325
ИМАНИ ГҮЛ
алатындай кейіпте жаратылған.
Табиғаты да Ұлы Жа-
ратушыны табуға әрі Оған иман келтіруге бейім. Бұған
қоса, әлемдегі әрбір жаратылыс бойындағы ғажайып
нақыштарымен Ұлы Жаратушының бар екендігін паш
етуде. Аспан әлеміндегі жымыңдаған жарық жұлдыздар,
жер бетіндегі құлпырған тамаша өсімдік әлемі, жараты-
лыстарында ешбір міні жоқ сансыз жан-жануар – бәрі-
бәрі Ұлы Жаратушыны меңзейді. Шөлде ғұмыр кешкен
шопанның өзі Ұлы Құдіретті тапқандығы хадисте риуа-
ят етілген. Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
құзырына кел-
ген бәдауиден Ұлы Жаратушыны қалай тапқаны жайлы
сұраған уақытта, ол былай деп жауап берген: «Бір жердегі
түйенің тезегі ол жерден түйенің өткенін, ал аяқ ізі де
сол жерден біреулердің жүргендігін меңзейді емес пе?
Ендеше, мына таңғажайып жүйемен жаратылған аспан
әлемі, мына ғажап әдемілікке толы жер беті – шексіз білім
иесі һәм барлық нәрседен толық хабардар Ұлы Құдіретті
қалайша меңземесін?!». Демек, қарапайым түйешінің өзі
әлемдегі барлық нәрсені жаратып, оны керемет жүйемен
еш ақаусыз басқарып тұрған Ұлы Құдіретті таба білген.
Олай болса, иман мәселесінде
ақыл-ойдың рөлін толықтай
жоққа шығара алмасымыз ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда,
ғалым Матуруди
«адам ақыл-ойымен-ақ Ұлы Жарату-
шыны таба алады»
деген
193
.
Қорытындылар болсақ, Ислам діні мүлдем жетпеген
яки жетсе де, өзінің шынайы келбетінде емес, бұрмаланған
түрде жеткен әрі оны дұрыс тану мүмкіншілігі мүлде
жоқ қоғамда өмір сүріп жатқан жандарды Алла Тағала
өзінің рақымына бөлейді деп үміттенеміз. Ал ислам діні
толық жеткен әрі онымен танысу мүмкіншілігі бола тұра
оған
салғырт қарап, қырсықтық пен тәкаппарлықтың
193
М, Абдулфәттах Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том,
57-бет. Ғайе баспасы, Станбул. 1990 ж.