Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет14/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   237
Байланысты:
имани гүл
Дулат Исабеков. Қарғын
ИМАНИ ГҮЛ
Гүлдер әлемі
Неше түрлі гүл, жапырақ,
Әрбіреуін қолыңа ал.
Құры көріп қойма бірақ,
Онда не бар ойға сал.
Шәкәрім
Бақшамызда өсетін сары-қызыл, түрлі-түсті, сан 
алуан хош иісін аңқытып, адам баласын өзіне тамсан-
дырып қаратпай қоймайтын гүлдерге бір рет болса да, 
ойлана-толғана, ғибрат көзімен қарайықшы.
Иә, гүлдер кішкене түйір дәннен жер қойнауын жара 
шығып, бұл дүниеге келеді. Сабағы мен жапырағы жасыл 
тартып, гүлі шоқтай болып мың бір түрлі реңмен бояна-
ды. Үлбіреген нәзіктігіне, адам баласының қиялына келе 
бермейтін әр түрлі ою-өрнегіне, ондағы көркем эстетикаға, 
мүлтіксіз симметриялы ғажайып формасына, аңқыған сан 
алуан жұпар иісіне, қауырсынындағы өмірін жалғастырар 
мұрагері – ұрығына қараңызшы... Қандай ғажап?! Неткен 
әдемілік? Жерге қараңызшы, гүлдердегі сан алуан, түрлі-
түсті реңдерді көре аласыз ба? Гүлдерден аңқитын, бір-
біріне ұқсамайтын әр түрлі жұпар иісті топырақтан иіскеп 
сезе аласыз ба?
Жер бетіндегі жайқалған барлық гүл атаулының нәр 
қойнауы саналатын топырағы, аймалаған күн сәулесі, 
ішетін сулары мен жұтатын ауалары бірдей болғанымен, 
өздері әр түрлі, сан алуан. Бұл таң қаларлық нәрсеге 
таң қалмай, қолымызбен жасаған пластмас гүлдерге таң 
қалайық па? Бұл да кездейсоқтық па, жоқ, әлде құдіреті 
күшті Ұлы Жаратушының бізге ұсынған сыйы ма? Егер 
мұны да кездейсоқтықтың түсініксіз кездейсоқтығы жа-



29
ИМАНИ ГҮЛ
сады десек, сол кездейсоқтың жасағанын адам баласы 
ақылымен асып түсіп, одан да кереметін жасауы керек 
еді ғой. Өйткені ақыл кездейсоқтықтан әлдеқайда үстем 
емес пе? Бірақ адам баласы осы күнге дейін нәзіктіктен 
мақұрым, қоқайып, қатып қалған, өніп-өспейтін жансыз, 
жасанды пластмас гүлдерден асырып, артық ешнәрсе жа-
сай алмады, жасауы да мүмкін емес!
Кездейсоқтың жасады деген нәрселерін лаборато-
рияда түрлі-түрлі құралдардың көмегімен ақыл иесі – 
адам баласы жасай алмаса, ойлап қарайықшы, ақылсыз 
кездейсоқтық қалай жасамақ?! Олай болса, барлық жара-
тылысты, адамның ақылын да жаратқан тылсым құдірет 
– Ұлы Алла жаратқан деп мойындау ақылдының жолы 
болса керек.
Көбелектер
Бақшамыздағы ұшып жүрген сан алуан түрлі-түсті 
көбелектерге ғибрат көзімен алғаш рет көріп тұрғандай 
бір мәрте болса да зер салып қараңызшы. Ондағы кере-
мет эстетиканы, нәзіктікті, қанаттарындағы қиялымызға 
келмейтіндей ою-өрнектерді, ою-өрнектеріндегі ешбір 
қатесіз симметрияны, әр түрлі реңдеріндегі үйлесімдікті 
көріп, таң қалып, таңдай қағасыз. Қарапайым суреттің
кез келген ою-өрнектің белгілі бір жасаушысы, дизайнері 
бар да, көбелектердегі мына теңдессіз сұлулықтың, ою-
өрнектің неге жасаушысы, жаратушысы болмасын?!



31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет