін қолдану (пиктограммалар).

  • Шаршаудың бастапқы белгілері байқалған сәтте үзіліс жасау.

  • Қарым-қатынасқа қажетті қосымша уақытпен қамтамасыз ету.

  • Жазбаша жұмысты аяқтауға қосымша уақыт беру.

  • Тапсырманың, тақырыптың компьютердегі нұсқасын және т.б. қолдану.

  • Қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қосымша мобильді панельдерді пайдалану.

  • Баланы жаңа тапсырманы орындауын сипаттауға, нақтылауға ынталандыру.

  • Жазбаша жұмыс үшін түзу сызықты немесе торлы парақтарды ұсыну.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Галина Булат, Светлана Курилов, Николае Букун. ; коорд.: Домника Гыну. Инклюзивное образование : Методическое пособие для непрерывного обучения дидактических кадров, работающих в области инклюзивного образования детей (Инклюзивті білім беру: балаларға инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін дидактикалық кадрларды үздіксіз оқытуға арналған әдістемелік құрал) ; Проект “Интеграция детей с ограниченными возможностями в общеобразовательные школы”, Fondul de Investiţii Sociale din Moldova, LUMOS (Protecting Children. Providing Solutions). – Кишинев : Б. и., 2016 (Tipogr. “Bons Offices”).

  2. What Really Works in Special and Inclusive Education. Second edition. by Routledge © 2014 David Mitchell.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет