Ыту теориясы мен технологиясы



бет58/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

Дәріс №15. Тақырыбы: Ұлттық сәндік қолданбалы бейнелеу өнері

1. Сәндік-қолданбалы өнер туралы ұғым


2. Қазақтың ою - өрнектері және түрлері
3. Балабақшада ұлттық киімді әшекейлеу
1. Сәндік-қолданбалы өнер туралы ұғым
«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің бұл түрлерінің өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері, әшекейлік ою-өрнектері бар. Ою-өрнек латынның ornament – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Оған көптеген ғалымдар (А.В.Филипов, С.В.Иванов, И.Г.Ковалев, К.Е.Ибраева, К.К.Ералин, Ж.Балкенов және т.б.) өздерінің анықтамаларын берген. Қазіргі кезенде мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие ісін жас ұрпақты жарасымды дамытуға баса көңіл бөлінуде. Олардың бірі «Ою-өрнекті үйлесімділік өнер десе, екінші – символдар байланысы, үшіншісі бейнелеу өнерінің өте ертеден келе жатқан түрі, төртіншісі – адамға қажетті тұрмыстық идеяларды шартты символикалық пішінде суреттейтін бейнелеу өнерінің айрықша түрі, бесіншісі қазақ ою-өрнегі көркем бұйымдарды әшекейлеудің ең басты көркемдік элементі, тағы бірі қазақтың өрнегі – қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы деп түсіндіреді. Солардың ішінде «ою-өрнек» ұғымдық мәнін С.Қасиманов, Ұ.Әбдіғапбарова толық ашып көрсетті десе болады. Егер С.Қасиманов: «ою» деген сөз бен «өрнек» деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де «ою» дейді. Ал «өрнек» дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе «ою-өрнек» қосарланып айтыла береді» – десе, Ұ.Әбдіғапбарова: «қазақ ұлттық ою-өрнегі дегеніміз, адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар» – деп ой тұжырымдайды. Мысалы, қазақ халқы киіз, текемет, сырмақ, түс киіз және т.б. бұйымдарға ою, өрнек түстерін орналастырғанда өзіндік ережеге сүйенген, олардың бояуын белгілеуде үлкен жауапкершілікпен, талғаммен қараған. Қыздардан бояулар үйлесімділігін нәзік сезінуді, кескіндеменің заңдарын түсінуді, геометриялық сызықтар мен фигураларды білуді, табиғаттың табиғи формаларын түсінуді талап еткен. Түс киіздің бірнеше түрлерін меңгерткен (алуан түрлі ою-өрнек түсірілгені, жібек жіппен кестеленгені, зер жіппен гүл, өрнек түсірілгені, оқаланғаны, төңірегіне құндыз ұсталғанды, кей жеріне алтын, күміс теңгелер мен меруерт маржан қадалған аса қымбат түскиіздердің ортасына жолбарыс, ілбіс, қабылан, сілеусін және т.б. аң терілерін жапсырған түрлері)
«Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин, Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.
Жіктемелердің ішінде біз Ұ.Әбдіғапбарованың жіктемесін толығымен қолдаймыз, өйткені бұл қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің атқаратын міндеттерін толығымен ашып көрсетуге, әшекейлік (ою-өрнектік) мазмұнын бір-бірінен ажыратып көрсетуге, өнер түрлеріне қарай сұрыптап пайдалануға, сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің кейбіріне толықтырулар ендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, зерттеу мақсатына қарай біз Тоқыма өнері, Киіз өнері Кесте және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясын былайша толықтырамыз: кілем (түкті кілем, тақыр кілем, басқұр, желбау, бау; қоржын, аяқ қап); алаша (қақпа, бұхар, кежім, терме); бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары); ілмекпен тоқу. Киіз өнері: киіз (ақ киіз, от киіз; текемет (ақ текемет); сырмақ; аяқ қап, қоржын, жайнамаз. Кесте және тігін өнері: киім тігу, тұрмыстық бұйымдар тігу мен кестелеу түрлері. Ұлттық киімдердің түрлері: ұлттық сырт киімдер: (жадағай, шапан, жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан, тайжағы, тон, ішік, шапан, шидем); сұлықтар: «аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен); іш киімдер (бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар, жеңсіз); ерлердің бас киімдері (бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ, тақия, тымақ, шалма); әйелдердің бас киімдері(тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба, кимешек, қарқара). Төсек жабдықтары: көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: орама ши (алаша ши, есік ши, жолым ши және т.б.); ақ ши (өре ши, мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын ши, қабырға ши және т.б.; шым ши(кілем ши, тұс ши және т.б.); шиден жасалатын тұрмыстық заттар (масахана, шыпта, қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп, кесе түп, қазан түп және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет