Ыту теориясы мен технологиясы


Естиярлар тобындағы жапсырмалау



бет30/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

3. Естиярлар тобындағы жапсырмалау
Бағдарламаларды өту. Бес жастағы балаларға аппликация сабағы екі аптада бір рет, ал жылына 19 сабақ жүргізіледі.
Бағдарламалық материалды өту кезінде басты назар балалардың біртіндеп қайшымен жұмыс істеу техникасын меңгеруіне аударылады. Алайда кию тәсілін басты мақсат етіп қоймау керек: көбіне ойлаған нәрсені бейнелеп қиюға назар аудару қажет. Тәрбиеші балдырғандардың зейінін аппликациянын бейнелеу жағына бағыттайды.
Бұл топта балалар біртіндеп күрделенудің принципін сақтай отырып (қарапайым бейнелеуден детальдары мен формаларының саны көп күрделі бейнелеуге көшу аркылы) заттық, декоративті, сюжетті аппликацияларды үйренеді.
Балалар қайшыны пайдаланудың техникалық тәсілін бірте-бірте үйренеді. Қию тәсілдерін меңгеру — бірнеше қайталауды қажет ететін ұзақ процесс, бірақ олар балалар үшін қызық және оңай болуы керек.
Оқу жылының басында, жаздан кейін, бұрынғы сабақтарда меңгерілген жұмыстардың тәсілін еске түсіру керек. Сондықтан алғашқы сабақтардың бірін дайын формаларды пайдалану негізінде жүргізу қажет. Қайшы содан кейін ғана пайдаланылады. Балалардың бар зейіні қайшыны дұрыс ұстау мен оны калай пайдаланатындығына аударылатындықтан жұмыстың сапасы балалар дайын форманы алған алдыңғы топтағыға қарағанда нашар болады. Балалар қайшыны дұрыс пайдаланудың техникасын бірден меңгермейді, сондықтан оларды түзу сызық бойымен кесуге үйрету, ал сонан соң бұдан гөрі жалпақ түзу кесіндіні қиып алуға үйрету керек.
Әрбір сабақ балалар үшін алдыңғы сабаққа қарағанда басқаша болу керек. Алғашқы сабақтың бірінде балалар «дүкен» ойыны үшін билеттер мен чектер жасайды. Ойынмен байланыстыру жұмысқа қызығушылықты арттырады. Келесі сабақтар да бірыңғай, бір текті болмас үшін жекелеген жағдайларда (балалар түзу сызық бойымен қағазды кескен кезде) дайын формалар мен силуэттерді пайдалануға болады. Балалар қиған жолақтармен силуэттермен толықтырылған қарапайым заттық бейнелеу образ жасауға, кейде шағын сюжет жасауға көмектеседі. Егер аппликация жасау үшін дайын силуэттер, берілсе, мысалы, мынадай қарапайым тақырыптардың өзі (шарбақ, орындық, саты, қақпа сияқтылар) жанданып кетеді. Онда қонжық сатымен тырмысып бара жатар еді, орындықта мысық отырып, ал әтеш шарбақта шақырып жүрер еді. Қақпаның астынан тіпті машина да өтіп бара жатар еді. Қағаз жолақтарынан кез келген ойыншыққа арба, куыршақ мебельдерін жасауға, үйшік тұрғызуға, ёлка, қар ұшқынын жасауға болады. Осындай бір-екі сабақтардан кейін, өзінің бағдарламалық мазмұны бірдей болғанмен, бірақ бейнелілігі мен мәнерлілігі әр түрлі, балалардың шығармашылық белсенділігін арттыратын сабақ жүргізуге әбден болады: балалардың өздері қиған түсті жолақтарынан түрлі заттық бейнелеуді, өрнекті, композицияларды жасауды тапсыру керек (гүл, жұлдыз, жалауша және т. б.).
Келесі сабақтарда балалар тік үшбұрыштардан қисық кесінділер кесуге, квадратты диагоналы бойынша (бұрышынан бұрышына қарай) кесуге, қағаздан трапеция мен үшбұрыш қиып алуды үйренуі керек. Балалар үйді шатырымен және терезесімен, желкенді қайықты, шыны-аяқты, жалаушаны аппликациялы түрде бейнелей алады.
Квадрат және үшбұрышпен олар жолақты (бөкебай, бет орамал); квадратпен кілемді, салфетканы, открытканы; шеңбермен тостағанды безендіреді. Декорациялық жұмыстарды орындау үшін балаларға өте үлкен емес дайын шеңбер, сопақша, гүлдер мен жапырақтардың силуэттері ұсынылады.
Балаларға дөңгелек формаларды (шеңбер мен сопақша) кесу тәсілдерін үйрету аса қиынға соғады. Заттық бейнелеуді тандай отырып, жұмыс көлемінің шамасын ескеру керек. Балалар акқаланы, жатпайтын қуыршақты, жемістерді, самолетті, пирамиданы, қызықты ойыншықтарды қия біледі.
Оқу жылының ішінде кейде балаларга қарапайым сюжетті композициялар ұсынылады: ормандағы жолмен домалап бара жатқан колобок, көгалдағы балапандар, шөп арасындағы саңырауқұлақтар.
Сабақта балалар тек жеке өзі ғана емес, сондай-ақ ұжымды түрде жұмыс істейді. Олар үлкен аппликациялық кілемді, түрлі овощтар мен жемістерге толы дүкен сөресін, әуедегі самолетті бейнелей алады.
Бұдан басқа естиярлар тобында балаларға өз ықтиярымен аппликация жасауға мүмкіндік беріледі: анасына арнап открытка жасауына, өзінің жақсы көретін ойыншықтарын қиюына, дайын силуэтті карапайым ою-өрнекпен безендіруіне (алжапқыш, қолғап, малақай), әркімнің қалаған нәрсесін қиып және жапсыруына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет