&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


салдарынан құлдардың көбі азаппен өлді. Бұған дейін миллиондаған



Pdf көрінісі
бет355/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

салдарынан құлдардың көбі азаппен өлді. Бұған дейін миллиондаған
африкалық өздерін құлдыққа түсіру үшін тұтанған соғыста немесе
Африканың ішкі аймақтарынан Америка жағалауына дейінгі ұзақ жол
үстінде қырылған еді. Мұның бәрі еуропалықтар кәмпит тістеп, тәтті
шай сораптап отыру, ал қант барондары қалталарын ақшамен қампита
беру үшін ғана жасалды.
Мемлекеттер құл саудасына бақылау жасамады. Бүл сүраныс пен
ұсыныс заңы бойынша еркін нарық ырқы ұйымдастырып, қаржылан-
дырған таза экономикалық жоба еді. Құл саудасымен айналысатын
жеке компаниялар Амстердамның, Лондон мен Париждің биржала-
рында акцияларын сатты. Оларды қаржы-қаражатын пайдалы іске
жұмсау мүмкіндігін іздеп жүрген еуропалық орта тап сатып алды. Түс-
кен ақшаға компаниялар кемелер жасап, теңізшілер мен солдаттар-
ды жалдады. Африкадан құлдар сатып алып, Америкаға жеткізді. Сол
жақта олар құлдарды сатып, түскен ақшаға плантаторлардың қант, ко­
кос, кофе, мақта сияқты өнімдерін сатып алды. Еуропаға келген соң
қант пен мақтаны көтеріңкі бағамен өткізіп, қайтадан Африкаға аттан-
ды. Бұл акционерлердің көңілдерін көншітті. XVIII ғасырда құл сауда-
сы салымшыларға жылдық табыстың 6%-ын әкелді - мұның тым тәуір
пайда екенін кез келген қаржы кеңесшісі біледі.
Еркін нарық кеңістігінде бір кілтипан бар еді: ол пайданың адал
жолмен табылатынына немесе әділ бөлінетініне ешқашан кепілдік
бере алмайды. Керісінше, пайданы өсіре түсуге тырысу адамдардың
кез келген этикалық нормаларға көз жұма қарауына алып келеді. Өсім
адамгершіліктің кез келген талабынан биік түратын шүбәсіз игілік екені
жарияланған кезде бізге кесапат төніп, кесір үйіріле бастайды. Кейбір




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет