Ыту теориясы мен технологиясы



бет5/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

2. Бейнелеу өнерінің маңызы
Балаларда өнер арқылы әсемдікке сүйіспеншілік және ынта тәрбиелейді, эстетикалық сезім дамиды. Олардын алдында айналадағы дүниенің, формаларбың, қыймыл-қозғалыстардың байлығы мен сан алуан реңі ашылады. Өнердің көмегі арқылы балалар жаңа заттармен және өмір құбылыстарымен танысады, жоғары идеяларға бой ұрады, біздің елімізде болып жатқан үлкен өзгерістерге үн қосады. Мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі сабақтарда бейнелеу өнерімен таныстыру балалардың түрлі жанырдағы шығармаларды толық қабылдауына жағдай жасайды. Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі курсының мақсаты студенттердің эстетикалық мәдениетін көтеру және мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне үйрету.
Пәнді оқыту міндеттері: болашақ мамандарды бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы әдістеріне үйрету; сурет салуда, кескіндемеде, композицияда, бейнелеу әсерлі құралдарын пайдалану, дағдылары мен біліктерін қалыптастыру; көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар жасау, оларды сабақта қолдануға үйрету; педагогикалық және әдістемелік әрекеттерге дайындау. Бейнелеу өнерінде балаларға көрсетілген шығармалардың мазмұны бай және алуан түрлі болуға тиіс. Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісі болып табылады. Бұл салада балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, заттар мен қоршаған әлем құбылыстарын танып үйренеді. Бейнелеу іс-әрекетіне ынтанын тууына, жасалған обрызға балагың көңілі мен сезімін шоғырлануына жәрдемдесетін, қиындау жұмысын күшейтетін эмоциялар үлкен роль атқарады. Бейнелеу өнері жөніндегі сабақтар, оқу тапсырмаларын орындаудан басқа, балаларды жан-жақты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Сурет салуға, мүсіндеуге аппликацияға үйрету мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін беруге жәрдемдеседі. Бейнелеу өнері қоршаған өмірді танып-білумен тығыз байланысты. Мұның өзі алдымен материалдардың қасиеттерімен тікелей танысудан, әрекеттің алынған нәтижесімен байланысын танып-білуден басталады. Одан әрі бала айналадағы заттар туралы, материалдар мен жабдықтар туралы білім алуын жалғастыра береді,алайда оның материалға деген ынтасы өз ойын, айналадағы дүниеден алған әсерін бейнелеу формасында беруге ұмтылуымен сабақтасып жатады. Бейнелеу өнері балалардың ақыл-ойын, сана сезімін қалыптастырыды. Бейнелеу өнері әрбір баланы жан- жақты дамытып, өмірге жаңа көз қараспен қарауға көмектеседі. Сонымен қатар өзіне жүктелген істі ұқыпты әрі жауапкершілікпен орындауға дағдыланады. Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты. Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсібі бейнелеу өнерінің дамуының негізгі терігі, республика үшін жаңа. Еуропадан келген ақсүектік станоктық мүсін өнері мен майлы боямен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес үлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды. Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырп – ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды. Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғат – анамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буыны – қас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеу – міне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет