Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы жоғары оқу орындарының білім алушыларына шетел жоғары оқу орнында бір семестр болуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама екі жаққа жол жүру, медициналық сақтандыру, визаны рәсімдеу және 120 күн ішінде тұру шығындарын өтейді. Академиялық ұтқырлық географиясына Еуропалық Одаққа кіретін Болон процесіне қатысушы елдер кіреді: Болгария, Германия, Греция, Испания, Италия, Литва, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Франция, Чехия.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға үлгерімі жоғары және шет тілін еркін меңгерген бакалаврдың 2-3 курс студенттері жіберіледі.
Қатысу үшін халықаралық үлгідегі тілдік сертификаттың міндетті болуы басты талап болып табылады (IELTS, TOEFL, OnDaF, DELF, TCF, Goethe-Zertifikat)!
ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚМУ студенттері шетелде
Чехия жаратылыс ғылымдары университеті, Прага, Чехия
Достарыңызбен бөлісу: |