Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы



бет2/2
Дата26.03.2020
өлшемі1,3 Mb.
#60859
1   2
Байланысты:
ҮІІІ тарау


36 сурет Радий белсенді иодты еңгізгеннен кейінгі

қалқанша бездің сканограммасы


А - қалқанша бездің қалыпты түрі

Б - қалқанша без көлемінің үлкейіп белсенді йодты артық сіңіруі



Зертханалық және құрал – жабдық арқылы тексеру әдістері. Бұл ауруға тән белгілердің бірі қанның құрамында үш – йод – тиронинмен тироксин, ақуызбен байланысқан йод көбейеді. Негізгі зат алмасу дәрісі жандана түседі. Сырқаттың ауыр түрі асқынған кезде қанда ақ түйіршіктердің саны кеміп, кейде эритроциттер азаяды. Қандағы жалпы ақуыздың, холестериннің мөлшері артады. Сканирлау өткізгенде қалқанша без таңбаланған атомды әдетегіден көп сіңіреді. Ультрадыбыспен, белсеңді радиоизотоппен және рентген сәулесімен тексергенде қалқанша бездің ұлғайып, кейде өңешті, кеңірдекті шаншып тұрғанын анықтауға болады.

Дерт анықтамасы. Науқастың шағымдарына, клиникалық тән белгілеріне сүйене отырып диагноз қойылады. Тұқым қуалаушылық мәнбірінде ұмытпау керек. Нақты диагнозды қоюға зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеріс әдістері көмектеседі. Зертханалық тексерісте қанда қалқанша без гормондарының мөлшерлерінің көбейгені анықталынады

Емі. Уытты жемсауға шалдыққандардың емдеу тәсілдері бірнеше топқа бөлінеді. Ең кең қолданылатын тәсіл – дәрі – дәрмек пен емдеу. Емнің негізгі қағидасы – қалқанша безінің гормондарының бөлінуін азайту. Осы себеппен қалқанша безге әсер ететін имидазол туындылары қолданылады (мерказолил, тиамазол). Бұл препараттар қалқанша безде гормондардың түзілуін бәсеңдеті, олардың қандағы мөлшерін азайтады. Науқас бұл дәрілерді эутиреоидтық жағдайға жеткенше ішуге тиісті. Аталған дәрілер ұзақ уақыт қолданылғанда ғана нәтиже беретінін ескерген жөн. Антиденелерді азайту үшін уытты жемсауды ұзақ уақыт қолданылғанда ғана нәтиже беретінін ескерген жөн. Көбіне преднизолон қолданылады. Емдеу курсы 6 – 8 апта. Бұл дәрілердің қанның құрамына, ас қорыту жүйесіне, жүрек – тамыр жүйесіне кері әсері болатынын есте ұстаған жөн. Ондай әсер байқалса, емдеуді тоқтату керек. Уытты жемсауға қарсы йодты дәрілерде қолданылады. Олар аурудың жеңіл түріне, науқасты операцияға дайындау кезеңінде және тиреотоксикоз кризіне шипалы. Бірақ йодты препараттармен (Люголь тамшысы, ди – йод - тирозин) ұзақ уақыт емдеуге болмайды. Сонымен қатар радиобелсенді йодпен емдеуді де қолданады. Бірақ радиобелсенді йод қалқанша безді, басқа да ағзаларды ауыр зақымдайтындықтан өте сирек пайдаланылады. Жүрек – тамыр жүйесінің қызметі бұзылғанда емге анаприлин, обзидан, индерал дәрілері қолданылады. Олар жүректің тиреодтық гормондарға сезімталдығын төмендетеді де жұмысын жақсартады (жүректің қағуын бәсеңдетеді, артериялдық қан қысымды төмендетеді).

Алдын алуы. Жағдайына байланысты диспансерлік тобына бөлініп, эндокринологта «Д» тізімінде тұрады. Көрсеткіштеріне байланысты офтальмолог және хирургте қаралады. Диспансерлік нұсқай бойынша қандағы Т3, Т4, ТТГ гормондары және жалпы қан анализі тексеріліп отырады. Бұл науқастар жеке басқа арналған жұмыс істеу және демалу тәртібін сақтау керек.


Гипотиреоз
Гипотиреоз – қалқанша бездің сөл бөлу қызметінің нашарлауымен сипатталатын ауру. Гипотиреозбен жас шамасы әртүрлі адамдар ауырады, сонымен қатар оның тума түрі де кездеседі. Жиірек жасы ұлғайған әйелдерде кездеседі. Бұл сырқат миседема деп те аталады. Кәзіргі ұғым бойынша, микседема деп гипотиреоздың ең ауыр түрі ғана аталуға тиісті.

Этиологиясы мен патогенезі. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептің бірі бездің өзіндік торшаларының зақымдануы. Көбінесе без қабыну дәрісі мен зақымдалады. кейде ағзада қалқанша безді зақымдайтын антиденелер түзіледі де, соның салдарынан без торшалары семіп қалып, олардың арасын дәнекер тін басып кетеді. Сонымен қатар гипотиреоз ағзаға йод жеткіліксіз болғандықтан және қалқанша безінің гормон бөлу қабілеті жоғары болған науқастан дұрыс емделмегендіктен дамиды. Кейде гипотиреоз бездің дұрыс дамып жетілмеуімен де байланысты болады. Бұл гипотиреоздың бірінші түрі. Гипотиреоздың екініші түрі гипофиз зақымдалып, тиреотропин гормоны аз бөлінгендіктен дамиды. Әдетте бұл гормон қалқанша безде үш – йод – тиронин және тироксин түзілу дәрісін реттеп отырады. Тиреотропин аз бөлінсе, қалқанша бездің қызметі нашарлап, біртіндеп семіп қалады. Ал аурудың үшінші түрі гипоталамус зақымдалып, тиролибериннің аз бөлінуімен байланысты. Тиролибирин аз болса, гипофиз тиреотропинді аз бөледі. Қалқанша бездің өзінің зақымдануынан оның гормон бөлу қабілеті төмендейді. Қанда осы бездің гормондарының мөлшері (үш – йод – тиронин, тироксин) азаяды. Бұл гормондардың жеткіліксіздігінен зат алмасу дәрісі төмендейді, яғни, ақуыздың түзілуі бәсеңдейді, қанда глюкоза азаяды, ал майлы затты, холестерин көбейеді. Денеге су мен тұздар жиналып, лимфа тамырларының өткізгіштігі артып, терінің шырышты қабықтарының асты сусінділеніп ісік пайда болады.

Клиникалық бейнесі. Науқас адам соңғы кезде ұмытшақтық, селқостық пайда болғанын, жұмысқа қабілеті төмендегенін айтып, ұйқышыл және тоңғақ болып кеткеніне шағымданады. Ол тез шаршайды, тамаққа тәбеті төмендейді, науқастардың кейбіреуінде дауысы өзгереді. Олар толық, баяу қимылды, селқос келеді. Беті ісініп, домбығады, көзінің шарасы кішірейеді. Кейде аяқ – қол сусінділеніп, ісінеді. Терісі боз, сипағанда құрғақ, қалың және салқын екендігі сезіледі. Шынтақ пен тізе тұсінің терісі ерекше қабыршақтанып тұрады. Шашы, қасы түсіп, тырнақтары жұқарып, сынғыш келеді. Орталық жүйке жүйесінің қызметінің зақымдануына байланысты науқаста ұмытшақтық, ұйқышылдық, селқостық білінеді. Шетті жүйке жүйесінің өзгеруінен аяқ – қолы сырқырайды, бұлшық еттері ісінеді, аяғы ауырлап, жүруі қиындайды. Тыныс алу жолдарының шырышты қабаты сусінділене ісініп, науқастың дауысы өзгереді. Гипотиреозға тән белгілердің бірі – жүректің жиырылу қабілеті нашарлағандықтан жүрек соғуының сиреуі. Нәтижесінде тамырларға айдалатын қанның көлемі кеміп, бүкіл ағзада қан ағысы баяулайды. Жүрек ұлғайып, соғу дыбысы бәсеңдейді. Тамырдың соғуы әлсізденеді. Гипотиреозбен ауыратын науқастардың ас қорыту мүшелеріде зақымдалады. Науқастың тілі ісініп, ұлғаяды, оның жиегінде тістердің ізі болуы мүмкін. Науқастың тістері үгіліп, сынғыш келеді. Ас қорыту жолының шырышты қабықтары ісініп, сөл бөлу қабілеті төмендейді, ішкен ас баяу қорытылып, нашар сіңіріледі. Аспен сіңірілетін темір мөлшері азайып, қан аздық дамиды. Бүйректе қан айналымы нашарлап, зәрдің сүзілуі бұзылады. Әйел адамдардың етеккірі азайып, сирейді. Сырқат асқынған кезде етеккірі мүлде тоқтап, бедеу болып қалады. Ер адамдар белсіздікке ұшырайды.


37 сурет Гипотиреоз сырқатына тән

науқастың бет пішіні



Аурудың дамуы. Сырқаттың барысы мен айқындығы қалқанша без гормондарының қандағы мөлшеріне байланысты. Гипотиреоздың жеңіл, орташа және ауыр түрлері болады. Гипотиреоздың ең ауыр асқыну зардабы – гипотиреоидтық команың дамуы. Комаға ұшырағандар есінен танады, дене қызуы 24 – 250 төмендейді, брадикардия, гипотония дамиды, уақытында көмек көрсетілмесе өлімге әкеп соғады.

Зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері. Жалпы қан анализінде қан аздық байқалып, ЭТЖ баяулайды. Жалпы зат алмасу дәрісінің көрсеткіші төмендейді. Сырқатты айқындау үшін қандағы үш – йод – тиронин мен тироксиннің, тиреотропиннің мөлшерін анықтайды ( айтылған гормондардың мөлшері азаяды). Сканирлау әдісінде қанда ақуызбен байланысқан йод азайып, қалқанша без таңбалы атомды нашар сіңіреді. Ультрадыбыспен зерттегенде қалқанша бездің көлемінің кішірейгені анықталады.

Дерт анықтамасы. Науқастың шалдыққан шағымдарын ескере отырып, қандағы гормондардың мөлшерінің азаюына және сканирлау, ультрадыбыс тексерістерінің нәтижесіне сүйене отырып, диагноз қойылады.

Емі. Гипотиреоздың емдеу қағидасы - алмастыру емін жүргізу. Сол себептен аурудың түріне байланысты тиреоидтық дәрілерін қабылдайды. Сырқаттың асқынбаған түрінде тиреоидтық дәрілерді аз мөлшерден бастап біртіндеп көбейтуге болады. Емнің мақсаты – науқасты эутиреоидтық жағдайға жеткізу. Бұл мақсат орындалғанның өзінде де, науқас дәрінің аз мөлшерін үзбей ішіп жүргені жөн. Қазір көбіне гормондардан тиреоидин, тиреокомб, үш – йод – тиронин, L – тироксин қолданылады. Науқаста эутиреоидтық жағдай қалыптаса келе дәрі осы жағдайға сәйкес мөлшерде ғана берілуге тиісті. Бұл кезде берілетін дәрінің тәуліктік мөлшері науқастың жағдайына байланысты әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Бұл дәрілерді науқас өмір бойы үзбей ішіп жүруге мәжбүр болады, өйткені дәріні қабылдамаса, ауру қайта асқынады. Бұл дәрілерді таңертең немесе түске дейін ішкен тиімді.

Эндемиялық жемсау
Эндемиялық жемсау дегеніміз – арнайы жерлердің тұрғындарында, топырақ пен суда йод жеткіліксіз болғандықтан дамитын қалқанша бездің ұлғаюы. Негізінде таулы жерлерде көп кездеседі: Кавказда, Уралда, Орта Азияда, Алтайда. Көбінесе әйелдер ауырады.

Патогенезі. Ағзаға сумен, тағамдармен, өсімдіктермен йодтың жеткілікті мөлшерде түспеуінен қалқанша бездің тиреоидты гормонының шығарылуы азаяды. Осы себептен қалқанша бездің көлемі үлкейеді. Бездің салмағы 40 – 60 г дейін өседі (қалыпты салмағы 35 г). Бірақ осы өзгерістерге қарамастан қалқанша бездің қызметі бұзылмайды. Негізгі зат алмасу дәрісі қалыпты түрде жүреді.

Клиникалық бейнесі. Эндемиялық жемсаудың клиникалық көрінісі жемсаудың пайда болуымен, оның көлемімен және орналасуымен сипатталады. Көлемінің өзгеруіне байланысты түйінді, диффузды және аралас түрлері болады. Эндемиялық аудандарда тұратын кейбір тұрғындарда бездің біртіндеп сәл ұлғаюы жиі кездеседі, бірақ ауытқулар болмауы мүмкін. Ал кейбір тұрғындарда бездің мөлшері қатты ұлғайып, ауруға әкеп соғуы мүмкін. Көлемі үлкейген жемсау жан – жағында жатқан мүшелерді (кеңірдек пен жұтқыншақ) қысып, олардың қызметін бұзады. Бұл кезде науқастың дауысы қырылдап, жөтел білінеді, дем алу дәрісі бұзылады, тұншығу ұстамасы пайда болады. Өңеш қысылған жағдайда жұтудың бұзылуы байқалады. Мойын көк тамырлары қысылса қан айналымы бұзылады: тері асты көк тамырлары кеңейеді, науқас басын еңкейткенде кернеген сезім пайда болады, беті домбығады. Тамырлар механикалық түрде қысылғаннан дем алу дәрісі бұзылып, кіші қан айналым шеңберінде қан тұрып қалады. Осы себептен “жемсаулық жүрек” белгілері дамиды, яғни жүректің оң жақ бөлігінің гипертрофиясы байқалады. Жемсау жүйке бағандарын қысса, науқастың дауысы қарлығып шығып, көз саңылаулары өзгеріп, көз қарашығы кеңейеді. Қалқанша бездің қызметінің жағдайына байланысты эутиреоидты, гипертиреоидты және гипотиреоидты жемсау болып бөлінеді. Жиі кездесетін эутиреоидты жемсау қалқанша бездің қызметі қалыпты түрде болуымен өтеді. Бірақ эутиреоидты жемсауы бар адамдарды толық дендері сау деп санауға болмайды. Өйткені олардың жүрек – тамыр, жүйке және тағыда басқа жүйелерінің қызметтері аздап болса да қалыпты түрден ауытқуы байқалады. Таулы аймақтың тұрғындарында гипотиреоидты жемсау жиі байқалады. Көбінесе түйнекті түрінде болады. Далалы аймақтың тұрғындарында диффузды жемсау жиі кездесіп, гипертиреоз белгілерімен сипатталады. Гипертиреоз дәрежелері әдетте аса көп емес және аздаған жүректің жиі қағуымен, көз алмасының сәл шығып тұруымен, арықтаумен, саусақтардың аздаған дірілдеуімен өтеді.

Дерт анықтамасы. Эндемиялық аудандарда тұратын тұрғындарда қалқанша безінің ұлғаюы негізінде эндемиялық жемсау диагнозы қойылады. Эндемиялық пен диффуздық уытты жемсауды салыстырғанда гипертиреоздың аздап дамуы мен науқастың эндемиялық ауданнан екендігі есепке алынады. Тиреоидитпен салыстырғанда эндемиялық жемсауда қабыну белгілері байқалмайды. Зертханалық тексерісте қанда йодтың мөлшері төмен болады. Ультра дыбыс арқылы тексеріс қалқанша безде коллоид тінінің көбейгенін анықтайды.

Емі. Эндемиялық жемсаудың алғашқы кезеңдерінде емдік шаралар 0,25% калий йодидінің ерітіндісін енгізумен немесе антиструмин таблеткасын ішумен жүргізіледі. Гипотиреоздың дамуы қалқанша безінің гормон дәрілерін қолдануға мәжбүрлейді. Бұл гормондар қалқанша безінің жеткіліксіздігі белгілерін жойып қана қоймай, сонымен қатар оның гиперплазиясын азайтады. Үлкен жемсау мойындағы мүшелерді қысқанда, түйнекті жемсаудың қатерлі ісікке ауысқанында хирургиялық емді қажет етеді.

Алдын алуы. Біріншіден кешенді ем жүргізеді – тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру керек. Йоды аз жерлерде йодталған тұзды (1г тұзға 10 г калий йодиді) кең түрде қолдануға кеңес беріледі. Сонымен қатар осы жерлерге балықтар және құрамында йоды көп теңіз тағамдарын жіберіп отырады. Тағамдардың құрамында организмде йодты ұстап қалатын микроэлементтер жеткілікті болуына тырысу керек. Қалқанша безінің көлемі қалпына келгенде, калий йод препаратын алдын алу мөлшерде тағайындайды. Науқастар диспансерлік тізімге алынып, нұсқау бойынша қаралып отырады.

Қант сусамыры
Қант сусамыры (қантты диабет) – деген аурудың аты гректің “diabino”(өту, өтіп кету) және “mellits” (тәтті) деген сөздерінен шыққан.Бұл созылмалы сырқат. Қант сусамырына шалдыққан адамның зәрінің дәмі тәтті екендігін көне замандағы дәрігерлер білген. Сырқаттың нәтижесінде ұйқы безінің шығаратын инсулин гормонының жеткіліксіздігі жатыр. Инсулин тапшылығынан зат алмасу дәрісі, әсіресе көмір сулардың химиялық ажырауымен денеге сіңуі бұзылады. Соның салдарынан қанның құрамындағы глюкозаның мөлшері жоғарылап, ол зәрмен бөлінеді, зәрдің тәтті болады. Қант сусамырында ұйқы безі зақымдалып, көмір сулар алмасуы өзгергендіктен дамитынын ғылыми тәжірибе арқылы дәлелдеген О. Минковский мен И. Меринг (1889 – 1892 жж) болатын. Бұлардан бұрын 1869 жылы П. Лангерганс ұйқы безінен бір топ ерекше торшаларды тауып, олардың қызметі бездің басқа бөліктерінен өзгеше екендігін айқындаған. Кейін бұл торшалар тобы Лангерганс аралшасы деп аталды. Осы Лангерганс аралшасындағы В – торшалардың қанға шығаратын сөлін (гормонын) сорып алып, безін алып тастаған жануарларға еккенде, зат алмасу дәрісіндегі өзгерістер қалпына келетіндігі дәлелденді. 1921 жылы канадалық ғылымдар Ф. Бантинг пен Г. Бест ұйқы безінің В – торшаларынан гормон бөліп алып оны инсулин деп атады. Қант сусамыры кең тараған аурулардың бірі. Ол жер шарының барлық аймақтарында кездеседі.

Этиологиясы мен патогенезі. Қант сусамырының басты себебі ұйқы безіндегі В – торшалары зақымдалып, олардың инсулин бөлу қызметінің нашарлауы болып табылады. В – торшаларының қызметі көбіне жұқпа немесе психикалық жарақаттан кейін бұзылады. Кейде ұйқы безі қабынғанда немесе бездегі қан айналысы бұзылғанда дамиды. Бұл аурумен науқастардың көбінде осы ауруға тұқым қуалайтын бейімділік байқалады. Зат алмасу дәрісіне басқа да іш сөлденіс бездерінің гормондары әсер етеді. Олар қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарылатады. Бұл жағдайда инсулиннің мөлшері жеткілікті болғанның өзінде, көмірсулардың ыдырауы және сіңуі қиындайды. Сырқаттың дамуына әсер ететін мәнбірлерге семіздік, ұйқы безінің улы заттар мен улануы, ұзақ уақыт көмірсулар алмасуына әсер ететін дәрілерді қолдану және т.б. жатады. Осы айтып кеткен себептердің әсерінен қанда инсулиннің мөлшері азайып, көмірсулардың ажырауы және олардың торшаларға сіңуі, глюкозадан гликогеннің, майлы заттардың түзілуі бұзылады. Сондықтан қанда глюкоза көбейеді. Бүйректің өзекшелерінде қайта қанға сіңірілмегендіктен глюкоза зәрмен бөлінеді. Қант сусамырында көмірсулардың ыдырауы бұзылғандықтан денедегі әрбір мүшенің құрамына кіретін, әр торшаның тіршілігіне қажет ақуыздың түзілуі төмендейді. Көмірсу дәрісінің бұзылуымен қатар майлы заттардың алмасуы да бұзылады. Қанда майлы қышқылдар түзілуі баяулайды, ал бос майлы қышқылдар көбейеді. Бауырдың құрамында болатын гликоген аз түзілгендіктен, оның орнына бауыр торшаларына қандағы майлы заттар тұнады. Бауырда оттегінің қатысуымен жүретін зат алмасуы бәсеңдейді. Нәтижесінде қанда түгел ыдырап үлгермеген ацитон және басқа қышқыл заттар (В - оксимайқышқылдары) көбейіп, қанның қышқыл – негіздік тепе – теңдігі қышқылдыққа (ацидозға) ауысады. Сонымен қатар қант сусамырында ағзадағы электролиттер мен су алмасуы өзгереді. Зәрмен бөлініп шыққан глюкоза зәрдің қысымын жоғарылатады да, бүйрек өзекшелері арқылы судың қайта сіңуі тежеледі, шығарылатын зәрдің мөлшері көбейеді. Зәр көп бөлінгендіктен ағза сусызданады, науқас шөлдеп судыкөп ішеді. Осы бұзылыстардың әсерінен барлық ағзалар зақымданады. Әсіресе қан тамырлары өзгеріп, қан айналысы бұзылып, жүректе, көздің торлы қабығында, бүйректе, жүйке жүйесінде дистрофия дамып, ағзалардың қызметі нашарлайды.

Жіктемесі. Сырқаттың даму дәрежесінің ауырлығына қарай 3 түрі болады: жеңіл, орташа және ауыр түрлері. Жеңіл түрінде клиникалық белгілері айқын болмайды. Қандағы глюкоза шамалы ғана көбейіп (1,8 г/л), глюкозурия байқалмауы да мүмкін. Бұл түрін емдәм тәртібімен емдеуде нәтижелі болады. Сырқаттың орташа түрінде басқа клиникалық белгілері, гипергликемия (2,5 г/л) мен глюкозурия айқын білінеді. Сырқатты емдеу үшін арнайы емдәм және қандағы глюкозаның мөлшерін азайтатын дәрілер тағайындалады. Ауыр түрінде клиникалық белгілері өршіп, ағзадағы мүшелердің бәріде ауыр зақымдалады. Гипергликемия (2,5 г/л – ден жоғары асып кетеді) мен глюкозурия өте айқын болып, қан мен зәрде кетонды улы заттар көбейеді. Бұл түрінде жиі кома байқалуы мүмкін. Ішкі ағзалардың зақымдану дәрежесіне байланысты теңгеру, компенсациялық (ағзалар өз қызметін атқара алады) және декомпенсациялық (ағзалар өз қызметін атқарудан айырылады) түрлері болады. Кәзіргі уақытта қант сусамырының айқын бейнелі түрі инсулинге тәуелді (инсулинді қажет ететін) және инсулинге тәуелсіз (инсулинді қажет етпейтін) деп бөлінеді. Сырқаттың инсулинге тәуелді түрі диабеттің І - түрі деп, ал инсулинге тәуелсіз түрі диабеттің ІІ - түрі деп аталады. Қант сусамырының І – түріне көбіне жас адамдар шалдығады. Әдетте ол ұйқы безінің жұқпа мен зақымданып, инсулин тым аз түзілгендіктен дамиды. Бұл түрі ауыр түрде өтеді, асқынулар ерте білінеді. Сырқаттың ІІ – түрімен жасы ұлғайған адамдар жиі ауырады. Инсулиннің мөлшері онша өзгермейді. Кейінгі кезде диабеталдылық хал деген де ұғым бар. Бұл жағдай аурудың белгілерін бермесе де, көмірсу алмасуының өзгерістері байқалады. Қант сусамырының жасырын түріде кездеседі. Бұл түрінде аурудың клиникалық белгілері байқалмайды, қандағы глюкозаның мөлшері өзгермейді, зәрде глюкоза болмайды.

Клиникалық бейнесі. Қант сусамырының негізгі белгісі науқастың аузы құрғап, шөлдеуі. Науқас сұйықты көп ішуге мәжбүр болады. Бірақ қанша су ішсе де шөлі қанбайды. Суды көп ішкендіктен кіші дәреті жиілейді, мөлшері көбейеді (полиурия). Тамаққа тәбеті артып, жиі тамақтанады (полифагия). Науқас әлсірегенін сезеді, жұмысқа деген қабілеті төмендейді. дене терісі қышиды, теріге іріңді жаралар жиі шығады. Терісі құрғап, қабыршақтанғаны байқалады. Бет терісі қызарады. Қасынған жерлерде із қалады. Ұзақ ауырғандардың терісінің шелді қабаты семеді, аяқтарындағы жаралардың жазылуы қиындайды. Зат алмасу дәрісі өзгергендіктен бүкіл жүйелер зақымданады. Қан тамырларының зақымдануынан ірі қан тамырларында атеросклероз дамып, ұсақ тамырларында қан ағысы бәсеңдейді, тіндерге оттегі мен басқа қоректік заттар аз жеткізіледі. Жүректің бұлшық еті зақымдалып, оның жұмысы әлсірейді. Қан айналысы бұзылғандықтан науқастың аяғы жансызданады, онда трофикалық жаралар пайда болады. Тыныс жолдарының шырышты қабықтары құрғап, трахеит, бронхит, өкпе қабынуы дамуы мүмкін. Қант сусамырына өкпе туберкулезі жиі қосарланады. Ас қорыту жүйесіне келер болсақ, науқастың ауыз қуысымен тілдің шырышты қабығы құрғап, тістері түсіп қалады. Май алмасу дәрісі бұзылып, бауыр зақымданып, циррозға ұшырауы мүмкін. Асқазан мен ішектің шырышты қабаттарындағы бездер семіп, сөл бөлу және асты сіңіру дәрістері нашарлайды. Қант сусамырында бүйректің зақымдануы нақты түрде білінеді. Бүйректің қан тамырлары зақымдалғандықтан зәрмен ақуыздар көп шығады (протеинурия). Сырқат асқына келе бүйректің ұсақ тамырларының қабырғалары шорланып, саңылауы бітеліп, улы заттарды бөліп шығару қызметі нашарлайды. Қан қысымы жоғарылайды. Көз тамырларының зақымданғынынан көз көру қабілеті төмендейді (диабеттік ретинопатия – көздің қанталауы). Қант сусамырындағы жүйке жүйесінің зақымдануына ерекше көңіл бөлу керек. Науқастың басы ауырып, ұмытшақтанып, ұйқысы бұзылады. Науқастардың аяқ – қолы ауырып, саусақтарының жаны кетіп, күші азаяды. Осының салдарынан жылу сезімі

16 бейнелеме

Диабеттік команың белгілері және

мейірбикенің дәрігерге дейінгі іс - әрекеттері



Әсер ететін мәнбірлер


Кома алдындағы жағдайдың белгілері

  1. Ем тәртібін сақтамау

  2. Психикалық қозу

  3. Физикалық күш түсу

  4. Жұқпалар, улану

  1. Шөлдеу

  2. Қозғалысының шектелуі

  3. Құсу, лоқсу

  4. Бастың, іштің ауыруы

  5. Тәбеттің жоғалуы





Мейірбикенің тактикасы






ТЕЗ АРАДА ДӘРІГЕРДІ ШАҚЫРУ!

(жедел жәрдем көлігін)




Команың белгілері



Іс әрекеттері

Терінің және шырышты қабаттардың құрғауы

Аузынан ацетон иісінің шығуы

Тахикардия

Шулы дем алу

Артериялдық қан қысымының төмендеуі

Көз алмасы тонусының төмендеуі

Гипергликемия

Глюкозурия




Дәрігер келгенше науқаспен сөйлесіп, сана сезімін сақтауға тырысу.

Тез әсер ететін инсулинді әзірлеп қою.

Пациенттің жағдайын бақылау: қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, демін санау.

бұзылып, ыстықты қолданғанда күйік зардабына ұшырауы мүмкін. Бұл түрі диабеттік нейропатия деп аталады. Ал диабеттік ангиопатияда ұсақ тамырларының қабырғалары шорланып, саңылауы бітеліп, қан айналымы бұзылып, науқастың аяғында трофикалық бұзылыстар байқалады.



Сырқаттың асқыну зардаптары. Жиі кездесетін асқынуларға көздің көрмей қалуы, аяқтағы жаралардың өлі еттеніп гангренаға ұшырауы, васкулиттер жатады. Иммун жүйесінің әлсіздігінен әр түрлі жұқпалар дамиды (стоматит, пиелонефрит, кандидоздар). Ең қауіпті асқыну – команың дамуы. Қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 2 түрі болады: кетон қышқылды кома (гипергликемиялық) және гипогликемиялық кома.

Кетон қышқылды кома (гипергликемиялық). Команың бұл түрі ағзаға инсулиннің жетіспеуінен, көмірсудың, майлардың алмасу дәрісінің бұзылуынан дамиды. Қант сусамырынан емделмеген науқастарда, инсулинді жеткілікті екпегенде, тамақты тым көп ішкенде, ауыр жұқпалы аурулармен ауырғанда, шаршап шалдыққанда және психикалық жарақат алғанда пайда болуы мүмкін.

Команың бұл түрі біртіндеп дамиды. Естен танарда оған кома алдындағы жағдай тән болады. Алдын ала сездірушілер мыналар: тамаққа тәбеті шаппайды, басы ауырады, босаңсиды, әлсізденеді, шөлдейді, зәрі көбейеді, іші ауырады. Содан кейін науқас адам есінен танады.

Аузынан ацетон иісі шығады, терісі құрғайды, көз алмасының бұлшық еттері босаңсиды, рефлекстері төмендейді. Дем алуы қатты, шулы, сирек (Куссмауль демі). Жүректің жұмысы нашарлайды, қанның қысымы төмендейді, тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Қанда қанттың және кетон заттардың мөлшері көбейеді, науқастың қаны қоюланады. Зәрдің мөлшері азаяды, тіпті анурия да байқалуы мүмкін.

Гипогликемиялық кома - қантты сусамырда байқалатын команың екінші түрі.Бұл жағдай қандағы қанттың мөлшері тез төмендеп кеткенде пайда болады. Ол науқас адам мезгілінде тамақтанбаса, ауыр физикалық күш түссе немесе қант мөлшерін азайтатын дәрілердің мөлшері асып кеткенде байқалады.

17 бейнелеме

Гипогликемиялық команың белгілері

және мейірбикенің дәрігерге дейінгі іс- әрекеттері


Себептері

Кома алдындағы жағдайдың белгілері

Тамақтану тәртібін сақтамау

Инсулинді керекті мөлшерден асырып алу

Ауыр физикалық күш түсу


Әлсіздену

Бозару


Бұлшық еттің қатаюы

Тершеңдік

Қозу, дененің дірілдеуі





Мейірбикенің тактикасы




  1. Тез арада дәрігерді шақыру



Команың белгілері

Іс-әрекеттері

  1. Тез арада білінуі

  2. Көз қарашығы кеңейген

  3. Тершеңдік

  4. Брадикардия

  5. Қан қысымының төмендеуі

  6. Гипогликемия

  7. Тырысыу

Дәрігер келгенше тәтті шәй, қант беру.

Дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға 40% және 5% глюкоза ерітіндісін егу.


Бұл жағдайда қанда глюкоза күрт азайып, ми торшаларының көректену дәрісі бұзылады. Күтпеген жерден науқас әлсіреп, қол мен аяқтары дірілдеп, тілі байланып қалуы мүмкін. Тамаққа тәбеті ашылып, терлегіш келеді. Жүйкесі қатты қозып, есіріп, дер кезінде есінен танады. Бұлшық еттердің тонусы жоғарылап тырысып қалады. Көз жанары қимылсыз, жағы қарысып, сіңірі тартылады. Қанда глюкозаның мөлшері 3,3 ммол/л төмендейді. Зәрде глюкоза және ацетон байқалмайды.



Диабеттік ретинопатия – көздің қанталауы. Көз тамырларының зақымдануынан науқастың көз көру қабілеті төмендейді. Кейбір жағдайларда мүлдем соқырлыққа әкеліп соғады.

Диабеттік нейропатия. Бүйрек ұсақ тамырларының зақымдануынан бүйрек сүзбе жұмысы нашарлап, қан қысымы көтеріліп, науқас ісініп, бара-бара созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп соғуы мүмкін.

«Диабеттік табан» - аяқ тамырларының зақымдануынан трофикалық өзгерістер дамиды. Екі түрде байқалады: ишемиялық – гангреноздық және нейропатиялық. Ишемиялық – гангреноздық түрінде аяқ мұздайды, цианоз білінеді, ауырсыну қатты сезіледі. Неше түрлі трофикалық жаралар байқалады.





38 сурет. «Диабеттік табан»

(авт. суреті)

3







39. Жараның жазылу кезеңі (авт. суреті)
Нейропатиялық түрінде науқастың аяғы жылы, терісі боз, бірақ сезімталдығы өте төмен. Соның әсерінен науқастар ыстықты сезбей, жиі күйіктерге ұшырайды.

Зертханалық және құрал - жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері.

Қант сусамырын айқындау үшін қандағы және зәрмен бөлінетін глюкозаның тәуліктік мөлшерін анықтау қажет. Аш қарында сау адамның қанында 3,3 – 5,5 ммоль/л (60 – 100мг %) глюкоза болады. Қалыпты түрде ол зәрмен бөлінбейді. Қант сусамырына шалдыққан адамдардың қанында глюкоза тым көбейіп 7,7 ммол/л артады (гипергликемия), зәрмен бірге шығады (глюкозурия). Осы себептен зәрдің салмағы жоғарлайды. Қант сусамырының асқынған кезінде кетонемия мен кетонурия байқалады, тіндерде қышқыл заттар көбейіп, ацидоз

дамиды. Қант сусамырының латентті жасырынды түрін анықтау үшін глюкозаға толеранттылық сынағы қолданылады. Аш қарында глюкозаның мөлшерін анықтап алып, науқасқа 75 гр глюкоза ішкізу керек. арнаулы уақыттан кейін қандағы глюкозаның мөлшері анықталады. Сау адамның қанындағы глюкозаның мөлшері 1 сағаттан кейін 9,9 ммольден, ал 2 сағаттан кейін 7,3 ммоль/л – ден артпауға тиісті. Егер глюкозаның мөлшері бұдан жоғары болса, зерттелген адам қант сусамырының жасырынды түрімен сырқат болғаны. Тағайындалған инсулиннің мөлшерін анықтау үшін науқастың бір тәулік бойы қандағы (гликемиялық сынақ) және зәрдегі (глюкозуриялық сынақ) көрсеткіштерін табады. Сканерлеу және ультрадыбыс әдістерін жүргізе отырып, ұйқы безінің көлемін, Лангерганс аралшасындағы торшалардың жағдайын, қабыну дәрісінің айқындығын байқауға болады. Қан тамырларының зақымданып, қан айналысының бұзылғанын электрофизиологиялық тәсілдермен (электрокардиограмма, реовазограмма) анықтауға болады.



Емі. Қант сусамырының бірнеше емдік қағидалары бар. Негізгі қағидасының бірі емдәм тәртібін сақтау. Егер науқас адам өзін - өзі тежеп, қажетті емдәмді ұстамаса, басқа қолданған дәрілердің әсері дұрыс болмайды. Емдәмнің басты шарты – ішетін тағамның құрамында сіңімді көмірсулардың аз немесе мүлде болмауы. Оның есесіне тамақтың құрамында көкөністер, витаминге мол жидектер болғаны жөн. Науқас адам аз – аздан, күніне 4 – 5 рет тамақтанғаны жөн. Науқастың тәуліктік қорегінің құрамындағы ақуыз, май және көмірсуларының ара қатынасы физиологиялық талапқа сай болуы тиісті. Қант сусамырында тағамдардың құрамында өте сіңімді көмірсулар (бал, қант, қантты шырындар, тәтті нандар, картоп т.б.) болмағаны жөн. Емдәмнің әсері болмағанда қант сусамырының негізгі ем қағидасы қандағы глюкозаны азайтатын дәрілерді қолдану. Оларға бигуанидтер мен сульфаниламидтер тобының дәрі-дәрмектері жатады. Бигуанидтер глюкозаның ішекте сіңірілуін азайтып, адамның тәбетін кемітеді, глюкогенез дәрісін бәсеңдетеді. Бигуанид дәрілеріне адебит, силубинретард, глюкофаг, диформен жатады. Сульфаниламид дәрілері ұйқы безіндегі В – торшалардың инсулин түзі қабілетін күшейтеді. Сонымен қатар олар бауырда гликоген түзілуіне әсер етеді. Сульфаниламид дәрілеріне бутамид, букарбан, манинил, глюреном жатады. Қант сусамырының инсулинге тәуелді түрінде міндетті түрде инсулинмен қолданады. Инсулин қолданылатын жағдайлар: инсулин тәуелді қант сусамыры, кетоацидозды жағдай, басқа ауру қосарланғанда, науқасқа ота жасағанда, басқа дәрілердің әсері болмағанда. Инсулин емі үш басты қағидаға негізделеді: инсулин жеткіліксіздігін реттеу, зат алмасу дәрісінің өзгерістерін қалпына келтіру, аурудың асқынуларының алдын алу. Бұл жұмыс нәтижелі болу үшін сырқатқа ұшыраған науқас өз ауруын, емдәм, қимыл жағдай тәртібін біліп, өзін - өзі бақылай алу керек. Қандағы қанттың мөлшерін кемітетін дәрі – дәрмектермен қолдану ережелерін жақсы білгені жөн. Сонымен қатар шұғыл жағдайларда науқас және оның туыстары дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсете білу керек. Инсулиннің тәуліктік мөлшерін анықтау үшін қандағы және зәрдегі глюкозаның шамасын білу қажет. Кейінгі кезде қанттың қандағы деңгейін жедел анықтау үшін әртүрлі түсті жолақтарға негізделінген глюкомер құралы, ал аурулардың инсулинді өздері дұрыс мөлшермен берілуіне шприц - қаламсап қолданылады. Керекті инсулиннің мөлшері былайша есептеледі: қандағы 8,33 ммоль / л – ден жоғары глюкозаның әрбір 0,28 ммоль/л инсулиннің 1 бірлігі қажет. Инсулиннің 1 бірлігі қандағы қанттың мөлшерін 2,2 ммоль/л азайтады. Инсулиннің күндізгі және түнгі мөлшерінің ара қатынасы 2:1 шамасында болуы қажет. Науқастың инсулинді неше рет қабылдауы тағайындалған инсулиннің түріне байланысты: әсері қысқа мерзімді инсулин күніне тері астына 3 – 4 рет беріледі, орташа әсерлі инсулин күніне 2 рет беріледі. Оны қысқа немесе ұзақ әсерлі инсулинмен бірге қолданылады. Ұзақ әсерлі инсулинді тәулігіне 1 рет беріп, оған қоса тамақ ішер алдында қысқа әсерлі инсулинді берген жөн. Кейінгі кезде бір шпирцке қысқа мерзімді және ұзақ әсерлі инсулинді қосып сорып алып енгізеді. Инсулин қабылдайтын науқастардың қанындағы қант мөлшерін бақылап отырған жөн. Сонымен қатар қант сусамырына шалдыққан науқастар тұрмыс тәртібін сақтау тиіс.Қазіргі кезде бұл сырқаттармен және олардың туыстарымен “Диабет мектептерінде” ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Инсулин терапиясының ережелері ұсынылады(егу уақытының тәртібі, керекті мөлшерін анықтау, егу технологиясы).

Болжамы. Сырқат қозып отыруға бейімделген. Дұрыс емделмеген жағдайда, тұрмыс, тамақтану тәртібін сақтамаған науқастарда әр түрлі асқынулар дамып өміріне кедергі болуы мүмкін.

Алдын алуы. Біріншілік алдын алуға рационды тамақтану, дене шынықтыру, семіздіктің алдын алуы жатады. Жануар майын көп қолдануға болмайды. Сонымен бірге тамақтануды шектеу жасы үлкен және қарт адамдарға сақтау керек. Тұрғындарға бір қанды некенің және диабетпен ауратын адамдар араындағы некенің генетикалық қауіптілігін түсіндіру қажет. Қант сусамырымен сырқаттанған пациенттер диспансерлік тізімге алынып эндокринологпен қаралып отырады.Қаралудың жиілігі сырқаттың ауырлығына байланысты. Қант сусамырының жеңіл түрінде жылына 1 рет, орташа түрінде 3 айда 1 рет, ал сырқаттың ауыр түрінде науқастар аптасында 1 рет қаралып отырады. Әр кез қарағанда көз көру аймағын анықтайды. Науқастар қант сусамырына арналған мектептерге барып, керекті мәліметтер алады. Өз өзін бақылау ережелерімен танысады. Тамақтануды жоспарлайды. Физикалық күшті шектейді. Қандағы қанттың мөлшерін азайтатын дәрі-дәрмектерді қабылдайтын ережелерімен танысады. Жеке басына арналған жұмыс және демалу тәртібімен танысады. Үшіншілік алдын алу ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту болып табылады.

Семіздік
Семіздік дегеніміз тері асты май қабатында, көбінесе іш аймағында, шүйдеде, жамбаста, төсте, мойында, сонымен қатар шажырқайда, эпикардта (жүректің семіздігі), бүйрек маңында майдың мөлшерден тыс жиналуы.

Этиологиясы мен патогенезі. Семіздік мөлшерден тыс тамақты көп жеуден (ішімдікті көп мөлшерде ішумен бірге), аз қимылдап өмір сүру салдарынан болады. Семіздіктің дамуында ерекше орында нейроэндокринді бұзылыстар жатыр, атап айтқанда гонада қызметінің бұзылысында (климакс кезінде), қалқанша бездің (гипотериоз), гипофизалық бұзылыстарда май көп мөлшерде жиналатыны байқалады. Тұқым қуалау мәнбірі де ерекше роль атқарады. Сырқаттың дерт анықтамасын жүргізгенде келесі сипатмежелер қолданылады: І дәрежедегі семіздікте дене салмағы қалыпты дене салмағынан 10 – 20 % артық, ІІ дәрежеде 20 - 30%; ІІІ дәрежеде 30 - 50% және одан да артық. Бойының ұзындығына сәйкес сантиметрмен алынған саннан 100 санын алғанға тең санға жуық дене салмағы қалыпты деп саналады: бойының ұзындығы 170 см болатын адамның салмағы 70 кг – ға жуық болуы керек. Құрлысына байланысты аздаған ауытқулар болуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Семіздігі бар науқастар ентігетініне, мөлшерден тыс көп терлейтініне, жұмыс істеу қабілетінің төмендегеніне, жүрек тұсының ауыратынына шағымданады. Жиі терінің созылмалы ауруы, терінің іріңді аурулары, шиқан басу байқалады. Семіздікте атеросклероз тез дамиды. Тәж тамырлардың атеросклерозынан жүрек ишемия аурулары дамиды: жүрек қыспасы, кардиосклероз, миокард инфарктісі. Кейде бұл жағдайлар қан айналысының жеткіліксіздігіне әкеп соғады. Ішек жұмысының бұзылыстары (метеоризм, нәжістің тұрып қалуы), жыныстық белсенділігінің төмендеуі болады. Қанда холестериннің мөлшері көбейеді, көмірсу алмасу дәрісі бұзылады.



40 сурет

Алиментарлық семіздік



Емі. Тамақтың энергетикалық құндылығы шектелген дұрыс, тамақтану тәртібін сақтау маңызды роль атқарады, бөлшектеп тамақтану жеміс – жидекті күн, физикалық күш түсірмеу, қозғалыс көлемін арттыру өте маңызды. Тамақтың энергетикалық құндылығы келесі түрде есептеледі: жеңіл физикалық жұмыс істейтін дені сау адам 1 кг дене салмағына 146,4 – 167,4 кДж, ал ауыр жұмыста 209,2 – 2301 кДж алу керек. Сөлдену жүйелерінің бұзылыстарында тиісті ем алу керек. Семіздікте қалқанша безі қызметінің төмендеуінде тиреоидин (0,05 г тәулігіне 2 – 3 рет), ал гонада қызметі төмендегенде жыныс гормондары: әйелдерге эстерон (фолликулин), ал ер адамдарға – метилтестостерон тағайындау керек. Семіздікте суға жүзу, ұзақ уақыт жүру, емдік дене шынықтыру, сумен емдеу шараларын, жалпы және жергілікті уқалау жүргізген жөн. Сонымен қатар физиоемін жүргізетін санаторлы – курорттық ем қолданған абзал.

Болжамы. Ерте басталған емде болжамы жағымды. Семіздіктің І – ІІ дәрежесінде науқас жұмысқа деген қабілетінен айырылмайды, ал семіздіктің ІІІ дәрежесінде ІІІ топтық мүгедектік тағайындалады. Жүрек – тамыр аурулары (миокард инфарктісі, миға қан құйылу және т.б.) жиі өлімнің себебі болып табылады.

Алдын алуы. Біріншіден тамақтың энергетикалық құндылығын шектеп дұрыс тамақтану. Адамның қимыл – қозғалыс тәртібі белсенді болып, тамақтың энергетикалық құндылығына сәйкес болу керек. Тамақтануда көмірсуларды, майларды, ақуызды шектеу керек. Дене шынықтырумен айналасу керек (жүзу, жүгіру т.б.Алдын алу шаралары міндетті түрде жастан асқан адамдарға және аз қозғалатын адамдарға жүргізіледі.

Ішкі сөлденіс бездері ауруларында

АМСК-гі мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
Мейірбике құрал – жабдықты және зертханалық зерттеу әдістері туралы білу керек, сөлденіс бездерінің ауруларын табудағы маңызды туралы білу керек, сөлденіс бездері жүйелерінің ауруларындағы науқастарды зерттеу тәртібін білу керек. науқастардың барлық шағымдарын тіркеу, оның ішіндегі ең осы ауруға тәні: терлегіш, жүректің жиі соғуы, дене салмағының өзгеруі, мойын пішінінің өзгеруі, тітіркендіргіш, шөлдеу, тері қышынуы, полиурия, әлсіздік. Науқаспен әңгімелескенде ішкі сөлденіс бездерінің ауруына тұқым қуалаушылықтың әсер етуін табу керек, науқастың тамақтану ерекшелігін, ауырған арулары, мамандығы, еңбек пен тұрмыс жағдайының жағдайы, жарақаттың барлығы, жағымсыз қыдлықтардың барлығы, күйзеліс туралы анықтау. Науқасты қарағанда “көз белгісіне”, қалқанша бездің ұлғаюына, жүдеуіне, семіздікке, терінің түсінің өзгеруіне, қолдың дірілдеуіне, шаш пен тырнақ жағдайына, шиқанның барлығына назар аудару керек. уытты жемсаумен ауыратын науқаспен әңгімелесе отырып осы ауруға тән шағымдарға назар аудару керек: қозғыштық, тітіркендіргіштік, терлегіштік, ұйқысының бұзылуы, бұл аурудың дамуына қандай себеп болғанын анықтау керек. Ішкі сөлденіс бездері ауруларымен ауыратын науқастарды қарағанда мейірбике мына үш жағдайға назар аудару керек: қалқанша бездің ұлғаюы, көздің шығып тұруы, жүректің жиі соғуы. Уытты жемсаумен ауыратын науқастардың жүйке жүйесі мен психологиясы бұзылады., сондықтан мейіркеш осындай науқастарға шыдамды болып, ерекше көңіл бөлу қажет. Қант сусамырымен ауыратын науқастарымен жұмыс істегенде бұл аурудың алғашқы белгілеріне көңіл аудару керек: шөлдегіштік, зәр шығуының көбеюі, терінің құрғауы, қышынуы. Науқастарды қарағанда терідегі қасынулар мен іріңді ауруларға назар аудару қажет. Көптен бері қант сусамырымен ауыратын науқастарда келесі асқынулар болуы мүмкін: аяқтың шіруі, сезімталдықтың төмендеуі, тамырлардың зақымдануы, комалық жағдай, бүйрек зақымданулары, көз көру қабілетінің төмендеуі. Сырқаттың ағымымен толық көрінісін алу үшін, мейіркеш қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелерімен танысу керек. алынған нәтижелер негізінде мейіркеш науқасты күту жоспарын құрады. Мейірбике қант сусамырымен ауыратын науқастарға емдәм тәртібін сақтауын қадағалаудың маңыздылығын, комалық жағдайлардың алдын алудың ережелерін түсіндіреді. Науқасты өзі істей алатын шаралармен таныстыру. Қанды қантқа тексеру аш қарында жүргізілетін болғандықтан ол туралы науқасқа ескерту керек. Науқасқа “қант ауытқуының мөлшерлік көрсеткіші”тағайындағанда, мейірбике науқасқа қан алудың уақыты туралы ескертіп, сонымен қатар зерттеу жүргізетін күні, физикалық күш аз түсіру керектігі жайлы айту керек. Зәрді қантқа жинағанда науқас үлкен ыдысқа бір тәулік жинайды. Зертханаға жіберу алдында мейірбике зәрді арластырып, одан 150 – 200 мл құйып алады. Мейірбике науқастың шағымына байланысты дер кезіңде науқастың жағдайын бағалай білу керек. Дер кезіңде кома алдыңдағы және комалық жағдайды анықтау тез арада дұрыс алғашқы көмек көрсетуге әсер еттеді. Қант сусамыры мен ауыратын науқасты күте жүріп, мейіркеш теріс қылықтар ауруды асқындыра түсетін есте ұтау керек. Мейірбике науқасқа инсулин шприцімен қолданудың әдістеріне, инсулинді өз бетімен енгізуіне үйрету керек. Мейірбике емдәм тәртібін сақтауды қадағалау керек, тамақтану тәртібін бұзу сусамырдың асқынуына әкеліп соғуы мүмкін. Науқастар толық дұрыс тамақтануы керек, көмірсулар аз қолдану керек. Тамақта витаминдер жеткілікті түрде болуы керек және тамақты аз мөлшерде күніне 5 – 7 рет қабылдау керек. Уытты жемсаумен ауыратын науқастардың тамағы әртүрлі және витаминге бай болу керек. Ет, балық тамақтарын, жүйке жүйесін қоздыратын сусындарды азайту керек. Мейірбике күн тәртібін сақтауды, жеке бас гигенасын, дем және жүрек – қан тамыр жүйелерінің жағдайларын қадағалау керек (дем алу санын санау, тамыр соғуын анықтау, артериялды қан қысымды өлшеу).


Ішкі сөлденіс бездері ауруларын алдын алу

Ішкі сөлденіс бездер ауруларының ішінде жиі кездесетін арулардың бірі – ағзаға йодтың жетіспеушілігінен дамитын аурулар. Йод адам және жануарлардың дұрыс өсіп жетілінуіне керекті микроэлемент. Ол балық, ет, сүт, теңіз қырыққабаты, сүтті тағамдар, қызылша, жұмыртқа және картофель құрамына кіреді. Ағзаға йод органикалық және бейорганикалық қосылыстармен түсіп, қанға енеді. Ол қалқанша безінің гормондарының синтезіне қатысады, ал қалқанша безі гормондары ағзадағы бүкіл зат алмасу процесстерін реттейді.

Адам ағзасында йод жетіспеушілігінің екі түрі бар. Бірінші түрінде ағзаға йод тағаммен суда жетіспеушіліктен аз енеді. Екінші түрінде сыртқы ортада йод жеткілікті, бірақ ас қорыту мүшелерінің ауруларына байланысты йод ағзаға толық сіңбейді. Судағы йод мөлшері оны қоршаған ортаға байланысты. Жоғарғы қырлы және теңіз жағалауынан алыс жерлер йод жетіспейтін жерлер болып табылады.

Йод жетіспеушілігі йод жетіспеушілік жағдайлардың (йододефицитные расстройства) дамуына әкеліп соғады. Йод жетіспеушілігінің ең кең тараған түрі эндемиялық жемсау. Йод жетіспеушілігіндегі клиникалық критерийдің бірі тұрғындар арасында жемсаудың даму жиілігі, әсіресе жасөспірім шағында. Назарды көп көңіл бөлетін топқа жүкті әйелдер жатады. Йод жетіспеген аймақтарда жүктілік гипотиреозбен қоса өтеді. Йод жетіспеген жағдайда туған нәрестеде саңраулық дамуы мүмкін, ол әйелдерде йод жетіспеу салдарынан өлі бала тууы мүмкін. Йод жетіспеу туғандағы балада иммунитеті төмен болады.



Йод жетіспеушілігін алдын алу

Бүгінгі күнде йод жетіспеушілігін алдын алудың екі түрі бар:



  • құрамында йоды бар азық-түлік көмегімен йод жетіспеушілігін жою;

  • құрамында йоды бар дәрі-дәрмектерді тағайындау.

Әрине, ең жақсы алдын алу жолы- йодталған азық-түлік қолдану. Көбнесе кең таралған әдіс – йодталған ас тұзын қолдану болып табылады.Йодталған тұзды қолдану ыңғайлы және арзан. Неге десек:

  • тұрғындардың барлығы тұзбен қолданады;

  • арзан тағам және бәріне жеткілікті;

  • тұз өндіруі оны бір ортада өндеуге жағдай береді;

  • йодталған тұздың мөлшері әрқашан анықталған;

  • технологиялық және экономикалық жолы оңай.

Тұзды йодтау үшін калий йодидін қолданады, және калий йодатын қолданады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында калий йодаты ғана қолданылады. Құрамында калий йодиті бар тұздың сақтау мерзімі - 4-6 ай, калий йодаты бар тұздың сақтау мерзімі - 1 жылға дейін. Адамның ағзасын йодпен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 150 мкг йоды, жас өспірімдерге – 120 мкг, балаларға – 90 мкг керек. Йодталған тұз қосымша ешқандай түс, дәм, иіс бермейді.

2001 жылы Азия елдеріне біртұтас құжат қабылданды:



  • йод жетіспеушілігінің ең маңызды алдын алуы – йодталған тұзды қолдану;

  • бұл бағдарламаның нәтижесін көтеру мақсатымен жергілікті Үкіметтің структурасымен, Үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми қоғамдармен бірлестік қызметін атқару.

Йод жетіспеушілігін алдын алу бағдарламасының негіздері:

  • тұзды нәтижелі йодтау;

  • реттеудің әрекеттері;

  • оқыту бағдарламасын дамыту;

  • тұздың сапасын және оның адам ағзасына биологиялық әсерін бақылау.

Сөйтіп, тағаммен керекті заттар жеткілікті түспеген жағдайларда адам денсаулығын сақтау үшін құрамында микроэлементтер бар (йод) азық-түлікті қолдану физиологиялық және нәтижелік болып табылады. Йод теңіз балықтарының етінде, теңіз өсімдіктерінде және басқа теңізден алынатын тағамдарда көп мөлшерде болады.

Йодталған барлық азық-түліктер өзінің қорабында фирмалық белгі-логотип пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет