Қысым деп белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз. Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
Мұндағы P-қысым; F -бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші; S -күш түсетін беттің ауданы.Енді жоғарыдағы формуланы түрлендірсек: немесе SI жүйесінде қысымның өлшем бірлігі: Паскаль (қысқаша Па).
1Паскаль - 1Н күштің 1м2 ауданға түсіретін қысымы: 1Па=1Н/м2 Тәжірибеде қысымның үлкен бірліктерін пайдаланамыз:
1гПа =100Па=102Па
1кПа =1000Па=103Па
1МПа =1 000 000 Па=106Па
(433К)Есеп шығару мысалы: Күйтабақты ойнатқанда инесі оған 0,27 Н күш түсіреді. Егер ине ұшының ауданы 0,0003 болса, оның қысымы қандай болар еді?
Берілгені: Формуласы: Шешуі: F=0,27 Н P= 0,0003 = 3* S=0,0003 Р=
P=? Жауабы: ә) «Ойлан тап » себебін түсіндіру
№1. Әжеміз пердені ертеде қолмен тіккен. Тігін тігуде ұшы доғал немесе үшкір инелерді қолданудың қайсысы оңай?
№2. Тортты кесуге жүзі өткір пышақ пен күнделікті қолданып жүрген пышақтың қайсысы кесуге оңай?
№3. Қалың шегеге мен жіңішке шегені ағашқа қағудың қайсысы оңай?
№4. Жұқа мұз жапқан өзеннің ортасында жүзіп жүрген балыққа жету үшін түлкі мұздың үстімен жүрді. Сол кезде мұз түлкіні көтермейді. Оны білген қу түлкі, мұздың үстіне жатып жайлап жылжиды
Сұрақ: Түлкі мұзда төрт аяғымен жүргенде бата ма? Әлде жайлап жылжығанда батама?
б) Ауызша есепте. 2гПа=………………..Па 3000Па=……………………..кПа
5кПа=………………..Па 500Па=………………………гПа
4МПа=……………….Па 2000000Па=………………..мПа
в) Есептер шығару «Кім бірінші?» №434 К (50000 Па) F = 3 000 Н күш S=0,06 м2ауданға бірқалыпты әрекет етеді. Сондағы қысымды Р есепте. №435 К (2,3,1) Төменде санмен берілген қысымдардың қайсысы ең үлкен және ең кіші: 6 кН/ м2; 60 Н/см2; 600 Па №436 К (50 м2) Бетке 50 кН күш түсіріп 1 кПа қысымды қалай алуға болады? №437 К (0,02 м2) 1 кН күшпен әрекет етіп 50 кН/ м2қысымды қалай жасауға болады?