Қазақстандық білім беру жүйесінде:
- әрбір білім алушының тұлғалық даму траекториясына, даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің моделі жасалмаған;
- білім берудің икемді, бейімделген оқу бағдарламалары әзірленбеген;
- жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база жеткіліксіз;
- оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлары жоқ;
- ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған;
- мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдастық жоқ;
- балалардың психикалық және дене даму ауытқуларын ерте айқындау және оларды түзету аса өзекті проблема болып қалуда;
- балалардағы моральдық-психологиялық және әлеуметтік
2. Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты, негізгі міндеттері, қағидаттары, тетіктері және шарттары: Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты - барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндетері: - инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;
- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);
- білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;
- «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық