2. Бірінші кішкентайлар тобына сурет салу Тәрбиелеу және үйрету бағдарламасы. Сабақтарда балалардың бейнелеу іс әрекетіне қызығушылығын, оған эмоциялық қатынасын, тәрбиешіні тыңдау және есте білу, оның суреттен көрсеткендерін көру және байқау шеберлігін қалыптастыру, белгілі бір мақсатпен әрекет жасау керектігін көрсету арқылы тәрбиелеу қажет.
Балалардың сурет салу іс-әрекетін меңгеру үшін қолдың қимылын, оның үйлесімін, ырғағын және әлденеше рет бірыңғай қимылдарды қайталай білуге жаттықтыру керек. Сурет салу, мүсіндеу процесінде балалардың түйсігін, олардың қабылдауын, тәрбиешінің бірте-бірте сөзбен сіңіре беретін білімін, балалардың (жұмсақ, серпінділік, көлемі, түсі, ) таным қасиеттерін дамытқан жөн.
Балаларда суреттің затпен ұқсастығын іздеп табуға және оның атын атауға іскерлігін дамыту керек, өз суретін «оқып», түсіну қабілетін, сонан соң суреттің әр түрлілігін байқауға балалар салған суреттердің арасынан өз суретін тауып, не салғанын айтып беруге баулыған жөн.
Бейнелеуге бейімдеу. Бірінші кішкентайлар тобында тәрбиеші балаларды бейнелеуге, суреттің бейнелеу сипатын түсінуге бейімделеді. 3 жасқа қараған балалар бір заттың нақты пішінін бере алмайды, сондықтан тәрбиеші оларды кескіні айқын емес формаларды бейнелеуге үйретеді ( олар белгілі дәрежеде дөңгелек немесе бұрышты затқа ұқсауы мүмкін). Сурет сабағында ол балаларға дайын бейненің кейбір жетіспейтін әсерлерін толықтыра түсуді ұсынады. («Әуе шарының жібін», « жалаудың сабын»)
Тәрбиеші балаларға қағаз бетіне бояуды жағуды ұсына отырып бір қалыпты бірнеше рет қайталауға бағдарлауға үйретеді. Бағдарлама ою салуды үйретуді міндет етіп қоймайды, дегенмен жағылған бояудың әшекейлі, қарапайым бір композицияда болуы балаларда өзінің ырғағымен және бояуының ашықтығымен қуантады.
Сурет сабақтарында балаларды түстерді айыра білуге оқытады (қызыл, сары, көк, жасыл) оларды сурет салу кезінде қалай пайдалануды арнайы үйретеді. Балалар сол бейненің түсіне қарап кез келген бір ат қояды («шөп», «гүл»).
Тәрбиеші балалардың зейінін әртүрлі түстердің дақтарына, сызықтар сипатына аударады. Айналадағы болмыстан ол мынадай құбылыстарды сызықтардың ырғағын, шимайларды қарама қарсы түстерді балалар айта алатындай етіп тыңдап алады. Балалар жапырақтардың қалай түсіп жатқынын, жаңбыр немесе қар жауғанын, көктемдегі жаңбырдың тырлысын, жылғылар ағысын суретке салады.
Мектепке дейінгі кішкентайлардың суреттерінде әрекет пен байланыс мазмұнына ұмтылушылық байқалады. Сюжетті сурет салу процесі өзгеше. Бала бір нәрсені бейнелейді де, көбіне сөзбен немесе қимылмен жеткізеді. Ол суретті сол жағдайдың ішінде жүргендей етіп салады. Образ жасау бала үшін әр түрлі сезімге байланысты құрылады, сондықтан балаларды тәрбиелеу үшін салынатын бейне мен көрініске деген сезім қатынасын арттыра түсу қажет, өйткені сурет салу процесі кезінде оның алдында қарапайым сызықтар мен формаларға, бояу жағындыларына «жан бітеді».
Техникалық дағдылар. Тәрбиеші балаларды бірінші сабақтарда–ақ дұрыс отыруға үйрету керек (столда өте көп еңкеймей, түзу отыру, суретті оң қолмен салу, сол қолмен қағазды басып тұру). Қарындаштармен және бояулармен сурет салу үшін, бір қатар техникалық дағдыларды меңгеруге тура келеді: қарындашты дұрыс ұстау, үш саусақпен ұстау, қаламның ұшталған жағына қолды онша жақындатпай, сұқ қолмен үстінен басып тұрып, барлық саусақтармен дұрыс қимыл жасау керек. Қарындашты саусақтармен қатты қысып ұстау қолды тез шаршатады және өте әлсіз саусақтар қарындашқа ие бола алмайды да, сондықтан түсе береді.
Балаларды бояумен сурет салу кезінде қылқаламның түгін бояуға батырып алған соң, жеңіл қимылмен ыдыстың аузына сілкіп, артық тамшыларды түсіру керек.
Балалар суретті тек қағаз бетіне салуы керек, қолына, столға, киімдеріне жағып алмай, қарындашпен тарсылдатпай, барлық құралдарды ептілікпен пайдаланған жөн: сабақтан соң әрқайсысын өз орындарына жинап қоюы керек.