Құммен сурет салу – өткен ғасырдың 70 жылдары Ақш –та пайда болып, біздің Қазақстанға 2009-2010 жылдары бұл өнер кеңінен тарай бастады. Алғашында құммен сурет салу анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылды. Қазір бұл нағыз өнердің өзіне айналған сыңайлы. Шыны бетіне құмның көмегімен көрініс тапқан суреттерді болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетуі мүмкін. Саусақтың сиқырымен салынатын мұндай әдемілік пен нәзіктікке толы өнерден кез-келген жанның әсерсіз қалмасы рас. Құммен сурет салу – өте қызықты,сонымен қатар, пайдалы өнер. Бала қиялындағысының қиюын әзірге келтіре қоймаса да, шыны бетіне қалаған мүсінді түсіруге болатынын түсінеді. «Осындай тамаша әдіс арқылы балалардың шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік мол» дейді ұстаздар. Бұл өзге сәбидің есте сақтау қабілеті артып, ой жиегі дамиды. Құммен сурет салу кезінде саусақтардың епті болуына да әсері мол. Түйіршіктермен ойнаған кезде баланың моторикасы дамиды. Іс – қимылындағы координациясы жақсарады. Құмдық терапия- ол адамның ойлау қабілетін дамытады. Зейіннін арттырады.Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы өте көп.Сурет салудың басқада түрлері секілді, аталмыш өнер адамның қиялын, кеңістікті қабылдауын, есте сақтау қабілетін дамытып, әсіресе балалардың дұрыс жетілуіне пайдасы өте зор.