8. Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғандағы бақылау іс-шаралары.
Есептік кезеңде келесі бақылау іс-шаралары өткізілетін болады:
-«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік қаржылық бақылаудың 2014 жылғы 14 наурыздағы тақырыптық актісі);
-«Қарағанды облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің (2015 жылғы 5 маусымдағы қарсы бақылау актісі);
-«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің (мемлекеттік қаржылық бақылаудың 2014 жылғы 13 маусымдағы тақырыптық актісі).
9. 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша қорытындылары және ұсыныстары, соның ішінде түзетулер бойынша ұсыныстар, қаржыландыру көлемдері және көздері, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер туралы тұжырымдамалар.
Облыста қазіргі уақытта қабылданатын шаралар жалпы жоспарланған іс-шаралардың орындалуын және қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша нысаналы индикаторлар 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы орындалуда.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасын іске асыру есебін талдау 2014 жылдың ішінде өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, инвестицияларды, құрылысты, білім беруді, құқық тәртібін дамытуда көрсетілетін бір қатар нысаналы индикаторлар мен көрсеткіш нәтижелеріне қол жеткізілмегенін көрсетеді.
Осыған байланысты:
1)нақты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізілмеу себептерін анықтау, тікелей орындаушылардың жауаптылығын арттыру және жетіпсеушіліктердің алдын алу бойынша шараларды қабылдасын;
2)2015 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлар мен көрсеткіш нәтижелеріне қарастырылғандарға қол жеткізу бойынша жұмысты нығайту;
3) Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасына Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №166 бұйрығымен бекітілген Базалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес өзгерістер енгізу қажет.
Экономика және қаржы
басқармасының басшысы О.Чернявская
Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков
Достарыңызбен бөлісу: |