Ұсынылатын әдебиет:
Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г. Этика деловых отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.
Цвык В.А. Профессиональная этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.
горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В. Этика деловых отношений : учебное пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.
Коммуникационный менеджмент. Этика и культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и др.]. Ростов-на-Дону, 2010.
Горелов А.А., Горелова Т.А. Этика : учебное пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2
Тақырып 3. Тұлғаның жеке қасиеттері.
Тұлға ұғымының әлеуметтік мәні.
Адамға тән қасиеттер мен сапалар.
Тұлғаның жеке қасиеттерінің мотивтері (түрткілері).
1 Тұлға ұғымының әлеуметтік мәні
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Адам үнемі жетілу, даму үстінде болады. Талаптану, іздену арқылы жаңа әрекеттерге итермелеуші түрткілер пайда болады.
Басты түрткілер (мотив):
-қажет сенім
-қызығу мұрат
- таным талғам
- мақсат мүдде (кредо)
Адамның сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың қозғаушы күші – сенім. Сенім адамда біртіндеп қалыптасады. Сенім өмір көріністерін топшылау – салыстыру- тәжірибе жинақтау – қорыту – сыннан өткізу.
1. Сенім - көзқарастар қақтығысында шыңдалады. Сенім – адамның ерік-жігер, қажыр-қайраттың қандай екенін көрсететін, өмір сүру мақсатына айналған өміршең білім.
Мифтік сенім халықтың мифтік аңыздары негізінде дамиды. Мифтік аңыздар халық санасында тұтастыққа сақталған. Мысалы, қазақтың келіндері қай жаста болмасын, атасынын, әулеттің үлкендерінің есімін ешуақытта атамайды. Олардың өмірде жоқ екендігін біле тұра, естіп қалады деген сенім берік орныққан, бұл мифтік сана нәтижесі.
2. Мифтік сенім этикалық денгейде қалыптасады. Бұл қоғамдық сипат алуы. Мұндай денгейге жеткен – дүниежүзінде еврей халқы екендігіне дау жоқ
3. Миф –мәңгілік ктегория. Миф- энергия көзі, рухани қуат. Адам мифтік сенім арқылы рухани қуаттанып, болашаққа сенеді.
4. Мифтік – атазаманғы уақыт туындысы. Алдымен әр адам өзін бағалап, өзіне сенуі шарт. Ұлт мифтік сенімнен айырылғанда күйреу алдында тұрады.
Миф халық арасында екі жолмен тарайды: әулие - алланың жолына түсу, батырлар әрекетіне сай ұрпақ тәрбиелеуге ұмтылыс тууы.
XXI ғасыр мифі: - ширығып алысқа көз тіккен жолбарысқа сендіру, жолбарыс болып ержетуге ұмтылдындыру, қам жасау.
Жастардың тарихи санасын қалыптастыруда олардың тарихи танымдарын дамытуымыз керек. Тарихты тану кейбіреулердің ойлағанынындай, тарихи оқиғалар мен деректерді білу ғана емес, сол тарихи оқиғалар мен деректер арқылы ақиқатқа жету…
Бұл ойларды профессор Ж.Наурызбаев жан-жақты талдап мәдениетті тұлға жайында: « … өз мәдениетіне де тәнтті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең бәлу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады», - деп сипаттама береді.
Шындығында жан-жақты мәдениет иесі тарихи сана белгілерін мол менгерген адам. Басқаша, айтқанда тарихи сана-этикалық және жалпы мемлекттік сананың негізі. Ұлттық ой – сана, этностың мындаған жылдық аңыз этнос санасы, бейне-белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ғана ерекшеленеді.
2 Адамға тән қасиеттер мен сапалар
2. Қазақ даласында философияның адамның өмір салты ретінде тууы мен өркендеуі занды құбылыс. Алғащқыда мәдениет танушылық пен илософиялық идеялар мен ілімдер адамдардың күнделікті практикалық өміріне талдау жасаудан пайда болды, осыдан барып белгілі бір терең дүниетанымдық түсініктер қалыптасты.
Жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасыретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағаламауға да құқысы бар мезет.
Адам еркінен тыс санамен бейнелеуге қтыспйтын, еркіңмен тыс физиологиялық, психикалық құбылыс “санасыздық” делінеді.
Көшпелі қазақ халқы туыстық-құндастық жүйені қатаң сақтаған, оны өмір сүрудің моральдық этикалық өлшемі деп түсінген. Осыдан келіп “жеті атадан дейін қыз алыспау” қағидасы дала заңына
Адам тәубасы: - адам күні адаммен – тіршілік тірегі.
Ер-азамат ат жалында елін, жерін қарғаса, қыз – ана тал бесікті
тербетіп, ұлттың рухани – мәдени тұтастығын қамтамасыз еткен.
Отбасында әке-шеше, үй-іші адамдары, ал мектепте мұғалім өсіп, жетіліп келе жатқан баланы заман ағымына сай өзгерістер мен құбылыстарға талдау жасатып, өз бетімен саналы сезіне, түйсіне білуге бағыт-бағдар беруі қажет. Аталған талаптарға сай болу үшін бүгінгі ұрпақ өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрып, дәстүрлерімен тереңірек танысып, оның танымдық, әлеуметтік мәндеріне талдау жасап, күнделікті тіршілікте қажетіне жарата алатындай тұлға болып қалыптасуы қажет. өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін түсіну мүмкін емес екені даусыз.
Әрбір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген әлеуметтік, философиялық ой-пікірлері болған. Көне тарихпен зейін қойып таныссақ, қазақ халқы ежелден парасатты, өте зерек, зерделі, дархан көңілді, жаны жомарт, өмірге тез бейімделгіш, ынтымағы жарасқан ел болғанына куә боламыз.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан, қоршаған табиғи ортаның түрлі қасиеттері мен құбылыстары туралы ой толғап, дүниетанымы қалыптасады.
3 Тұлғаның жеке қасиеттерінің мотивтері (түрткілері).
Жер бетіндегі тіршілік эволюцияның қолы жеткен ең жоғары жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адам санасының қалай пайда болғандығын ғылыми тұрғыдан бірден-бір дұрыс түсіндіреген марксизм-ленинизм классиктері болды. Ғылыми психологиялық сананың бақылауынан тысқары тқратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды.
Психолог- талдаушы, антрополог, Штайннің пікірінше: «Этникалық тамыр табиғатта емес, адамдар санасында». Австрия психологы З.Фрейд тұңғыш рет ғылымға сана ұғымын енгізген.
Жаңаша ойлау бүкіл адамзатты нәсіліне, дініне шыққан тегіне қарамай ортақ түсінікке мәмілеге шақыру.
Біздің ойлау жүйемізде әлі күнге дейін еркін ойлауға жібермейтін тосқауыл бар. Ол -санамыздағы идеологиялық сірі түсінік (стереотип). Бұл әу баста «ақ» пен «қараға» құрылған.
Сана дегеніміз – ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану.
Сана әр адамға тән дара қасиет. Адамға – тән жеке сана - өзіндік – самосознание – қоғамдық сана жеке санаға қоғамдық сана ықпал жасасйды. Екеуіне тән ортақ нәрсе – қоғамдық болмыс.
Адам санасы өте күрделі. Адам санасы қскен орта, қоғамға, ұлттық ерекшелікке байланысты. Сананың көрсеткіші: өзіндік «мен» жалпы «мендер».
Сана белгісі-алдына нақты мақсат қою – орындауға кірісу – себеп-салдарын түсіну – қателіктерін түсіну – нәтиже.
Достарыңызбен бөлісу: |