1.нейтралдау реакциясында түрлі-түсті сынама қолданылады. Түрлі-түсті сынаманы өткізу үшін белгілі компонент – торша өсіндісіне (Игла немесе 199 қоректік орта) және вирусты материал түріне спецификалық сарысу қолданылады. Вирустың бөліктері антиденелермен нейтралданса бұл реакция нәтижелі деп саналады. Тіндік торшалар вирустармен зақымданбай өмір сүруге бейім қалпында қалса, олардың зат алмасуынан қышқыл заттар пайда болады. Сондықтан қоректік ортада рН төмендейді және оның қызыл түсі сарыға ауысады:
2. цитопатиялық әсерге байланысты нейтралдау реакциясы. Реакция компоненттері: бір қабатты торша өсіндісі, вирус құрайтын материал және белгілі түрге спецификалық сарысу. Вирустық антигендер антиденелермен нейтрализациялағанда тіндік торшалары бұзылмай қалады. Сондықтан, микроскопта цитопатиялық өзгеріс жоқ, мұндай реакция нәтижелі деп саналады.

3. вирустарда «бляшка» әдісімен үқсастыру және оларды анықтау. Бұл әдіс цитопатиялық әсерлі нейтрализация реакциясының модификациясы болып табылады. Реакция нәтижелі болғанда – дегенеративтік өзгерістер – бляшкалар бір қабатты торшаларда болмайды:

4. гемадсорбцияны тежеу реакциясында вирус нейтралдау антиденелер арқылы вирус түрлерін анықауға болады. Егер бір қабатты торшаларға зерттелетін вирус құрайтын материалды және белгілі түрге спецификалық сарысу енгізгеннен кейін қосылған эритроциттер тіндік торшалар бетіне адсорбцияланбаса, онда реакция нәтижелі деп саналады. Себебі, антиденелер вирустық бөліктерді нейтралдайды, тіндік торшалар зақымдалмайды және олардың сыртқы мембранасында вирустық гемагглютининдер жоқ. Сондықтан эритроциттер тіндік торшалардың мембранасында жиналмайды, гемадсорбция тежеледі. Теріс реакция кезінде антигендермен антиденелердің сәйкестігі болмағанда вирустар тіндік өсіндіні зақымдайды, торшалы мембранаға гемагглютининдер бекітіліп эритроциттер торша маңына жиналады.