Қысқаша лекциялар жинағы



бет1/25
Дата31.12.2021
өлшемі349 Kb.
#107394
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Қысқаша лекциялар жинағы
Қысқаша лекциялар жинағы



Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

Ф 15-38-2/020



Оқу-әдістемелік кешені

Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма

беттің беті


СМЖ «Оқу-әдістемелік»

ҮК НҮ 07-2011

Баспа 3. Дана №1





Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі

«Биология» кафедрасы

«Биофизика» пәні бойынша

ЛЕКЦИЯЛАР

жинағы


Тараз 2019 ж.

Қысқаша лекциялар жинағы

1 лекция.



Кіріспе. Биофизика пәнінің даму тарихы. Биофизиканың зерттеу әдістері. Биофизиканың даму перспективалары

Биофизика пәні – тірі организм, ұлпа, жасушаларда өмір сүру процесінің негізі болып табылатын физикалық, физико-химиялық құбылыстарды және физикалық факторлардың организмге әсерін зерттейтін биологиялық ғылым болып саналады.

Биофизика пәні – физикамен, химиямен экологиямен, математика, информатика, физиология, молекулалық биология, цитология, генетикамен т.б. пәндермен тығыз байланыста дамып келе жатқан эндогенді және экзогенді факторлардың әсерінде болатын биологиялық жүйелердің молекулалық және физико-химиялық қасиеттерін зерттейді.

Биологиялық физика тірі ағзада өтетін физикалық, физико-химиялық процестерді, тірі зат құрылысын және биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын, сонымен қатар молекула қасиеттерін, оларда өтіп жататын процестер мен энергияны, ағзада басқару жүйесінің ішкі байланысын зерттейді.

Биофизика курсы студенттерді биофизиканың негізгі түсініктерімен және заңдылықтарымен, тірі жүйелерге физика заңдарының қолданылуымен таныстырып, биолог маманның іргелі-теориялық базасын қалыптастырады.

Курстың мақсаты – студенттерге биофизикалық процестердің ерекшеліктері мен объектілері жайында, биологиялық процестер мен құбылыстарға негізгі биофизикалық тәсілдерді қолданылуы жайында тереңдетілген білім беру, биофизиканың негізгі заңдары мен принциптерімен, биофизиканың теориялық тәсілдерімен және биофизиканың қолданбалы аспектілерімен таныстыру.

Сондықтан бұл пән физикалық заңдылықтарды биологиялық құбылыстарға қолдану мүмкіншіліктері жайында, макромолекулалардан биогеоценозға дейінгі құрылымның барлық деңгейлерінде процестердің даму ерекшеліктері жайында, қазіргі биофизиканың мәселелері мен оның даму перспективалары жайында, білім беретін теориялық және іргелі пән болып табылады.

Ұсынылып отырған «Биофизика» пәнінен оқу құралы: кіріспе, биологиялық жүйелердің термодинамикасы, биоэлектрлік потенциалдар, биологиялық жүйелердің электрөткізгіштігі, биообъектілерге физикалық факторлардың әсері, лазер сәулесінің ғылым мен практикада қолданылуы, иондаушы радиация, қан гидродинамикасы бөлімдерінен және тест сұрақтарынан тұрады. Ионизациялық сәулелердің биологиялық жүйелерге әсері аса жоғары және күрделі, өйткені олар түскен тірі ортада иондау процесі жүріп, активтілігі жоғары еркін радикалдар түзіледі. Бұл радикалдар тірі жүйеге тән химиялық, биологиялық реакциялардың ретін, жүру тәртібін бұзып, ағзаға тән емес функционалдық және морфологиялық өзгерістерге душар етеді.

Биофизика жаңа физикалық зерттеу әдістерімен, приборларды өндіріске енгізу, өте тез өтетін физиологиялық процестерді дәл анықтап есептеуде, сонымен қатар протоплазма компоненттеріндегі өтіп жататын химиялық энергияның оның басқа түрлеріне айналуын анықтап есептеуде өте үлкен роль атқарады. Биофизика - экспериментті теориялық және қолданбалы ғылым.

Осы курсты оқыту барысында білімгерлер: теориялық және қолданбалы биофизиканың теориялық және методологиялық негіздерімен тіршіліктің физикалық және физико-химиялық көріністерімен олардың реттелуін биологиялық жүйелердің термодикнамикасының негізгі ұғымдары жайында; биоэлектрлік потенциалдары генерациялау механизмдерін; жасушаға физикалық факторлар әсерінің механизмдерін; организмнің функционалдық күйін бағалауда биофизикалық тәсілдерді меңгерулері керек және алған териялық білімдері мен дағдыларын практикалық және ғылыми – зерттеу жұмыстарында қолдана білулері тиіс. Пән бойынша жүргізілетін практикум сабақтар биофизиканың барлық бөлімдерін қамтыған.


2 лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет