200
№ 1(142)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
ISSN: 2616-6887, eISSN:2617-605Х
Иран мен Орталық Азия елдерінің көліктік-логистикалық саладағы...
қоса болжамдау тек осы аймақтағы елдердің
өкілдеріне ғана мүмкін болады. Орталық
Азия елдерінің сарапшылары, әрине, түрлі
зерттеулерге қатысады, бірақ, әдетте, бұл
шетелдік сарапшылардың қатысуы бар
көпұлтты жұмыс топтары болады. Орталық
Азиядан (шетелдік өкілдерсіз) және аймақтың
барлық бес елінен сарапшылар ғана қатысқан
зерттеу ерекшеленеді және нақты нәтиже
береді деуге болады.
Зерттеу еңбегінде геосаяси, жүйелік-
аналитикалық және тарихи, экономикалық
және социологиялық тәсілдерді біріктіретін
көпсалалы
тәсіл
ең
орынды
болып
таңдалды.
Халықаралық
құбылыстарды
жүйелі талдау және стратегиялық талдау
әдісі маңызды болып табылады. Зерттеу
әдістемесіне келетін болсақ, ол халықаралық
ынтымақтастықты
ұйымдастырудың
мәлімделген принциптерінен туындайды,
сондықтан зерттеуде неореалистік және
неолибералдық тәсілдерінің жиынтығына
сүйенеді. Орталық Азиядағы геосаяси
процестердің геоэкономикалық аспектілері
— энергетикалық және көлік дәліздерінің
саясаты және Орталық Азия мемлекеттері
үшін геосаяси үрдістердің алдын ала
қорытындылары зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: