Ыту теориясы мен технологиясы


Екінші кішкентайлар тобындағы жапсырмалау



бет29/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

2. Екінші кішкентайлар тобындағы жапсырмалау
Аппликация сабағы екінші кішкентайлар тобынан басталады. Осы жастағы балалардың жас ерекшелігі (қолдарымын майда бұлшық еттерінің жеткілікті дамымауы, қозғалыс кординацияларының нашарлығы, өз іс-әрекеттеріне көз бақылауының әлсіздігі) мен аппликациялық жұмыстардың өзіндік ерекшелігі ескеріле отырып, оларға қайшы. берілмейді: олар барлық формалар мен силуэттерді дайын күйінде алады.
Бағдарламаны өту. Екінші кішкентайлар тобында аппликация сабағы екі аптада бір рет жүргізіледі. Оқу жылының барысында 19 сабақ өтілуі керек. Балалар алдыңғы сабақтардағы алған бұрынғы білімін, іскерлігін және дағдыларын ұмытып қалмауы үшін алғашқы сабақтардың арасын ұзатпаған жөн.
Сабақтың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олардың барлығы бағдарламалық міндеттердің орындалуына көмектесуі қажет.
Формамен таныстыруды шеңбер мен квадраттан бастаған дұрыс, өйткені олар, әсіресе, шеңбер балалардан қағаз бетінде күр-делі кеңістіктік бағдар жасауды қажет етпейді: шеңберді калай салсаң да, бәрібір дұрыс жатады.
Қағаз түстерін меңгеруі үшін балаларға өте қарама-қайшы түстерді беру керек: қызыл-жасыл, сары-көк. Балаларға жолақка, квадратқа, шеңберге қарапайым өрнек жасауды ұсына отырып, басында бір түсті, соңынан түсі, формасы және көлемі әр қилы түрлі фигураларды берген жөн.
Балаларға заттық бейнелеуді құрастыруды үйретуді екі-үш бөліктен түратын қарапайым заттардан бастап, біртіндеп күрделендіре беру керек.
Оюлы және заттық аппликацияны жасай отырып, балалар кеңістіктегі фигуралардың әр түрлі қозғалысын білдіретін сөздерді біртіндеп меңгерулері және ол білімдерін іс-әрекетте пайдалануы қажет.
Бұл топтағы барлық сабақтар тақырыптары түсінікті, бейнелі, балаларға жеңіл және қызыкты болуы шарт. Тәрбиеші өз бетінше өз ойына сүйеніп, сабақтың тақырыбын таңдап алады, бірақ заттық пен декорациялық аппликацияның ерекшелігін дәл ажырату қажет.
Заттық аппликацияның қарапайым болғаны дұрыс. Балалар заттық бейнелеуді, жапсыруды шеңбер, квадратты пайдалана отырып үйренеді: жолмен деңгелеп бара жатқан шариктер, суретті альбом, моншақтар, ауа шарлары, түрлі түсті жалаушалар, жіпте ілулі тұрған орамалдар. Сонан соң тақырыптар күрделене түседі: саңырауқұлақ, доп, (екі жарты доптан тұратын), сылдырмақ, гүл, ақша қар, светофор, жатпайтын қуыршақ, мұнара, үй, балапан, жалауша, иттің үйшігі, арба, желкенді қайық.
Балалармен аса күрделі емес декорациялық аппликация жолақты, төртбұрышты және шеңберді пайдалану негізінде жүргізіледі. Балаларға олар әшекейлеуді қажет ететін зат ретінде ұсынылуы керек: жолақ ретінде қуыршақтың бөкебайын, кітаптың арасына қойылатын белгіні, кілем төсенішті, белдікті; ал төртбұрыш ретінде қуыршаққа арналған кілемшені, сәнді орамалды, дастарқанды; шеңбер ретінде әдемі тостағанды, салфетканы, гүл егілген үйме топырақты пайдалануға болады. Бұлардан басқа кейде балаларға түрлі өрнектер мен әшекейлеу үшін қарапайым силуэтті бейнені ұсынуға болады: кесе, көбелек, шағын шелек, т. б.
Бағдарламалық материалды жете ұғындыру үшін балаларға дайын формалар мен силуэттерден қарапайым сюжетті ұсынуға болады (қағаз бетінде кеңістік құрайтын ірі формалар, бұны күні бұрын тәрбиеші өзі желімдеп қояды). Қарапайым сюжетті аппликацияны кейде оқу жылының барысында, әсіресе, жазғы уақыттарда берген жөн. Мұндай сабақтардың тақырыптары балаларға түсінікті болуы керек. Мысалы: хайуанаттарға арналған үйшік (силуэтті балалардың таңдауына беру керек), доппен ойнап жүрген мысық, жонглер піл, балапандарын еріткен тауық (оның бейнесін тәрбиеші жапсырады).
Балалар мұндай аппликацияны орындай отырып, кеңістік туралы түсінікті меңгереді және өздерінің жұмыстарының мәнін түсіне бастайды. Мысалы, жол бойымен бірінен кейін бірі келе жатқан мысықтардың силуэтін жапсыра отырып, балалар «өте тату» екен дейді. Ал егер олардың біреуі әр жаққа қарап тұрған мысықтарды желімдеп жапсыратын болса, онда балалар «мына мысықтар ұрысып қалды» дейді.
Кейбір сабақтың тақырыптарын практикалық мәні бар апп-ликация жасау үшін тиімді пайдалануға болады, мысалы, әр түспен әшекейленген көбелекпен веранданы, кітап арасына салынатын белгіні безендіруге болады.
Кейде, әсіресе, жазда ұжымдық жұмыстар жүргізген жөн. Балалар ұжымдық аппликацияны дайын формалар мен силуэттерден жасайды, мәселен, «Ойыншықтар дүкені» (балдырғандар ойыншықтардың түрлі силуэттерін жапсырады, ал кейбір ойыншықтарды жеке бөліктерден кұрайды), «Жазғы шабындық» (үлкен жасыл тік бұрышқа әр түрлі көбелектердің, коңыздардың, гүлдердің силуэттерін түсі, формасы және көлемі бойынша жапсырады).
¦жымдық жұмысты тon бөлмесін, қуыршақ бұрышын безендіру үшін пайдалану тиімді. Олар балаларды қуантады, эстетикалық сезімін дамытады, олардың аппликациямен жұмыс істеу ынтасын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет