"Қысқа мерзімді активтер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды



Дата27.02.2022
өлшемі19,03 Kb.
#133595
Байланысты:
типтік шоттар


"Қысқа мерзімді активтер" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
1000 - "Ақша қаражаты";
1100 - "Қысқа мерзімді қаржы активтер";
1200 - "Қысқа мерзімді дебиторлық берешек";
1300 - "Қорлар";
1400 - "Ағымдағы салық активтері";
1500 - "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер";
1600 - "Биологиялық активтер"
1700 - "Өзге қысқа мерзімді активтер".
1000 - "Ақша қаражаты" кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1010 - "Кассадағы ақша қаражаты", онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 - "Жолдағы ақша қаражаты", онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1030 - "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты", онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1040 - "Корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаты", онда корреспонденттік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1050 - "Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты", онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1060 - "Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаты", онда кассадағы, ағымдағы, корреспонденттік және жинақ шоттарындағы пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаты есепке алынады;
1070 - "Электрондық ақша қаражатын есепке алу", онда жүйеде электрондық ақша қаражаты есепке алынады;
1080 - "Өзге ақша қаражаты", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады;
1090 - "Ақшалай қаражаттың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві", онда ақша қаражатының құнсызданынан күтілетін кредиттік залалдарға бағалау резервтері есепке алынады.


1100 - "Қысқа мерзімді қаржы активтер" кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1110 - "Қысқа мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер", онда қысқа мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
1120 - "Қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер", онда қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер;
1130 - "Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер", онда қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
1140 - "Туынды қаржы құралдар", онда туынды қаржы құралдар, онын ішінде енгізілген, есепке алынады;
1150 - "Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар", онда мыналар:
акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;
қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы, инвестициялары сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1160 - "Өзге қысқа мерзімді қаржы активтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы активтер есепке алынады;
1170 - "Қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві", онда қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын күтілетін кредиттік залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады.



1200 - "Қысқа мерзімді дебиторлық берешек" кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1210 - "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1220 - "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар мен еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1230 - "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1240 - "Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1250 - "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", онда қызметкерлердің:
активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар;
қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1260 - "Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек", онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
1270 - "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;
1280 - "Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві", онда қысқа мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
11. 1300 - "Қорлар" кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1310 - "Шикізат және материалдар", онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттары мен материалдар есепке алынады;
1320 - "Дайын өнім", онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;
1330 - "Тауарлар", онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1340 - "Аяқталмаған өндіріс", онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
1350 - "Өзге қорлар", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
1360 - "Қорлардың құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резерві", онда қорлардың құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
1370 - "Қорларды қайтару құқығы бар актив", онда күтілетін қайтарулар бөлігінде қорлардың өзіндік құны есепке алынады.
12. 1400 - "Ағымдағы салық активтері" кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1410 - "Корпоративтік табыс салығы", онда бюджетке артық төленген корпоративтік табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпоративтік табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
1420 - "Қосылған құн салығы", онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі;
1430 - "Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер", онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге және (немесе) есепке алуға жататын өзге де салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.
13. 1500 - "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер" кіші бөлімі, егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1510 - "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер", онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;
1520 - "Сатуға арналған істен шығатын топтар", онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт;
1530 - "Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің (немесе істен шығатын топтардың) құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері", онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің (немесе істен шығатын топтардың) құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
14. 1600 - "Биологиялық активтер" кіші бөлімі ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1610 - "Өсімдіктер";
1620 - "Жануарлар";
1630 - "Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві", онда биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
15. 1700 - "Өзге қысқа мерзімді активтер" кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1710 - "Берілген қысқа мерзімді аванстар", онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайындығы бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
1720 - "Алдағы кезеңдердің шығыстары", онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т.б.) есепке алынады;
1730 - "Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтер", онда клиенттермен жасалған шарттар бойынша қысқа мерзімді активтер есепке алынады;
1740 - "Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері", онда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша қысқа мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
1750 - "Өзге қысқа мерзімді активтер", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет