Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді –
Батырлардың жүрегі боп жанып тұр!
Олар – сенің таңғы шапақ, нұрың ғой!
Олар – сенің мәңгі асқақ жырың ғой!
Мәңгі алауға жиі барып әрдайым
Бас киімді қолыңа алып гүлін қой!
Қара бұлтқа орап басын Күн көкте !
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек те!
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырлады есіңде ұста, құрметте.
Қоңырат кентінің №18 орта мектебінің түлегі,мектепті бітіргеннен кейін әскерге шақырылады да, содан әскери міндетін Қыйыр Шығыста атқарып жүрген кезінде орталыққа шақырылып Ауғанстанға жіберіледі, 1980 жылдан бастап Пули –Хумри деген жерде әскери міндетін ерлікпенен өтеген ер мінезді,батыр жауынгер Мұхамедиев Бауыржан Мейірханұлы ағамызға сөз берейік:
(Ауғанда болған әңгіме...)
Келесі қонағымыз осы №18 орта мектебінің түлегі апайымыз Нұрғалиева Ләззат Мүбаракқызы. Мектептен кейін Балқаш қаласының Медициналық училищесіне түсіп медбике мамандығын алып шығады. Бауыры Самат
Ауғанда жауынгерлік борышын өтеп жүргенде 1980 жылдың 31 желтоқсанында қаза болады. Осы қайғылы оқиғадан кейін Ләззат Мүбаракқызы өз сұранысыменен 25 жасында 7 жастағы ұлын ата-анасына қалдырып Ауғаныстанға аттанады. 1986-1988 жылдар аралығында Ауған жерінің Джалалабад кентіндегі әскери емханасында медбике қызметін атқарған апайымыз Ләззат Мүбаракқызына сөз кезегін берелік:
(Ауғанда болған әңгіме...)
Балалар қойған сұрақтар: Ауған соғысын қалай еске аласыз?
Ауғанның қай жерінде ұрысқа қатыстыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |