Қырық құдық ауылы орта мектебі
«Бекітемін» «Қаралды» «Талқыланды»
Мектеп директоры Оқу ісі меңгерушісі ӘБ жетекшісі
Бекмагамбетов А.А Айгисова С.Е Балгабаева А.А
___________ ___________ ___________
«__»____2021 «__»____2021 «__»____2021
«Қызықты математика»
вариативтік компоненті
Сыныбы: мектепалды даярлық
МАД жетекшісі: Мұхит Н.М
Барлығы: 33 сағат, аптасына 1 сағат
2021-2022 оқу жылы
Түсінік хат
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау емес,осы материалды шығармашылықпен қолдау шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке тұлға қасиеттері қалыптасады.Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, дамытуға болады. Вариатив сабақтар дегеніміз- оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету,олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту мақсатында жүргізілетін сабақтар. Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп,адамгершілікке,ізгілікке, имандылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі. Бұл оқушының жекелеген пәнді игерудегі жетістіктерін одан әрі тереңдетіп,сол пәнге деген танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырып қана қоймай,олардың дүниетанымын кеңейтуге,есте сақтау қабілетін нығайтуға,тіл мәдениетінің дұрыс қалыптасуына,ойлау үрдісінің дамуына да септігін тигізеді.
Математика пәні бойынша вариатив сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті(дарынды) оқушылармен жұмысты жандандыруға болады. Сонымен қатар дидактикалық ойындар, (ұлттық ойындар)математикалық ребустарды, математикалық фокус,жаңылтпаштар,мақал-мәтел, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару,математикалық ертегілер,логикалық жаттығуларды орындау оқушының ақыл –ойын, қиялын, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі – 1 сағат.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы: 25-30 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |