А оқиғасының ықтималдығы деп сынақтың осы оқиғаға қолайлы нәтижелер санының барлық жалғыз мүмкіндікті және тең мүмкіндікті қарапайым нәтижелердің жалпы санына қатынасын айтады. А оқиғасының ықтималдығы
P=m/n
формуласымен анықталады, м-осы А оқиғасына қолайлы қарапайым нәтижелер саны; н-сынақтың барлық мүмкін болатын қарапайым нәтижелердің саны. Шынайы оқиғаның ықтималдығы 1 тең. Егер оқиға шынайы, онда сынақтың қарапайым нәтижесі оқиғаға қолайлы. Осы жағдайда м=н, демек
P=m/n=n/m=1
Мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы нольге тең. Егер оқиға мүмкін емес болса, онда сынақтың қарапайым нәтижесі оқиғаға қолайлы емес. Осы жағдайда м=0, демек,
P=m/n=0/n=0
Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы ноль мен бірдің арасындағы сан. Демек, кездейсоқ оқиғаға сынақтың қарапайым нәтижесінің санынан тек қана бір бөлігі қолайлы.