Исенбаева Гульзира
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау 5 елдімекен № 9 «Бәйтерек» балабақшасы, бейнелеу пәні маманы
Сиқырлы кемпірқосақ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу
Мақсаты: Көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту, ТРИЗ технологиясы бойынша балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: кемпірқосақ суреті, үлестірмелі материалдар, акварель бояу, қылқалам, ысқыш, су.
Сөздік жұмысы: көкжиек, күлгін, қызғылт, көгілдір, доғал, жолақ, түстерді үш тілде айту.
Әдіс – тәсілдер: ТРИЗ технологиясыкөрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Әрекет кезеңі
|
Педагогтің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті.
Сәлем сөздің анасы дегендей қонақтармен амандасып алайық
Бүгінгі ашық оқу қызметіміз сәтті және көңілді өту үшін жылулық шеңберін жасайық.
Шаттық шеңбері Жаңбыр бітті алақай
Далаға шық балақай
Кемпірқосаққа қара
Әрбір түстерін сана Бірінші түсі оның қызыл қызғалдақтай
Екінші түсі оның қызғылтсары балдай
Үшінші түсі оның сап-сары тарыдай
Төртінші түсі оның жасыл жапырақтай
Бесінші түсі оның көгілдір аспандай
Алтыншы түсі оның көк көлдің суындай
Жетінші түсі оның көгілдір орамалдай
|
Үлкенгеде «Сіз»
Кішігеде «Сіз»
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз «Біз»
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлеңге байланысты қимыл-қозғалыс жасайды.
|
|
|
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
Ал сендер кемпірқосақтың қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Ол қай кезде пайда болады?
Жаңбырдан соң доға тектес 7 түсті кемпірқосақ пайда болады.Кемпірқосақ қайдан пайда болады деген сұраққа мына слайд арқылы жауап іздейік. (СЛАЙД арқылы кемпірқосақ туралы толық мағлұмат беру).
|
-Күз.
-Қыс мезгілі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |