Мұғалім: Кіріспе. «Барлық істің басшысы- білім мен ұғым» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай егеменді елдің тірегі-білімді ұрпақ .Демек, болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.Қай елдің болмасын өсіп -өркендеуі , өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Бүгінгі көкейтесті мәселе – білім сапасын арттыру.
Осыған орай , Қазақстан Республикасының тұңғыш оқу халық комиссары Ахмет Байтұрсыновтың ойы ойға оралады . Ұлт ұстазының « Мектептің жаны –мұғалім . Мұғалім қандай болса , мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса , білген білімін басқаға үйрете білетін болса ,ондай мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң , ең әуелі мектепке керегі –білімді ,педагогика, методикадан хабардар , оқыта білетін мұғалім» дегеніндей, мұғалім міндеті мен жүктемесі қоғам талабына сай болуды қажет етеді.
Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түспейтін адамзаттың мәңгілік тақырыбы.
Адам болып қалыптасу үшін қыруар уақыт пен тер төгетін зор еңбекті қажет ететін аумағы кең , жауапкершілігі мол тірлік екенін ұқтырса керекті . Бала тәрбиесі қоғамнан тыс ,оқшау тұрған құбылыс емес. Ол- қоғамның , заманның бағыт-бағдарымен, тыныс –тіршілігімен бірге жүріп отыратыны белгілі.
ХI. Ұлттың жаңа болмысы
Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.
Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады.
Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын.
Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек.
Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді.
Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды.
Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн.
Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет.
Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.
Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек.
Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.
Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.
Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру. Сондай-ақ ұлт сапасын арттыруға атсалысу.
Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек.
Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Жауапсыздық, немқұрайдылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады. Ал бос сөзділік пен бөспелік, мақтаншақтық қоғамның дамуын тежейді. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шынның бетін бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті болып отыр.
Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн.
Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2020 жылғы 1 қыркүйек
Достарыңызбен бөлісу: |