Сонымен қатар Азиялық-Тынық мұхит аймағы әлемдік интернет пайдаланушылардың 40 пайыз және жалпы әлемдік көлемінің 39 пайыз үлесін құрайды. 2015 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) үшін мыңжылдықтың даму мақсаттарына байланысты үрдістің аяқталуын және Дамудың жаңа негіздемелік бағдарламасын бекітілуін алған жемісті жыл болды.
Жалпы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жайлы айтатын болсақ, қазір 3G, 4G, FTTH технологияларын жылдам енгізу жүргізілуде. Ал Қазақстан үшін бұл саладағы басты мақсаттардың бірі – ауыл тұрғындарына кең жолақты қолжетімділікті белсенді қарқынмен беру. 2015 жылдан бастап Қазақтелекоммен бірге «Ауылға оптика» бағдарламасы жұмысын бастау жоспарда болды. Операторлар 250-ден астам халқы бар ауылды елді мекендерге «оптика» салды. Бұл жалпы әлемдік тәжірибеде бар үрдіс, мәселен, осылайша интернетпен қамту Қытай, Австралияда жүргізілді, қазір Ресейде де қолға алынды. Қазір дүниежүзі бойынша бесінші буын – 5G байланысы технологиясы туралы айтып жатыр. Бұл байланыс Қазақстанға да жақындап қалды.