Жаңбырменен жер, батаменен ғана ел көгерер.» Ел қадірімен (аруақ), сөз қадірін (астарлы құпия сөз) сіздер білмегенмен,сөз аңдыған қуанып отырған сыртан жау бар екенін ескеріп және қазақтың болашағы, батаменен өсіп келе жатқан Абай, Шәкәрімдер алдында осы қателіктердің тарих таразысы болатынын ұмытпайық ағайын! Қазақ халқы ғана емес, әлем жұрты алдында киелі кітаптардың атымен ант етемін! Ақиқаттың әлемдер алдында айқындалып, бабалар еңбегінің әлем білмеген ғылыми құпиясын жариялайтын, асыл шапандарын торқалап қайта жабатын уақыт жақындап қалды. Болашақта сол ақиқатқа тура қарай алатындай лайық болайық! Дауласақта жауласпайық атқамінген, таққа мінген ағайындар! Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Қарасай ауданы Алғабас ауылы Бейбітшілік №6. 2009 жыл Сәуір айы.».... Осы мақаладан кейін де елге желтоқсан айы мен ақпан айының аяғында келетін дінге сынақтың және әлем елдеріне Құрбан айының алғашқы 10-күнінде қамшы, белгі түсіп, әр елдің жыл бойына қандай апаттармен жазаланатынын ескерткен, Құран үкімі бар екенін білдіргенмен, осы уақытқа дейін құдайынан қорыққан, құранына зер салып үңілген, ел басшыларын кездестіре алмадым. Және ең бір менің ақылым жетпейтін жері де осындай шешімдеріне; «...Вместе с тем ущерб здоровью граждан в значительной степени наносит и пропаганде вышеуказанной движении их последователями, имеющими лицензии или удостоверения на право занатия народной медецинии (целителством)» пәтуларына өздері қарсы болып, енді мекемелер ашып, әркім өз білгенінше зияратаудың бағасын, нарқын қойып орындауға және ол енді «фис»+«кальды» мемлекет мүшелерімен 100-деген осындай ұсақ ата жолдықтарды қадағалап, емдеу ісіде қағаз ұлықсатнама бертін «органдары» арқылы атқарылса, онда; «...если открыт отдельно как придпринимательский деятелность и поставит на учет местных фискальных органов, а не одавать пожертование кому попашему, назвавщему себя акку, сункарами то движение ата жолы, заветы аруахов то не вредит ушерб здоровью населения и оплатив налоги местных фискальных органов или так договарившив местных законо творцами или поручивься покровительством, приближеных властелинам, то ранее потерявщися силу решением судом, теперь внов, это же лицензи обретает свою силу лечений и очищений блогодаря придуманами нами законами республики а не указами, аятами бога или творца ихних...» деген ел басқарушы заңгерлердің логикалық даналықтары заңға «қарарға» айналып, енді ата жолынан ел қауіпсіздігіне зиян келмей құдайдың орнына өздерін тағайындаған, тағы заң жүзіндегі әрекеттерді қалай түсінуге болады? Мұндай зұлымдыққа әлі кезге дейін Құдайдың ашық белгілері түсіп, халық қоса сыналғанмен, оған көз жұмып бейтарап отырған мемлекетіміздің ел басқарушылары халықтың ғұрпынан, жер анасынан кіндіктерін өз қолдарымен кесіп, шал емшегі нақыл мен мақалдарын, аманаттарын ұмытып, ата- дінінен бөлектегенмен, бәрібір оларды да туған, тудыруға себеп болып, маңдайларына жазылған, тағдыр-діні жер анаға, көк отанына тәуелді болғандықтан да, бірақ сөз жүзінде, тіл жөнінде халықтан діні бөлектің рухы да, жаны да бөлек болып, «Жаны ашымастың қасында басың да ауырмасын», «Бөлінгенді бөрі жейді» депті аталарымыз. Сонымен мұндай зұлымдыққа түсуге тағдырларын тажалдың еркіне, өз қолымен ұсынғандарды енді; «Құдай аясын!» деп, әрі қарай өздері түгіл халықтың рухани ортақ қазынасына, ұрпақтар санасына да қалай қастандық ұйымдастырып жатқандарымен танысыңыз; 3-ші заң. «Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.» Астапыралла деңіз. Қазақ халқы жартылыстан мұсылман болып, өз міндетті дінін қадірлеу арқасында ғана, жаратқанның нығметіне бөленіп, осындай жер байлығына еге болған дініміз-жеріміз болған, халқымыздың жер-дін құқығы енді міндетті емес, деп шешім шығарыпты та, әлем халқында болмаған тажалдық белгі қазақ елінен басталып, жалпы мемлекеттік негізгі діні жоқ халықтың, жері де, туы да жоқ болып, ата бабадан келе жатқан аманат, уәде дініміздің бейнесі болған, ұлттық ерекшелігіміз, яғни ел таңбамыздың да, туымыздың да енді осы заң арқылы мәні де, мақсаты да жоқ екен. Мұндай тажалдық пәтуаны түсіну үшін көп оқып, құранды зертеудің де қажеті жоқ. Қатындарға тән, 3-күндік (30-жылдық тек дүние тіршілігі тәжірибесіне ған негізделген) «логикалық», жіңішкелік пайымдауымен де түсінікті жағдай. Бұл енді сырттан келген, жансыздардың толық жеңісі және тажалдық үстемдіктік европалық тәсілі болып табылады. Негізінен дін; ұлттың рухани жаны болып, оның таңбасы әр елдің туы, мөрі ел таңбасы болатынын жаратылыстан Раббымыз көрсетіп, белгілеп, бір-біріңнің ерекшеліктеріңді біліңдер деп ескерткен құранда да. Сонымен бұл заңның тармағы арқылы да тағы да қазақ халқының, ұлтық діні болып, еліміздің ғұрпын және табынғандарын, аруақты да мойындамаймыз, және халықпен бірге құлшылық қылушы да емеспіз деп ашық ескертеді. Енді діліміз, тіліміздің қазынасы, ұлттық мирасымыз, дін-жанымыз, халықтық сипатымыздың дінмен яғни Құдаймен қорғалуы да міндетті емес. Сондықтан халық үшін өздері шешім шығарып, исламды, бабаларымыз меңгерген аманаттаған өсиеттерді, Абай-Шәкәрім рухани құндылықтарын, мемлекеттің басшылары білу міндетті емес, және біз енді бұдан былай ислам елі болып саналмаймыз, мемлекетігіміз де жоқ рухани тұрғыда европаның боданымыз деген ұғым ашық бейнеленіп тұр. Сондықтан да аталарымыз; «Бөлінгенді бөрі жейді» деген мақалының ақиқаты ашылып, Құдайдың лағнеті сынақ болып бейнеленіп, еліміздегі заң мекемелеріне, ояздарына ашықтай қарсы болған бұзықтықтардың пайда болу себебін де осы заңның бір тармағы ғана растап тұр. Ал, әрбір заңның тармағы екінші заңмен жазамен қорғалу керек міндетті болғандықтан, енді исламды міндетті дін деп жазудың, айтудың өзі жазалану керек болады. Сондықтан да, еліміздегі қанды қырғындардың пайда болу себебін осы заңның бір тармағы жауап беріп тұр. Аталарымыздың; «Басқа бәле тілден, сөзден келеді» деген нақылы осы заң сөзіне қарсы, Раббымыздың өз-ара қан төгіс сынағын түсіріп қойғаны хақ деп біліңіз. Және мұндай жағдайда халықтың пікірін жеткізетін, бұл шешімге бұған қарсы тұрып, мұндай сөз жүзіндегі зұлымдық бұзықтықтарға, тиым салатын, масхабтық діннің де, ата заңымыздың да, ақсақалдар кеңесінің де міндеттілігі, осы заңмен күшін жойған, қалыптастыру да мүмкін емес. Сонымен осындай ниеттілігі, ұлтық маңызы, отаны да, мирастығы да міндетті болмаған әйтеуір бір дінге, топтық сенімге келген ақылы толмаған жасты осындай заң шығарған «Кәпірлерге» айдап салуға, шет жұрттың арам ниетті дін топтарының арамызға іріткі салып, азғыруына есік емес, ел билеушілері ұлтына ашық қастандық заңмен қақпаның да ашып қойғанын тек санасыз ғана түсінбейді. Сонымен 9-шы заңнама; «Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидасына сәйкес діни бірлестіктер: 1) мемлекетік органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне арласпайды...» Яғни енді қандай заң шығарса да халықтың зияратауын, ұлтына сай тазару емшілік істерін тоқтату мүмкін еместігін білген заңгерлеріміз, осындай бағытынан қайтпайтын сенімнің батырлары ата жолдықтар үшін «Аруағымен, Құдайыңмен қоса бізден аулақ, ісімізге ойымызға келгенін істеуімізге кедергі бола алмайсыңдар» деп күшеніп отыр. Дін жаншырлары ешқандай мемлекетік органдардан көмек жәрдем сұрамақ түгіл, енді рухани да, тәрбиелік те ғылым-білімді дамытуға, тазарту емшілік істермен айналысуға да қызмет көрсетуге болмайды. Себебі мемлекеттің арнаулы мұндай «фис»-«кальдық» (боқтан да ақша жасауды білетін) «органдары», жетілмеген кеміс, жансыз мүшелері барлық осы айтылған саларды қамтитыны да хақ. Және енді исламды мемлекетіміз арнаулы дін деп қарастырмағандықтан, Құран аяттары да күшін жойып, пайғамбар өсиеттеріне сүйеніп, әрекет қылу да маңызын, күшін жойып, енді тек қолдан жазылған кітаптар, заңдар түрінде ғана атқарылуға тиісті. Құдайлық үкім болып оқылған, бірақ ғұрып түрінде орындалып, қағидалары жазылмаған заңдарға айналған, аталар аманаттары, ескіден қалаған даналықтар қазақ елінде осындай «кемеңгер» басшылардың арқасында өлді! Олай болса, қазақ елінде дінді тірілей өлтіріп, көміп тастап отырғаны хақ. Сондықтан барлық ақпараттық мекемелер, осындай биліктегі қаражаты барлардың жеке меншігіне айналып, өздерінің надандық, зұлымдықтарын ақтау үшін және «бөліп ал да билей бер» деген жікшілдік, партияшылдық мүдесін іске асыру үшін пайдаланатынын әзір тек дүниенің, ойын-сауық қызығының соңына түсіп, шайтан жамағаттарына айналған, қаланың маңында, өздерінің айналасында жүргендерге ғана түсініксіз. Бірақ Абай атамыздың; «Қазақ тұрмас тұрықтап, қызық пенен тыныштыққа» деген астарлы ескертумен, қазаққа тән тез есін жиятын, аруағын іздейтін «кармалық» ерекшеліктерімізді, бұл топтағылар есепке алмайды екен. Сондықтан да менің осы жазбаларымды соттап, қудалауға, аруақтан келген ақпартарды да таратуға, елді бірлікке, сабырлыққа, алдағы келе жатқан апаттардан сақтандыруға, арсыздықтың қақпанынан құтылуға шақырған, Раббымыздың түсіріп, аруақтардың оқыған насихатына да тікелей мемлекетіміздің тиым салған бабынан; 15-ші заң;«Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана ірткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, өздері басқаршылық деңгейін төмендетуге әкеліп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс әрекетерді жасауға жол берілмейді.» Барлық рухани жолды көрсетуші Құдай емес, енді ел басшылары болып, өздерін тәңір етіп жариялағанын ашық білдіреді де, шайтандық әрекетердің арасының үзілмеуін, надандардың әрі қарай халқына, рухына, таныған Құдайына қарсы өз саясатын үздіксіз жүргізе беруді заңмен қорғалып, мейлі қандай да халықтың мүддесіне кері шешімдер болсын, оны талқылауға да болмайды. Және де бұл пәтумен халық қалаулылары дегеннің өзі, өздерінің қалауын қалыптастыртын «органдары», яғни мүшелері болып халықпен арада елдің мүддесін қорғайтын, маслихат деген, діндегі еріктілік, пікір таластың, сынның айтылуына да тиым салумен бірге және енді мен сиынған аруағыммен бірге, нағыз қылмыскердің өзі болып шықтым. Себебі осындай басылымдарда философиялық даналықтардың өлгенін, еліміздің философия, психология мектептерінің білімінің рухани жетімсіздік, жалғандығын және әліме қарамай, саясаттағы, ел басқарудағы баспасөз саясатына да, емшілік рухани арнаулы бекітілген масхаб білімінің жалған, қателіктерін көрсетумен тікелей ел басшыларының абырой, атақ беделдеріне нұқсан келтіретін және тағы да әлемге масқара қылатын, рухани ақпараттарды жазып, таратуға Раббымнан ұлықсат түсуін күтіп отырған, шешім қабылдаған да жайым бар. Бұл заңның бабында; «Ұлтық рухани құндылықтарға, халықтар бірлігіне, психология, философия біліміне, тіл, сөз құндылықтарын бұзып, рухани аздыруға, бүліншілікке, жан күйінің дертіне соқтыратын ақпарттарды таратуға тиым салады» дегендей, сіз бен біздің мемлекетіміздің барлық ұлттарының, тұрғындарының мүдесін қорғайтын заң болып жазылса неге қарсы болу керекпіз? Және өздерінің; «..Методы "исцеления" "Ата жолы" невозможно отнести к народной медицине» деген пәтуаларына сәйкес, дін ісі мекемесі болғанан кейін, белгілі бір «халықтық емдеу ісінің негізгі тәсілдері және заңдылықтары» деген, Өтеубойдақ сияқты бабалар еңбегін талқылап, ұлтық рухани құндылығымыз ретінде ғылыми кеңестің, дін, философия, психология ғалымдарының ортақ шешіміне сүйену арқылы шығарылған баптың қағидаларының болуы керек еді. Бірақ ондай қағида, халықтық медицина орталығында да қалыптасып толық жүйеге келтіре алған жоқ. Келтіру де мүмкін емес, себебі дәрігерлік ғылымда да Ибин Сина қағидалары, еңбек білімдері де, пән ретінде оқытылмақ түгіл, жартысын мүлде ұмыт қалдырып, шипагерлік арнаулы мединциналық біліміде қарастырылмайды. Және уақыт қозғалысы, заманның қуаттық ағымының өзгерісі, дәуірлердің тоғысына сәйкес пайда болатын ауру себептеріне қарай, түсіріліп тұратын; «ем-шипа, рахмет» түріндегі Құран аяттарының, қайсысы қандай емге және пенденің күнәсінің шамасына қарай, тылсымнан күндік емес, сағат сайын өзгеріп тұратын, рухани сипаттарын кім қалай қадағалап, жүйелей алады? Және Өтеубойдақ атамыздың қалдырған ұлттық, халықтық емдеу шипагерлік білімі, ата баба өткен тарихы, дін шежіреміздің бір бөлшегі болғандықтан, ғылыми кеңестермен зертеліп, маслихатымызбен қаралып, осы жүйенің негізі болып қалану және халықтық медицинаның өлшемдері де яғни заңгерлердің жаза тағайындау барысында ата заңымыз болып бекіген, белгілі бір сүйенетін, ата дәстүрінің яғни жеті жарғысының негізгі ұстанымдары да болу керек еді. Ондай іс шаралар бар ма? Мүлде жоқ! Және енді ел басшыларымыз бен заңгерлеріміз, біздерді және Ясауи атын жамылған зікіршілер топтарын, басшыларын сотағанда қандай осындай ғылыми сараптамаға бекіген ата заңымыздың жарғыларына сүйенді? Өздерінің ой жорыған ақылымен, философия мектебінің сауатсыздығына, психология ғылымының жетілмеген, тозған ескірген біліміне және заңгерлердің құран құпия сыры, исламның сопылық құпия істері түгіл, інжілін де толық білмейтін қатынан сабақ алып, елге, жастарға масқара болғанымен айқын көрнісін берген, осындай тозған білімен қаруланған, Құдайсыздықтарына, болашақта сұралып жазаланбайтындарына, шексіз үстемдігіне ғана сүйеніп, осындай дінге ашық зұлымдыққа барғаны да хақ. Енді бір ел басшыларының өз саясаттарын және діннен бөлек дінсіздік тажалдық әрекеттерін, әшкере көрсетін жағдайдың негізі; Көптеген көгілдір арна және басылымдардан да бұл заңға қайшы әрекеттерді өздері ұйымдастырумен айналысады. Яғни әрбір жаңадан шыққан, бұрынғы құқықтық заң әрекеттерін толықтыруға немесе кейбір заңдық өлшемдердің, істердің күшін жоюға тиісті қосымша қарарлар да, бұрынғы шығарылған заңдар негіздегі сот үкімдері де міндетті түрде қайта қарастырылып, жоғары сот өкілетігіне «констуциялық», ел басының әділдікті қалыптастыруға арналаған шешімдері де шығып тұруы да тиісті. Бірақ, бұл қабылданған дін істерінің бекіген заңы бойынша, бұрынғы қабылданған дін туралы заңдардың және шығарылған сот шешімдерінің де барлық қарарларының күшін жоймай, жыртыққа салған жамаудағы, тесікке қайта үстінен жамау салғандай болғаны да хақ. Егер көптеген негізсіз және ескірген шешімдермен, қараларды тазартып, жаңадан рухани тазалықты,ескірген білімді қалыптастыруға негізделмесе, онда муфтият масхаб және барлық әлемдік дәрежедегі дін өкілетіктерін, дін істерін қадағалайтын, қайта тіркейтін мекеме бола алады? Сонымен ел басының өзі де қол қойуына байланысты, бұрынғы заңнамалар сот шешімдері күшін жойуға тисті де, болмаса ел басының құқына қарсылық болып, ата заңымыз бұзылады. Шәкәрім атамыз осындай жағдайды болжап; «Боқты боқпен жуғанмен кірі кете ме?» деген сауалды осы мекеме басшыларына қойған сияқты. Хош сонымен заң қабылданды, енді дін топтары қайтадан тең дәрежеде заңмен қорғалатынын ескерткенмен, имамдардың, сол дін істерінің қызметкерлері де заңға қайшы; «Неге ата жолы әлі кезге дейін халықты зираттаудан тиылмады?» «Сендер заңмен шектеліп соталғансыңдар!» деген пәтуаларды ашық айтып, бұл заңға да және өз имандарына, дінге, шариғатына да, жалпы ислам бірлігіне де қарсылық жасап, күнә арқалап жатқандар жеткілікті. Оларды қалай негізгі ата заңымызға, ел басшымызға аудандық соттың мәртебесін артық қойып; біздердің азаматтық ар-намысымызға, ұлттық құқығымызға қарсы келдің,- деп сотқа тарта аласың? Бәрібір кейінен қабылданған барлық заң ережелерін күшін жоя алатын, өздерінің тажалдық істерін қорғайтын, ел басының үкіміне де қарсы тұра алатын, бүкіл қазақ жеріне тұтастай құдіреті жүретін, Қарасай ауданының шаруашылық істері сот үкімін тұмсығыңа тыға қоятыны да, және мұндай жағдайда арашаға келетін, халық қалаулысы дегеніміздің өзі, өздерінің қалауын ғана қамтамасыз ететінін түсіне қоясыз. Және олар осындай әрекеттерімен, осы қабылдаған заңға ашық қарсылық білдіргенімен тұрмай, енді бұл үкім шешімі тұрғанда, ата-жолы деп тіркелу немесе басылымдарға ұлықсат алу мүмкін емес. Тіптен ғаламторға да ондай атаумен орын алу да мүмкін емес екенін, өшіріп тастайтын, жансыз шеріктерінің де бар екенін өз басым көзім жетті. Яғни мемлекетіміз өз халқының негізгі діні руханиятына, бабалар аманатына, бекіген дін дәстүріне, ғұрпына Құранға, пайғамбар өсиеті мен сүннетік істеріне түбегейлі қарсы екенін, осындай бабалар аманаты болған, жан ғылымыздың бейнесі нақыл, мақалдар мен философиялық даналықтың өліп, тек шет елдік логикаға негізделген, айыр тілді заңдық шараларамен өздерінің тажалдық саясатын ашық білдіріп; «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса», «Әрбір мемлекет билігіне қарсы сын, пікір білдіргендерді қолынан жетектеп сотай аламыз!» дегенді ашық білдіріп жатқаны да сөзсіз. Керісінше, осындай ұлттық мүдемізге, халықтық дәстүрлік ниетімізге қарсы, өз биліктерін, зұлымдықтарын заңмен бүркеп отырғаны да, мектеп оқушысына да түсінікті жағдай. Сондықтан осындай заңдарын, халықтың дініне, еркіне қарсы жасалған зұлымдық әрекеттерін іске асыруға өздерінің тағайындап, кемеңгерліктерін дәлелдейтін, дін істерінің басшысына; «Мен шындығында тіркелуге емес, елдің арасындағы шамалы да болса ұлтық намысы бар пенделерді тіркеуге алып жүрмін. Сендерді таратып қайта тіркейтін және сотайтын да Құдайдың өзі болған мекемесінен елшілікке келдім» деп ашық көзқарасымды білдіріп, мемлекетік органдарының, яғни үкімдерін жансыз орындаушы ғана шеріктік мүшелерін төмендеткен әрекетке бардым. Не болды?- Қабылдаған заңдары бұзылды, мен енді осы әрекетіммен мемлекет басшылары алдында жауапталатын болдым ба? Енді оқушым иман қуатының осы жерде өзін көрсететін кезі келіп, Раббымыздың хақиқатының білінетін жеріне де, мезгіліне де жеттік. Сондықтан менің иманым іштей түртіп, осындай жас білімді, бірақ әлі ақылы толып ілімі жетілмеген азаматтардың амалсыз қол жаулық болып, халықтың назына қалмаса екен деген тілегімді де білдірген едім. Үнсіз мойындады да, демек табаны әлі тозып, жалаң аяқ қалмаған деп шешкенмін. Сонымен енді ата жолы туралы да бапта бар екен әйтеуір. 7-ші бап; 2-тармақ; «Құдайға құлшылық ету, діни жоралғылар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде....діни бірлестіктері мен үй-жайларында, зияраттар мен кремоторийлерде...құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайларда...бөгетсіз жүргізіледі.» деген жарғымен біздерге және әулиелерімізге де бата беруіне де ұлықсат беріп, бірақ жарықтық ол кісілердің де пәтуалары үкімет заңына сәйкес болу керек екен. Бірақ мына пәтуаларында осы заң бабымен күшін жойғанын; « Методы "исцеления" "Ата жолы" невозможно отнести к народной медицине» енді діни жоралғымызды кедергісіз орындауға болатынына ұлықсат беріп тұрғаны хақ. Бірақ бұл заңды енді өздері ашықтай бұзып, телеарналарда тағы ата жолын яғни біздің ұлтық жоралғымызды, мейлі қандай өрескел болса да орындауымызға, неге өздері ашық қарсы шығу керек? Демек қандай да болсын, жат жұртық жындануға негізделген, адамның есін ұрлаумен айналысатын, қазақ дін жоралғысына, рәсіміне қайшы дін топтарына ашық ұлықсат беріп, қазақтың рухани негіздегі дін рәсімдері тағы әрі қарай қудалана беру керек? Онда кімдердің екі жүзді және тажалдың өздері екенін осы заңды бұрмалағандармен-ақ көрнісін береді. Және бұл заңға ел басшымыз да қол қойғандықтан, ата заңымызға қарсы болғандар неге сотқа, жауапқа тартылмайды? Тіліңіз қышымасын оқушым. Жылай берсек, сұрай берсек тағы да бір заңды шығара салтыны да хақ. Сонымен кеңестік заманда да осындай діни жоралғы және рәсіміміз яғни дініміздің, ұлттымыздың негізгі құндылығын сақтауда Дінмұхаммед атамыз осындай кең байтақ жері бар елге «крематорий» салу негізсіз екенін, кеңес үкіметінің елімізге дінімізге төндірген рухани апатынан, осындай себептерден пайда болатын, жын-шайтандық кеселдерден тосып және осындай ел басшыларына дәлелдеген екен. Сондықтан осындай жалпы ислам түгіл, бүкіл кітабы бар дінге жат қылықтан, бұзықтықтан қазақ елін аман сақтап қалыпты. Енді біздің көреген ел басшыларымыз, осындай бір сөзбен-ақ өздерінің тарихта ізін қалдырумен бірге, ислам дінінен мүлде сауатсыз екендіктерін, ашық жариялап және болашақта жерімізде бұзықтықтардың тез бейнеленуі үшін, «өлікті өртеуге» ұлықсат беріп, адам өртейтін қазандықтар да салмақшы да ойлары бар екен. Қайтсын енді, жерлері тарылып, аталар аманаты түгіл Құдайдың ардақты қылған, жер бетіндегі киелі орындары мен әулиесінде жекеменшікке айналдыра алатын заңымыз тұрғанда, Құдайдың қылышы мойындарын қимай тұрғанда ойына келгенін істеп қалғысы келген де. Тәубеңіз яғни басыңыз жынды судан тазарып, төбеңізде тобықтай түйін «тоғыздығыңыз» болса, дереу Раббыңызды еске алып; Құдай аясын деңіз! Ал жаратқанның ақылы қашанда адамзаттың инедей де жасырын қылықтарын қамтып тұратынан белігі болып, осындай мақтаншақ «жынды» басшылары бар елдерге аятта; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына (тек дүниемен өлшеп адасқандарға ерекше құбылыстармен, белгілермен) әмір етеміз. Сонда олар оған ( Алла жолында мал жұмсауға аят үкімдерін,орындамауға) қарсы келеді. Сондықтан оларға (дінге, түсірген хикметке қарсы болушыларға) деген сөз ( аят, уақи,бата) шындыққа айналады. (Ауру, азап, сынақ, апаттармен)» (Ісра-16) Енді осы аятпен түсетін Құдайдың қарғысы көптеген байқамай адасқан бауырларымыздың, туыстарымыздың басына да түсіп, туған өлкеміз қуаңшылық, түрлі ауру ошақтарына айналып, өздерінің тұқымдары тұздай еріп, жоғалумен бірге, сізбен бізді де және мұндай қияметтік жағдайды, халқымызды шеріктердің ырқына байлап беруді; еркіндік, «зайырлық» атты заңмен де қорғалып, қалыптастырып қойғаны да қашан. Мысалы киелі жерлерді дәретсіз басқандардың аяғы түгіл, бүкіл тән, рухы арамдалып, арты қайғы-қасіреттің, түрлі обыр аурулар мен санасыз, имансыз ұрпақтардың келуіне жағдай жасап қойған Ясауи бабамыздың кесенесін мұражай, саяхат орнына айналдырудан-ақ, ел билеушілердің діні де мақсат, мүдесі де «зайырлығы» (құпия сырлары) белгілі болады. Алматыда Райымбек атамыздың кесенесінен жапсырып салған, келген пенделердің міндетті түрде жынмен жүктелетін жағдайын жасап қойған, ойын-сауық отауын былай қойғанда, күнделікті арсыз әдеттермен халықтың басына келіп, тойға суретке түсіп, болашақ ұрпақтар алдында масқар, дінсіздіктеріне куә ескерткіш қылатын, өзге ұлттың салтын орындап, шырақшыларға масхаб басшыларымыз жалаңбас, арсыз к..н ашқан қатындарға құранға қол жайдыртып, Раббымызды мазақтауға және осындай кәпірлікке қарсы түсірген Құдайдың ашық үкімдерін «Құдайларың не істей алады?» дегендей мазақтатып, тек дүние табу орнына айналдырып қойғанын кім көрмейді? Ата салтымыз, ғұрпымызды қорғай алмайтын, әулие-әмбилерін, ұлттық намысын қорғауды қалыптастыруға негізделмеген, қандай мемлекеттік ата заң? Ал қазақта жерді жекеменшікке айналдырғанның да бір себебі және муфтият ғалымдарының, имамдарының ақирет білімінен мүлде сауатсыз екендігінің дәлелі болып; Әулие-әмби, бақсылар түгіл, жүз жыл өткен қарапайым пенденің де қасынан аруағының ұлықсатсыз жас өліктерді жерлеуге болмайтынын; «Елу жылда, ел жаңа (аруаққа айналу) жүз жылда қазан (жаннатқа, отқа, жарыққа айналу)» деген аманат, ақирет заңын аяққа таптап, керісінше онда «Жүз жылда қазан» болып, күзі мен қысы кездесетін мезгілдік, уақтық от ошағына айналған жерге шырылдатып жас өлікті жерлеп, оның өз үйіне, қабіріне 40-50 жылға дейін кіре алмай, кісісін азаптап өлтіруші ел тұрғындарының әрекетін және рухы қалай жер анадан кіндігі кесіліп, қаңғып, шерікке айналып кететінін көргіңіз келсе, әр қаланың, ауылдардың көршісі болған ескі қорымдарға ерінбей барып келіңіз. Шерік қосушылар, ұйқысыздыққа, тымаулардың таралуына, өзіне қол салуға мәжбүрлейтін дерттерді көбейтушілер сонда кімдер? Шариғат мамандарының, масхаб имамдарының өздері емес пе? Абай атамыз; «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным» деп өзін кемсіткені емес, керісінше бақсылықты меңгергенін және Алланың досы болып бөлек қадірлеп жерлеуді, қасиетсіз пенделерді қасына жолатпауды, көрші қылмауды ескерткен екен. Бұл сөзді біздің биліктегілер мен жазушы, тілші, филосов, дін ғалымдарымыз ғана түсінбейді. Пайғамбарымыздың; «Қиямет мезгілінде отыз өтірікші пайда болады» деген әулиелік болжамына осы параны да қосып қойыңыз. «Бұл да бір адамзаттың бір парасы!». Сондықтан да мұндай нәсілдік топтардың жерлеу қағидасын, ақирет заңын білмегенімен тұрмай, өз бауырына, туысына, ашық зұлымдық қылатын, дін ғалымдарымыздың «Қабірдегілерді тастап қойған» кәпірлік насихат, үгіттері енді жемісін бергені сондай, осындай рухани кеселді біліп, халықты сақтандыруға тиісті бірақ өздері мәңгүт қазақ білімділерін, қазіргі «зайырлы зиялылардың» (ішінде жасырын белгісіз құпиясы бар бекзаттардың) ұлттық ғұрпына зұлымдық әрекеттерін көргіңіз келсе, онда Кенсай зиратына барыңыз. Осындай қарапайым діннен бөлінген, ел басқарушыларымыздың да, бәрібір негізгі баратын жері болған, «Атаңа не істесең алдыңа сол келер» деген ұлттымыздың дәстүрлік салты, зияраттарды қорғау, жер бөлу т,б сияқтылар ата заңымызда мүлде қарастырылмағаны былай тұрсын, енді жазатайым көңілдеріне жағып, пара ұсынып дегендей, дін мекемесін ашып алып, және ата-жолы деп атамай, әйтеуір жасырын бір атаңыздың атын жамылып, ұлттық, ғұрыптық дініңізді ұстанатын болсаңыз, онда; Аруақпен қалай байланысу керек және қалай зияраттау керек екенін, енді муфтият ғалымдарына тәуелді болмай, діни сауаты жетілмеген басқарушы шеріктермен арнаулы келісім шарт жасап, құжат алмаса тағы болмайтын да ескерткен баптары бар екен. Сонымен осындай бытты-шытты заңдарды назарға алып, бір –біріне сүйене отырып, арасынан жік тауып, қандай да пиғылды болсаңыз да, белгілі сүйенетін тексеретін бекітілген өздерінің діни ұстанымдары, кітаптары болмағандақтан және дінді жалпы әлемдік философиялық құндылықтарын да менсінбей, тек білімдері жеткен жеріндегі логикалық көзқарас ретінде қарастырғандықтан, әдейі қолдан логикасын жазып, түрлі басшылардың көңілдеріне жағатын қағидаларды тізіп алып, оп оңай дін істеріңізді бекітіп, астыртын негізгі ойыңа мақсатыңа келгенді де жүргізуге болатына, заңдарын зертеп және кеңестерін тыңдау арқылы көзім де жетті. Діннің екінші жағы, адам баласына қулықтың да неше түрлі жүйесін үйрететін жын-шайтанан болатын көмекшісі бар екенінен, мемлекетіміздің «кемеңгерлері» хабарсыз екен. Енді діни бірлестіктің меншік құқығы міндеті туралы баптан; 20-шы бап; 2,3-ші қаулыдан;
Достарыңызбен бөлісу: |