Қысым 7 сынып «Кім жүйрік?» деңгейлік есептер шығару. Әр топқа А,В,С, деңгейінен есептер беріледі. 1-топ



бет1/6
Дата30.08.2022
өлшемі30,53 Kb.
#148389
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қысым 7


Қысым 7 - сынып
«Кім жүйрік?» деңгейлік есептер шығару. Әр топқа А,В,С, деңгейінен есептер беріледі.
1-топА-тобы
Салмағы 150Н, ауданы 3м2 кілем еденге қандай қысым түсіреді.
Б-тобы
Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10см2. Оған әсер ететін күш 200Н үлкен поршеннің ауданы 200см2. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді?
С-тобы
Мрамордан жасалған бағанның көлемі 6 м3, баған табанының ауданы 1,5м2 болса, топыраққа қандай қысым түсіреді?
2-топ: А-тобы
Адам суда 9м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. (ρ=1000кг/м3)
Б- тобы
Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 15см2, оған 215Н күш әрекет етеді. Үлкен поршенінің ауданы 180см2, үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
С-тобы
Массасы 480кг гранит плитасы, ұзындығы 1,2м ені 0,8м болатын жағымен жатыр. Плитаның жерге түсіретін қысымын анықта.
3- топ: А-тобы
Биіктігі 0,6м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (ρ=800кг/м3)
Б-тобы
Бетке 3000 Н күш түсіріп 2 Па қысым алсақ, ауданы қандай болған?
С-тобы
Гидравликалық престің кіші поршені 600 Нкүштің әсерінен 20см төмен түсті. Бұл жағдайда үлкен поршень 6см-ге көтеріледі. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?


7 - сынып
Сабақтың тақырыбы:«Қысым»


Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға жалпы қысым туралы және оның белгіленуі,
өлшем бірлігі жөнінде түсінік беру;
Дамытушылығы: күнделікті өмірден түрлі мысалдар ала отырып, оқушылардың қысым
туралы түсінігін арттыру, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,
оқушының ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:   Оқушыларды жүйелі білім алуға, тез ойлауға, тез есептеуге,
шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет