Қысқамерзімді жоспар



бет41/57
Дата25.01.2023
өлшемі6,69 Mb.
#166411
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
Байланысты:
Биология. 8-сынып. 3-токсан

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Көру рецепторлары көздің қай қабатында орналасқан?
2.Көру рецепторлары
қандай тітіркендіргіштерді қабылдайды?
3. Құлақтың қай бөлімінде есту рецепторлары орналасқан?
4.Есту рецепторлары қандай тітіркендіргіштерді қабылдайды?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы-3 балл
1. Көздің торы қабығының құрылысын сипаттайды.

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру




Білу, түсінк және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады

1.Көздің торлы қабығының құрылысн сипаттайды. Таяқшалар не үшін керек, ал құтышалар ше?

2. Есту рецепторларында қозу неге байланысты жүреді және олар қайда орналасқан?
3. Сары дақ пен соқыр дақтың ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.
4. Есту рецепторлары және вестибула аппараттың арасындағы байланысты сипаттайды. Олар механорецепторлар екеніне дәлел келтіреді.

Дескриптор:
Жалпы-3 балл
1.Суретті талдайды.
2.Сұрақтарға жауап береді.
3. Тапсырманы орындап, сипаттайды.



ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.




Талдау және синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады

1. Есту анализаторлары арқылы дыбыс,механикалық, электрлік (жүйке импульсі) толқындарының өту сатыларын талдайды. Мұның есту мүшесі арқылы өту айырмашылығы неде?
2. Есту анализаторы арқылы дыбыс, механикалық және электрлік (жүйке импульсі) толқындарының өтуін сызба түрінде бейнелейді.
3. Фоторецепторларды критерийлері бойынша жүйелейді: пигмент типі, торлы қабықтағы орны, жарықты қабылдау, түстерді қабылдау сапасы мен ерекшелігі.
4. Оларды салыстырады және кестеге түсіреді.
5. №13 зертханалық жұмыс. Түстерді алмастыра отырып, соқыр дақты анықтайды.

Дескриптор:
Жалпы -3 балл
1. Тапсырмаларға жауап береді.
2. 258 беттегі зертханалық жұмысты орындайды



ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет