Интеграциялық оқыту арқылы мектепалды дайындық тобы балаларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.
Сағындықова Ақжарқын Сағындыққызы
Атырау қаласы
№13 «Балапан» балабақшасы
І санатты тәрбиеші.
Жоспар.
І. Кіріспе
Функционалдық сауаттылықты дамытудың теориялық негіздері.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Оқу – танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі.
2. Интеграциялық оқыту арқылы мектепалды дайындық тобы балаларының
оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.
3. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыруда «Сыни ойлауды оқу мен жазу
арқылы дамыту» технологиясы стратегияларын қолдану.
ІІІ. Қорытынды.
Мектепке дейінгі жаста оқу-танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы болашақта балалардың функционалдық сауаттылығының мазмұны болып табылады.
Еліміздің ата заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей, құрылып жатқан зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік әлеміне көтеру, өз дүние танымын қалыптастыруға мүмкіндік жасап, адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын тудыру, білім берудің маңызды мақсаты.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесін қайта қарау, білім беру мәселелерін алдыңғы қатарлы елдердің деңгейінде жабдықтау қажеттілігіне тоқталған. Сол сияқты педагог қызметкерлер оқушылар алған білімнің мемлекеттік стандарттан төмен болмауына күш салуға, оқушылардың өзіндік және шығармашылық қабілеттерінің көрінуі мен дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» деп атап көрсетілген.
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) ғана өлшенбейді, оның ең басты критерийі – функционалдық сауаттылық.
Ал функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға мүмкіндігінше жылдам бейімделе білуі мен әрекеттесе алу деңгейінің көрсеткіші.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың
60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылықтың мазмұны:
оқу және жазудағы сауаттылық
жаратылыс тану ғылымдарындағы сауаттылық
математикалық сауаттылық
компьютерлік сауаттылық
отбасылық өмірдегі сауаттылық
денсаулық мәселесіндегі сауаттылық
заң сауаттылығы т.б.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі
арқылы жүзеге асады.
Сондықтанда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің даму стратегиясының басым бағыттары мен болашағын айқындайтын басты құжат – әрбір Жолдауында білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып келеді.
2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз, «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.1» десе,
2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту– Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында жастарға сапалы білім берумен қатар, сол білімін қоғамдық-әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық бере келіп, Үкіметке «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспарын» қабылдауды тапсырды.
2012 жылғы 14 желтоқсанда «Тәуелсіздік күні» салтанатына арналған жиында «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары»» бойынша «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек, жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін аса маңызды міндет екенін атап көрсетті.
Қоғамда үлкен қозғалыс туғызған Жолдаудағы Елбасының тапсырмасы бойынша «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
25 маусымда № 832 Қаулысы қабылданды.
Елбасы бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмі атап көрсетілді.
Бірінші механизм – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту бойынша Министрлік әлемдік тәжірибе негізінде Мемлекеттік білім стандартын жасауға кірісті.
Екінші механизм – оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту бойынша
оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгізу.
Үшінші механизм бойынша – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы үшін жаңа әдістемені әзірлеу.
Төртінші механизм бойынша – қосымша білім беру жүйелері дамытылып, материалдық техникалық база жаңартылатын болады.
4 механизм бойынша жұмыстың іске асуы – тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі
анықтауына мүмкіндік беріп, оқушылардың бойында шығармашылық және
инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Мектепке дейінгі кезең баланың әртүрлі әрекетті меңгеретін сензитивті кезеңі болып саналады және оның құрамды элементі ретінде бала өмір сүру тәжірибесіне қажетті білімді меңгеріп, ол бірте-бірте баланың тұлғалық сапасына, өмір тәжірибесіне айналып, нәтижесінде мектепке қажетті қызметтер тәртіптілік, оқу әрекеті, жеке бастық, еріктік-эмоциялық өріс белсенді қалыптасып, функционалдық сауаттылығы дамиды. Өйткені олар бұл жас кезеңінде мектепке дейінгі балалықты аяқтап мектепте оқудың баспалдағында тұрады.
Сондықтан, функционалдық сауаттылықты мектепке дейінгі кезеңнен бастап дамыту маңызды болып табылады.
Мақсат:
Мектепалды дайындық тобы балаларын білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын ояту, ақыл-ойын дамытуда оқу-танымдық іс- әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері арқылы мектепке жан-жақты даярлау.
Міндеттер:
1. Мектепке дейінгі балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруда танымдық үрдіс заңдылықтарын оқып - үйрену.
2. Интеграциялық оқыту арқылы мектепалды дайындық тобы балаларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.
3. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы стратегияларын мектепалды дайындық топтары балаларының жас ерекшеліктеріне бейімдеп қолдану.
Оқу – танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу-танымдық іс-әрекет – педагогикалық процесте баланың әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология ғылымдары балаларды білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл-ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты
ерекшелігі – баланың үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді баланың оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс- әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық іс-әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс-әрекеттен тұрады. Мектепке дейінгі жаста бала мектептегі оқу іс-әрекетіне дайындалып жатқандықтан, оның оқу-танымдық әрекеті болашақ оқушы әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан баланың іс-әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады.
Мектепке дайындық кезеңінде балалардың функционалдық сауаттылығы алғашқы дағдыларының оқу-танымдық іс-әрекет үстінде қалыптасу ерекшелігіне жататындар:
өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы);
оқу нысанының ерекше сипаты (қарапайым ғылыми білім, болашақ оқушылық өмірі туралы ақпарат және т.б.);
бала іс-әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі);
оқыту құралдарының болуы – кітаптар, ақпараттық құрал-жабдықтар жатады.
Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Коменский : «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет»1,-деп ерекше атап өткен. Ал қазақтың педагог-ғалымы М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді.
Сондықтанда балаларды белсенділікке жетелеуде тәрбиешінің белгілі бір мақсатқа бағытталған білімді меңгерудегі дағды мен іскерлікті қалыптастырудағы әрекеті балалардың оқу-танымдық қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс. Оны жүзеге асыру балалардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-әрекетін жаттықтыруда педагогтың оқу-тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын берді. Ы. Алтынсаринның пікірінше, педагогтердің жұмысындағы ең шешуші нәрсе: ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде.
Сондай-ақ А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев сынды қазақ педагогтері де танымдық іс-әрекет туралы құнды пікірлер айтты. А.Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалім балаға жұмысты әліне қарай шағындап берумен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек» деп жазды.
Оқытудың мақсаты – өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі
жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни қызмет субьектісін тәрбиелеп шығару. Мұндай мақсат білім мазмұнының құрылымына, оны іріктеп алудың дәстүрлі талаптарына сәйкес өзгерістер еңгізуді талап етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған
_____________________________________
1 Қазақстан мектебі. 2006, №12 - 38 бет.
«Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адам сүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастылығында балалардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті қазіргі кезде алдымызға қойылған мәселелердің бірі болып табылады.
Жалпы қарастыратын болсақ Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара
байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді. Пәндердің өзара байланыс деңгейі балалардың блімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер
арқылы шешіледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде интеграция мәселесін барынша терең зерттеуді ұсынған Н.Н.Светловская болып есептеледі. Ол өзінің мақалаларында оқытуда интеграцияны әдістемелік құбылыс деп танып, оның мүмкіндігі туралы мәселені көтерді және білім берудің алғашқы кезеңіндегі интеграция терминіне мұғалімдер мен ғылымдардың көңілін аудара келіп,
«Интеграция – іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту процесін шапшаңдау»1 деп есептейді.
Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру балалардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. Бұл әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес, әрі пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді.
Педагогтердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге
асырудың жолы - сабақтарды бір тәрбиеші арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімнің жинақталуы яғни әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс.
Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір
жүрегі. Баланың да өзіндік пікірі, көзқарасы, психологиялық ерекшеліктері
бар, олар педагогикалық ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтанда, интеграциялық оқытуды жүзеге асыруда жаңа педагогикалық технологиялардың атқаратын орны бөлек.
Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және _____________________________________________
1Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы танымдық
қызығушылықты арттыру.- Алматы , 2003-129б.
жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».
Педагогикалық технология –педагогтың кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет –баланың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы ашылған №13 «Балапан» балабақшасының мектепалды дайындық тобында
интеграциялық оқыту арқылы оқу-танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда
«Сорос-Қазақстан» қоры арқылы 1990 жылдан мектеп тәжірибелеріне ене
бастаған – «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» халықаралық
жобасы технологиясын қолданып келемін. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Стилл, Куртис С.Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясының мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Ерекшелігі: Сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінде, көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйрететін стратегиялар бойынша ұйымдастырылады. Негізінен стратегиялар мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне арналған, ал оларды мектепке дайындық тобы балаларының жас ерекшеліктеріне бейімдеп қолдану тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтанда, интеграциялық оқытуды жүзеге асыруда СТО стратегияларын қолдану тәжірибемді Айналадағы әлеммен танысудан «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбындағы сабағыма талдау жасау арқылы көрсетемін.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – ортақ үйіміз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанда мекендейтін ұлт өкілдері, олардың салт-дәстүрлері,
тағамдары, ұлттық киімдері және мерекелері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Балалардың бұрынғы білетіндерін жаңа ұғымдармен
салыстырып, ой түйіндеуін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды Отанын сүюге, қазақ жерінде тұрып жатқан
ұлт өкілдеріне деген құрмет, достық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Ұлттар бойынша салынған суреттер, әліппе дәптерлер,
дидактикалық материалдар.
Әдістер: Көрнекілік, түсіндіру, СТО стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту – «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.
Айналадағы әлеммен танысу – «Сематикалық карта» стратегиясы.
Бейнелеуден – «Болжау» стратегиясы.
Қарапайым математика – «Еркін жазу» стратегиясы.
Сабақтың жүру барысы:
І. Қызығушылықты ояту бөлімін «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша жоспарладым.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша
|
Мектепалды дайындық топтарына бейімдеп қолдану.
|
«Бір айналым сөйлесу стратегиясы» Бұл стратегияны тақырып бойынша әңгімелету кезінде қолдануға болады.
1. Тақырып беріледі.
2. Сол тақырып бойынша жеке
балалар сөйлем айтады.
3. Сөйлемнен мәтін құралады.
|
1.«Қазақстанның елдік нышандары» тақырыбы беріліп, стол үстіне елдік нышандарды «Елбасы, Астана, Рәміздер, ұлттық тағамдар,ұлттық киім, ұлттық ақша, ұлттық мерекелерді бейнелейтін
суреттер қойылды.
2.Балалар суреттерді тақырып бойынша таңдап алып, сөйлем құрады.
3. Сөйлемдер бойынша төмендегідей мәтін құралды
|
Мәтін: Біздің Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев. Ту, Әнұран, Елтаңба –Қазақстан Республикасының рәміздері. Теңгеге біз өзімізге қажетті заттарды сатып аламыз. Ұлттық киімдерді мерекелерде киеді. Бауырсақ, қазы, қарта - ұлттық тағамдарымыз...
ІІ. Мән-мағынаны тану кезеңінде
1.«Сематикалық карта» стратегиясын қолдандым.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша
|
Мектепалды дайындық топтарына бейімдеп қолдану.
|
«Семантикалық карта» стратегиясы оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жаңа сабақ кезеңінде жетік меңгеруін көздейді.
|
«Сематикалық карта сызбасына»
елдік нышандар суреттерін орналастыру арқылы тақырып бойынша берілетін жаңа ұғымдарды меңгерту.
|
- Балалар, қалай ойлайсыңдар Қазақстанда тек қазақтар тұра ма?
- Өзбек, орыс, қырғыз, тәжік, украйн, қытай
- Қазақстан - көп ұлтты ел. Олар бір- бірімен тату, дос. Әрбір елді бір-бірінен елдік нышандары арқылы ажыратамыз. Біз бүгін бізбен көршілес жатқан орыс, өзбек, қытай елдерінің ұлттық нышандарымен танысамыз,-деп
түсіндіре келіп «Сематикалық карта» стратегиясы сызбасына әр ұлттың елдік нышан суреттерін қою арқылы төмендегіше қолдандым.
Ұлттар
|
Елбасы
лары
|
Елтаңбасы
|
Тулары
|
Ақшасы
|
Ұлттық киімі
|
Ұлттық тағамы
|
Мейрам
дары
|
Қазақ
|
|
|
|
|
|
|
|
Орыс
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзбек
|
|
|
|
|
|
|
|
Қытай
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Әліппе дәптермен жұмыста «Болжау» стратегиясы» бойынша жұмыс жасалды.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша
|
Мектепалды дайындық топтарына бейімдеп қолдану.
|
«Болжау» стратегиясы» Берілген суреттер бойынша болжам жасап ой-пікірін жеткізеді. Не себепті екенін өз болжамы бойынша айтады.
|
Әліппе дәптерде берілген тапсырмаларды тәрбиеші түсіндіреді, балалар өз болжамдарымен орындап, айтады.
Ә. Дүйсеновтың «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін оқу.
Көршілес жатқан екі елді ата?
Әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес кілем түрін сызықпен қосу.
|
ІІІ. «Ой-толғаныс» кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясы бойынша 4 ұлттың туын 4 столға қойып, балалардың қолына ұлттық нышандар суреттері таратылып берілді. Балалар қолдарындағы суреттегі нышандар арқылы өз елінің Туы бейнеленген столға топтасады.
«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы бойынша
|
Мектепалды дайындық топтарына бейімдеп қолдану.
|
«Еркін жазу стратегиясы.» Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.
|
4 ұлттың туын 4 столға қойып, балалардың қолына ұлттық нышандар суреттері таратылып берілді. Балалар қолдарындағы суреттегі нышандар арқылы өз елінің Туы бейнеленген столға топтасады да, өз ұлттарының елдік нышандарын түсі, көлемі, пішіні туралы сипаттап, алда нені білгісі келетіні туралы айтады.
|
Балалар қазір біз әр түрлі ұлт өкілі болып тұрмыз. Біз тату доспыз ба? Олай болса тату достықтарымызды білдірейік. Балалар бір-бірімен құшақтасады. «Ағайынбыз бәріміз» әні айтылады.
«Қазақстан-ортақ үйіміз» - біз көп ұлтты Қазақстанда бақытты да, тыныш өмір сүріп жатырмыз.
Оқу-танымдық іс-әрекет – педагогикалық процесте баланың әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология ғылымдары балаларды білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл-ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Интеграциялық оқытудың қазіргі оқыту тәрбиелеу, білім беру жүйесінде балалардың дүние-танымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылды. Балалардың әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді. Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс балабақшада жан-жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Мектепке дейінгі мекемеде пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру –балаларға қарапайым ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты.
Интеграциялық оқытуда СТО технологиясы стратегияларын қолдану тиімділігі төмендегідей:
-қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;
-пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;
- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.
- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;
- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту;
Қорыта келгенде, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі жаста баланың оқу-танымдық іс-әрекетінің қалыптасуы мен дамуы, балалардың болашақ функционалдық сауаттылығының мазмұны болып табылады. Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім беру Заңы
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
арнаған Жолдаулары. 28.01.2011, 27.01.2012, 14.12.2012 ж.
3. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту»
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымда
№ 832 Қаулысы
4. Қ. Жарықбаев. Психология. Алматы. 1970 ж. 69-70 бет.
5. Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын арттыру.- Алматы , 2003-129б.
6. В. С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.
Алматы «Мектеп» 1986 ж.м
Достарыңызбен бөлісу: |