Қиямет мезгілінде садақа алушы болмайды.» деп ескерткен екен. Сонымен біздің ел басшыларымыз қияметтік жағдайды қолдан ұйымдастырумен садақадан, Құдайды насихатаудан, жастардың бір қадам болса да өзіне жақсылық жасауынан тиып, әуелі мешіттердің өзін яғни Құдайдың жердегі үйін, өзін түземек болып, арнаулы заңмен онсыз да жетімсіз, мүгедек, ұлттық дәстүрлік аманатты, мирасты, рухани мұрагерлікті, отанын отан қорғай алмайтын шала жазылған ата заңымызды да мүлде жоққа шығаруды шешіпті. Мешіттерді қысқартумен, әрбір мешітердегі Алланы еске алып оқылатын құрандардың да қысқаруымен, көктен келетін несібенің де қысқаратынын, елімізге келген құрғақшылық айқын дәлел болса да ел басшыларымыз, өздерін тәңір етіп көрсетуден райларынан қайтпай, халықты үлкен зұлымдыққа әкеле жатқанын сезер де емес. Керісінше мешіттерді көбейтумен және онда айтылатын насихаттарды белгілі бір жүйеге келтірумен, тылсымдық жындар және аруақтарда сауатануымен, әрбір пендеге келетін ақпараттық жүйені де өзгеруге болатынын, масхаб білімінде қарастырылмағандықтан, тек сенімге ғана негіздеген, бес парыздық; «Қызылбастан келген намаз, жастарды, тәкәпарлық пен имансыздыққа келтірген жол» болып шыққаны да хақ. Ал мұндай рухани масқараны, бір ғана заңмен, керісінше барлық мешіттерді муфтият қарамағына және жергілікті әкімшілікке өткізіп насихат, үгітін қадағалайтын, дін істерін жүргізетін пенделеріне жалақы бермесе де, арқасынан қағып, мұндай діни ағымдарды керісінше мешіттерде ғана атқаруды міндеттеп, бақылауды уыстан шығармай отыруға және белгілі тиым заңдармен үгіт, насихатына бағыт беріп, ұлттық және құранға қайшылық пәтуаларын шектеп тәрбиелеуге болатынын, жастардың бір-бірінен еліктеуін, өз ара пікірлесіп, бірін-бірі сынаумен үлгі алуын қамтамасыз етумен бірге, Құдайдың халықтың ынтасын дінге аударып беріп қойған мүмкіндікті қолдан беріп, істері майда тығылып жүріп, оңашалықты жақтайтын азғындардың уысына ақылы толмаған жастарымызды өздері қолдарымен байлап беруден, тажалға жәрдемге тұруды болашақ ұрпақтарымыз қалай бағалар екен? Және ата заңымыздың тек аты ғана болып, атасының аманатын, ана рухынан келетін рухани жандық әмеңгерлігін түгіл, жалпы халықтың дінін де қорғай алмайтын, ел басшыларының өз мүдесіне қарай ғана шығарғандығын көрсетеді. Аталарымыз; «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» деп, халық несібесі қазының егесі өздері екенін айқын дәлелдеп, енді қазанның төрт құлағы түгіл, ошағының екі-ақ аяғы болу керек екен. Онсыз да дұрыс жасалмаған және жетілмеген халықтың өзін-өзі басқаруға негізделген, руханият мектебінің қалыптасып келе жатқан бір аяғын үкімет басшысы алып тастағаны хақ. Халықтың тарихи руханияты, үкімет жарлығы жазылған заңы арқылы қорғалатын болып, Құран заңы, Құдай үкімі дегеніміз, ойдан шығарылған жалған, мемлекет басшыларына өлім, азап ескертуі де жүрмейді және түсірген дінін өзі қорғай алмайды, деген пәтуаны әлемде тұңғыш рет қазақ ел басшылары ойлап тапқаны да, осы қияметтік, ақпараттық ауыр жағдайды растайды. Сонымен бірге пайғамбарымыздың да әулиелігін, өсиетін үкімет басшысы жалғанға айналдырып, исламда 72-топқа бөлінді десе, қазақта енді тіркелген исламдық 2228- дін болып, Құран үкімдеріне түзету енгізген алғашқы да ел болдық. Сонда ислам діні енді мешіттердің санымен өлшеніп, қанша мешіт болса, сонша исламдық дін тобы бар дегеннің өзі тажалдық пәтуа және Құранға ашық жала қойғандық болып саналады. Керісінше қазақ елінде негізгі дініміз бір ғана ислам болып, бір тудың астына жұмылдыра білгенде ғана еліміздігі зобалаң да, адасушылық та тоқтап, бейбіт тұрмыс құруға болады, болмаса жоқ. Ал осындай бір ғана пәтуамен жалпы ел басшылары да, ғалымдарымыз да дін туралы сауатсыз, ой-өрістері философиялық жетілмеген, құранды мүлде оқымағандығы, шежіреден діни ғұрпымыздан, дін тарихынан имамдарымыз надан, деген пікір өзінен-өзі сұранып тұр. Сонымен муфтият, масхаб, дін ғалымдарымыз, адамзаттың және қазағымыздың да мыңдаған жылдардан келе жатқан дін-жанымыз, өліміміз, тіршілігіміз, ұрпақ сабақтастық шежіремізді 3/2-сін қысқартып, тек намаз оқып, масхабтық бес парызға айналдырса, ел басшыларымыз оның да тұтастығын бөлшектеп, мешіттерге бөліп беріп және көптеген мешіттерді яғни Алланың үйін мемлекет басқару орындарына қауіпті деп тауып, тіркемей қойып, енді пенделердің ниеті, сенімі мешіт, ғимараттар, заңдар, қаулылар арқылы түзелетіне, халықты Құдайдың рухани сынағынан, жынның ықпалынан, шайтанның көмес, көрнеу азғыруынан, Құранның насихатын меңгерумен, ғылымын ашу арқылы емес, өздері заң арқылы қорғайтын болып шешіпті. Сонымен пайғамбарымыздың;« 46. Істер маманына берілмейді», «Шымшық сойсаң да қасапшыға сойғыз» деген өсиеттері де аяқ асты болып, енді дін дегеніміз, кез келген жоғарғы білімді және заңды жатқа білетін, бірақ ақылы толып тағдыр сынағына піспеген, шикі өкпе жастардың және солар сияқты үкімет басындағы тажалдардың еркіне көшті деп түсіндірсек қате емес екені даусыз. Енді дәлелдермен салыстырып, бұл заңдардың, үкімет шешімдерінің қаншалықты халыққа пайдалысына көз жүгіртіп көрейік. Сонымен енді тіркелу үшін белгілі орын және әрбір мешіттің жеке құжаты болу керек деген ұйғарымен, қудаланған, езілген тап өкілі болған біздер, тірілер қатарында жүргенімізде рас болып, онда ата-жолдықтан енді қалай тіркелеміз? Әрине әуелі Арыстан бабамызды тіркеу керек. Мешіті бар ма бар. Оған дін істерінің басшысы ұлықсат беріп, Арыстан бабаның шынымен әулиелегін растап, өздерінің ойлап тапқан заңдарына, шариғатына қайшы емес деп қол қойу керек. Ал Ясауи бабымыздың мешітін, өздері мұражай деп көрмеге айналдырып алды. Жарайды, онда енді ата жолының басты нұрландырушы кітабы Сәни дәптерін кімге тексертіп, кімдердің діни сауттылығы жетіп, кім ұлықсатын береді және ғылымдықтары, діни білімі жеткілікті ел басқарушылары арасында пенделер бар ма? Сол сияқты Абай-Шәкәрім аталарымыздың кітаптары да біздің шариғатымыз, масхабтық діл біліміміз, ұлттық философиялық басты бағытымыз, құранның негізгі, рухани қазынамыздың логикалық көрнісі болып табылады. Ал мұндай халықтың айқын дін білімінен қарсы болған үкімет заңының екі ұшы болса және бір заңы екінші заңның күшін жойып, рухани қайшылықтар тудыратын болса, онда ондай үкімет те ел басшылығы заңсыз. Сондықтан заң, қазақ елінің барлық тұрғындарының мүддесін тең және әділ, теңдігін қалыптастырып қорғай алмаса, ел басшысы да оған лайық болмағаны. Біздің ата жолдықтардың мүдесі де тіркелу керек пе керек. Бірақ біз мешіт имамдары айтқандай секта, жат жерлік емеспіз және біздерде халықтың негізгі өкіліміз, мүлде имансыз яғни жан білімінсіз, олар ойлағандай «серік қосушы» дінсіз, тексіз де емеспіз және жартушының өзінің берген жанын «ӨЗІН» адалдап, көркем өсіріп, қайта тапсыра білген, әулие-әмбилеріміздер де мешіт имамдары айтқандай Алладан «БАСҚА» емес керісінше басы да, жаны да, барлығы да бар, толық жетілген адамдар, яғни періштелер болып, мұндай қарапайым өтрікке алданғандардың өздері басымен дос болмағандар, яғни Алладан басқалар. Ал, Абайына-Шәкәріміне, Ясауидай ғұламасына табынып, дос бола алмай «бас-қа» дегендердің, достары да «қас+қа» болып, тажалдың нағыз пенде болып бейнеленуі деп біліңіз. Сондықтан барлық қазақ жеріндегі әулиелерді, Алланың жер бетіндегі халифаларын өздері аралап, қазақ халқы үшін негізгі ғибадат орны болып табылатынын растап, бір ғана құжатпен аудандарға бөлмей тұтастап бермесе, халықаралық ұйымдарға үстеріңізден арыз жазып шағымданаумыз да мүмкін. Бұл пәтуаларымыз дәлелді болу үшін, енді ата жолдың кітабы, аруақтардан келген уахилардың түсіндірмесі және ата бабаларымыздан келе жатқан аманаттардың, яғни ұлтық дініміздің, даналарымыздың, әулиелеріміздің философиялық көз қарастарын көрсеткен жазбаларымның арасынан осыларды мүмкін оқып түсіне алады дегендерін, жол дорбама салып алып, Алматы қаласының дін істерін тіркеу мекемесіне жол тартым. Сонымен жасы 37-дегі, Раббымыздың үкімінен сәйкес 40-қа толып шүкірлігі, тобасы, пәтуасы жетіп, ақылы да тола қоймаған, яғни «Ар», «Уақ», «Ман» қуаттарын толық жетілдіре алмаған; Нұржан Бейсенбайұлы деген басшысына жолығып, осындай жоғары рухани жауапкершіліктің негізгі мекеме басшысы, әрі қазақ ретінде, және негізгі жердің мұрагер ұлтының өкілі ретінде, әуелі ата жолы туралы қандай мағлұмат білетінін сұрадым. Ол ешқандай хабары жоғын мойындады. Және сопылық ағымдар т,б топтықтар туралы да толық мағлұматы да болмағанына, сұхбат барысында хабардар болдым. Сонымен дін істеріне ата-жолының бастан енбегеніне көзім жетіп, енді олай болса ата жолының тарихын түсіндіріп, соталып қудаланып, тиым салынған дін тобы болып, бірақ мынандай жазылған кітабымыздың бар екенін және Ясауи, Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбектерінің ұлттық дін ұстанымыз болып, құран арқылы сандар тағлымымен расталғанын ескертіп, дін ісінің халық үстінен тағайындалған, жетік білгір мамандары ретінде жазбаларымды талқылап шешімге келіңдер деп ескертім. Ол өзінің орысша оқығанын ескертті. Онда дін ісінің басшысы ретінде; «Пайғамбарлық пен елшіліктің иман мен сенімнің ара жігін ажыратып түсіндірші?» деп дін ғалымына емес, қарапайым дін сарапшысына міндетті болатын, діни маңызды сұрақ қойып, білмейтіне жауап алып, және мұны; «Сендер түгіл жоғарыдағы тікелей бастықтарың да діннің, құранмен кітаптардың сипатын білмей; Дін мемлекеттен бөлек»-деп ислам түгіл, әлем діндеріне де қарсы шықанын ескертім. Сонымен мен пікірлесу барысында, өзіме дін кеңесін алудың орнына, кеңес берушіге айналып, ақырында адамзат әлі шешімін таба алмай жүрген; «Жұмыртқа бірінші пайда болған ба, әлде тауық жартылды ма?» деген ойдың тығырығына келіп қайта тірелдім. Құран ілімінің, дін-жан сырының, адамзат, ел тағдырының кез-келген билік басындағылардың билігін, үстемдігін жүргізіп және қаншама ғасыр тағдыр сынынан сынбай өткен, ата-бабамыздан келе жатқан аманат, мұра ғұрпымыздың мұндай дәрежеге түсіп, ақылы толмаған жастардың еркіне беріп қойған, ел басшыларымызға қалай ашу-ызың келмейді? Тағы мұндай жағдайда шайтан келіп сыбырлап; «Оп- оңай алдасаң да болады бұларды» деп тұрғандай ойлар да жылт ете қалып; «Астапыралла» дедім кімге, айтым білмедім, әйтеуір сақтансаң сақтаймын деген ғой құдайымыз. Сонымен ойыма алып барған бір де-бір сұрағыма, қанағаттанарлық жауап ала алмай, бұл мекеменің негізгі құраны болған, заң кітабын танысуға сұрап алдым, мүмкін жауап алармын деген сенімде болғаным да рас. Сонымен 25-бабтан тұратын ендігі мемлекетіміздің руханиятының кітабы, ендігі дініміз және ата заңымыздың негізі болған ережеден; 3-бап, 1-ші заң; «Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.» Олай болса Құдайсыз халық, халықсыз құдайда жер бетінде көрінбейтіні сияқты және қазақ елінің құдаймен арадағы елшісі болған, аруақсыз діні де қалыптасып, бейнеленіп себептік әрекеттің де болмайтынын ескеріп, мемлекетіміздің біздерден халықтан Құдайы басқа, немесе мүлде жоқ деген шешім шығарыпты. Діннен тек жартушымыз шайтанды ғана бөлек деп көрсетіп, жынды да өзіме құлшылық үшін жартым деп ескертіпті. Сонда мемлектіміздің тұтқасын кімдерге ұстаттық? Олай болса; сендердің табынғандарыңа құдайларыңа, сиынған аруақтарыңа да, біз сиына алмаймыз және діндерің құранға да біз қарсымыз, деп ашық ескертіп тұрғаны хақ. Осы заңмен-ақ, ата заңымыз өзінен-өзі күшін жойып, халықтың жерге мұрагерлігі, рухани қазына байлықтың сақтаушысы екені де күшін жойған. Енді бұл заңның пайда болу артында, қазақ руханиятының тұтастығын қалыптастыратын дін бастарында, ел басшылығында отырған және ғылыми атақ алған көптеген жалған ғалымдардың өтіріктері ашылу қаупі де болып, және дінді өздерінің құпия таққа талас, баққа талас, жікшілдік әрекеттерінде, өз мүдделеріне пайдалану оңай болуға жасалған, ниетен деп түсінген жөн. Бұндай астыртын саясатты, қазақ халқының негізгі руханиятын қалыптастырмай, бөлшектеп билеу саясатын, кезінде Ресей отаршылары жетік меңгеріп, татар еліне байлап, дін имамдарын шет жерден әкелумен, қазақты бақсылығы жоқ, жалған қожалар арқылы басқарып, арасына рушылдық, жікшілдік әдеттермізді қайта жаңғыртып, от салып отырумен тарихта белгі қалған. Абылайхан атамыз да қазақты ортақ бірлікте ұстайтын, ұлттық дін ұстанымын; «Жер емшегі мен шал емшігін» емдіре алмай кеткенінен өкінген екен. Бірақ ол заманда, аталарымыз діл білімін аздыра қоймай және жесір мен жер дауын да ғұрыптық әдетін сақтап және тіл мен сөздің қазіргі таңдағыдай азуына мәнін де жоғалтуына, даналықты тірідей өз ұлтымыздың білімділері қолымен көмдіруге мүлде жол бермеген еді. Ендігі қалпымыз, дүние байлығын жинай білгендерді, яғни бұрынғыдай шаруашылыққа мықты байларымызды, ел басқартып, кемеңгер атап, ұлттық естілігімізді солардың қылығымен, пәтуасымен өлшейтін болдық. Дін дегеніміз адамзаттың рухани діңгегі, сөз ағашын өсіру қағидасы болса, ол ағаштың кіндік қаны тамған жерге тәуелді болып, тамыры да сумен, жерден нәр алып осы ағашымыз, яғни шежіреміз болған, жер емшегінен ғұрпымыздан айырып, бөлшектеп, бір-бірімізге түрлі пәтуамен қарсы болып, шал емшегі аруағымыздан бас тартып, ой мен тілдің, сөздің арасын қоспай, дінді өз мүдесіне қарай, заң арқылы икемдеуден, енді ел басшылары халықтан үстем, біздің ендігі заңдарына табынатын тәңірлеріміз болу керек екендігіне, болашақ ұрпақтарымыздың алдында өздерін тажал екендігін растайтын таңбалары бар екеніне куә болыңыз: «Специализированным межрайонным экономическим судом Алматы по итогам рассмотрения иска прокурора города 22 декабря 2008 года было вынесено решение о ликвидации общественного ....экономическим судом Алматы 5 февраля текущего года принято решение о ликвидации ТОО "Ата жолы", запрещении его деятельности, а также пропаганды и распространения, в том числе через СМИ, этого ТОО и движения "Ата жолы" ("Ак жол")...Вышеназванные решения судов ответчиками не обжалованы и вступили в законную силу 7 января и 23 февраля нынешнего года соответственно...Методы "исцеления" "Ата жолы" невозможно отнести к народной медицине. При этом следует отметить наличие в деятельности "Ата жолы" признаков оккультно-мистической религиозной организации, формирующейся как новое движение в рамках ислама, впоследствии могущее нести потенциальную угрозу национальной безопасности. Имеют место механизмы манипулирования и воздействия на сознание людей (попытка связать настоящее человека с его прошлым, прошлым его предков, использование эмоционального состояния людей, их чувств и переживаний)...» Қазақтың мыңдаған жылдардан бері жинаған рухани қазынасын, және Құдайдың Құраннан кейінгі түсірілген кітаптары мен Мұхаммед-47 санды құранын, ғылымын тексеруге қаржат жағын қадағалайтын заңгерлерді жұмылдырып және Құдайдың өзін, бейнеленген кітабын, кісілерін, аруақты ашық мазаққа айналдыруға жол беріп бірін-бірі кемеңгер, дана атап, ел руханиятының басшыларының осындай дәлелдермен, өздерін анық тажал екенін, болашақ тарих алдында нақты дерек болып қалғаны да хақ. Және де осы заң шығысымен аруақтар тапсырмасымен, үнемі мақалар жазып, осындай мекемелер мен баспасөз орындарына таратуды бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқанымен, әзірге оған жауап беріп, амалға айналдырған, бір де бір ұлт жанашырын көре алғаным жоқ. Сондықтан болар, аруақтар тапсырмасымен жазылған мезгілдері белгіленіп, және жазылған мақалардағы ескетулер мен белгілер шындықтан нақты шынға айналып, елімізге келген көптеген адамдар өлімі, жастардың өзіне-өзі қол салуы мен биылғы жылғы қуаңшылық милиондаған халық қазынасына зиян шектірге тікелей осы заңды қолдаушылар Құдай алдында әділ сотының үкімімен жазалары да хақ. Бұл сот үкімі; 2008 жылы желтоқсан айының аяғында шығып, көптеген мекемелер де барлық қаржы бөлімдері де есеп қисап жасаумен, ақпан айының аяғына дейін босамайтынын ескеріп, әдейі осындай апақ-қапақта шешім шығарылып, оны да наурыз айының аяғына дейін тығып ұстап, баспасөз бетіне сәуір айларында жарияланған еді. Және Қарасай ауданының шаруашылық ісінің 3-4 адамның ақша жеп қойды, садақадан түскен қаражаттан салық төлемеді, деген айыптауының сотының үкімі, бүкіл қазақ еліне ортақ рухани басылымына күші жетіп, оны енді бір екі айдың ішінде Атырауда, немесе шығыста бейқам жатқан елдер қарсы талап арыз түсірмеді деп ақталғанын қайтерсіз? Тіптен іргесінде отырған менің өзім, басылым бетінен ғана танысып, осы хабарды оқи салысымен осы жазбамды ел басшыларына дін, сөз басшыларына тікелей апарып табысталған да еді. Енді осы қазіргі таңда кімдердің тажал болғанын, халық таразылап өткен оқиғалармен салыстырып көруге, үзінділерін бере кетейік:
«Тарихқа тас атып, өз аруағын соттаған діншілдер мен Заңшылдар! «Құран аяттары мен пайғамбарымыздың астары терең қасиетті хадистерін жалпы халықты былай қойғанда, араб тілін жетік білетін мамандардың өзі жігін ажыратып, пәтуа (шешім) шығаратын адам алдына мыңдаған хадистерді саралап, барлық Құран аяттарына мұхият көз жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса сол мәселедегі өз сахабаларының (әулие-әмбилердің) айтқан сөздері мен берген пәтуаларын (бәйіттерін) әрі кейінгі келген ғұламалар (Ясауи, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім т.б) көз қарастарын білуі қажет. Бұларды кез келген қарапайым адам ара жігін ажыратып шариғи (дәстүрлік) үкім шығара алмайды.» (Әбсаттар Дербісалы пәтуасынан) Енді пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-бабаларыңның), әдет –ғұрпына сүйем бе сүймеймін бе, кез бе кез (қалай орындаса дәл солай) ілесіңдер»-деді (1378, 3456 хадис). Тіптен бұрынғы аталары яһуди немесе христян болса да тұрмыстық ерекшелігін сақтауды бұйырған. Ал әдет-ғұрып болса; «Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттілігінен, өмір мен өлім мәселесінен, тосыннан келетін қасіреттермен жамандықтардан сақтану мен, өзін қоршаған табиғат анаға деген мұқтаждықтармен өлген ата-баба рұхын қастерлеуден және құдайдың көрсеткен құдіретеріне бағыну шараларынан әр халықтың өзіне тән наным сенімі мен ұрпақ өндіру, ден саулықты сақтау тәсілдерінен туындайды... ..Ел мен жер аспан арасындағы тұтастықты бұзып, іс-әрекеттердің бұзылуы әр түрлі елдерге еліктеуден, және ар таразысынан өткізбей алынған, өзге жұртың әдеттері мен тіпті озық технологиялық, шаруашылық ықпалдары, сол өмір сүріп отырған аспан мәдениетімен жер өңдеу өркениетіне әсерін тигізіп және жаратылыстағы көрінбейтін жаратылыс егелерінің қақтығысын туғызып, бұл күштер бір-біріне соқтығысып, сонымен қатар олардың салдары сол жерде өмір сүріп отырған елдің, ұлттың қайғы қасіретіне әкеліп соқтырады. Жаратушыдан тарих деген шежіреге берілген дін заңы. Әрбір тұрғынның Ар заңы. Арың адалдап жиған иманыңның шамасы болса, Уақ нәсілдік тілдік сырқы көрніс дүниеде барың. Тағдырыңның уақыты; мезет, мінез көрсеткіші. Кезінде «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұран «Зәкүн» шығып талай жоспарды орындау мақсатында талай Мырқымбайлардың сауын сиырымен қоса соттаған «зәкүншіл» қазақтар тіптен орысқа жағамын деп «Өзің комсомолсың неге талқан жейсің?» деп талай «Мырқымбайларды» атып та тастаған екен. Сондай «зәкүнді» орындау үшін «Әкесін де талға байлап сабайтын» қазақтар өмір сүріп жатыр арамызда десе сенбес едіңіз.,,, ....Болды бітті заң шықты. Мырқымбай қазақ енді аруағыңмен қоса өзің сотталдың. Араптар алдында үкіметті ұятқа қалдырдың! Енді келесі кезек «мошенниктер» әулие басындағы шырақшылар болар. Оған дәлел Қарасай аудандық сотының шешімі. «О запрещении деятельности движение «Аля-Аят» и «Ата жол» «Пропагандиское и распростронение деятельности движение «Ата жол (Ак жол) способствует выпуск в Казакстане одноименного журнала «Ата жолы» поставленного на учет Министерством культуры информации РК (свидительство № 6305ж) Вместе с тем ущерб здоровью граждан в значительной степени наносит и пропаганде вышеуказанной движении их последователями, имеющими лицензии или удостоверения на право занатия народной медецинии (целителством). Данный факт свидительствует о негативной сущности запрещенных судами движении «Ала-Аят» и «Ата жол» (Ақ жол) а также об исключении участие граждан в их деятельности и предусмотренной законом ответственности» Заман жаршысы №14 (7818) 4 сәуір 2009 ж. «Негативной» қазақша «қара бұлтты» өз басына бала шағаларынан аулақ,тағы көпке топырақ шашып Ғиса пайғамбарға түскен, Дәуіт,Сүлеймен пайғамбарлар көрсеткен, Мұса пайғамбар мен Мұхамбет пайғабарларымыздың көрсеті, өсиет қылып қалдырған, ізгі істер «хаж» амалдарын былай қойғанда, Құран аяттарына қарсы әлемдегі тура жолды орындаған әулие -әмбилерімізбен бірге Ясауи бабамыздың еңбегімен қосып, ісін де соттап үкім шығарып қойыпты. Тіптен дін тарихы тек араптар үшін ғана жазылып, діннің даму өркендеу заңдылығы, жан ғылымы болмау керек. Жаңа қазақтардың европалық пәлсапалық ұстанымы; Тек сыртыңды түзеп, әлемді өзіңе қаратуға тиссің. Сондай мақтаншақ «жынды» елдерге Құранда; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына (тек дүниемен өлшеп адасқандарға ерекше құбылыстармен, белгілермен) әмір етеміз. Сонда олар оған ( Алла жолында мал жұмсауға аят үкімдерін,орындамауға) қарсы келеді. Сондықтан оларға (дінге, түсірген хикметке қарсы болушыларға) деген сөз ( аят, уақи,бата) шындыққа айналады. (Ауру, азап, сынақ, апаттар)» (Ісра-16) деген Құран үкіміннен хабар бере отырып; «Ата жолыңды» соттағаның өзің нәр алатын тамырыңды «хажды» кесіп, ұрпағыңның әулетіңнің құдайдың қарғысына ұшырағаны деп, ал «Ақ жолыңды» соттағаның Құдайдың құдіретіне аяттарға, ашық дәлелдерге күмән келтіріп, өзіңді, ұрпағыңды, болашақ әулетіңе, қарғысты сынақтардың келіп түсуі діннің негізгі қағидасы..... Есеп күнінің ашық дәлелі болып; Ата жолы «Ақ жол» болып қазақтың тағдыры өткен тарихқа жалғанып, өліктер сөйлеп жатыр! Алла бір істің болуын қаласа тек «Бол» дейді! «Бол» қазақтың ғана емес, әлемдер дінінің іздеген болашақтың бағдары болып, негізі батамен қаланып жатыр. Ғиса пайғамбар көктен түсті, қазақ жеріне! Оған қасиетті Құран аяттары атымен ант етуге болады! Тек Құранды әулие бабаларымыз қалай оқығанын ұмытып қалғанбыз. Құран түсінігі, насихаты шексіз, үнемі заманына қарай өзгеріске де ұшырап отырады. Мың жылдың арғы жағындағы түсінікті үгітке айналдырып, жаттап алып, ортадағы даму заңдылығын дін тарихын алып тастап, надандық дәуірлерге қайта жалғау рұхтың дамуын тежеу және дамушы Ұрықа (жан заңдылығы) жасалған үлкен қастандық. Бұл өмір діндарлар түсіндіргендей «Жалған-өтірік» емес. Тағдырыңды өткен тарихыңа жалға да, бабалар салған ізбен көкке болашағыңа жалған! Ол үшін ата-анаңның батасын, ақылын ал! Батамен ғана ел көгерер! Құрметті заңгерлер мен Алланың кеңшілігінен аянмен, түстен мақұрым қалған дінді арапша танытушылар; Біріншіден; Халық алдында ат төбеліндей ғана заңгерлер мен діндарлар, астарыңдағы тағың да , қолдарыңдағы дүниелерің мен бала шағаңның азығы да, сол жылқы түгіндей сіздердің «діни сауатсыз» деп атайтын қара халықтың, дәстүрін, ұрығын сақтауға тырысып, азғырған шет жұртың алдауына көнбей, бәрібір салт-дәстүрін сақтауға тырысып, зираттап, Алла алдыннан тілеп алып, тапқан несібелерінен тамған маңдайынның тері мен қолдарының кірі екеннін ұмытпаған абзал. Екіншіден; сол қара халықтың ғасырлар бойы ішіп келе жатқан құдығына түкіргендерің үшін ғана жүз мыңдаған қарсылық қол жинап, әлемнің діндері алдында ар сотына тарта алатын, ежелден аруағын қорлатпайтын, өліспей беріспейтін «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген салты бар және сіздер ойлағандай шетінен діни сауатсыз емес екенін естеріңізге салған жөн болар! Уәли дегенді халықтың ішінен ізде!-деп ескерткен пайғамбарымыз. Көп қорқытып қана қоймайды, терең де батыра алады.... Себебі аятта; «Әй мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөліміне (тек Меккелік араптарға) бой ұсынсаңдар, сендерді иман келтіргеннен кейін қарсылыққа қайтарады. (Діннің басталу негізіне кері қайту)» (3-100) «Сендерге Алланың аяттары оқылуда (Бата, аян, түс) әрі іштеріңде (өз елдеріңнің,өзіңнің ішінде, дәстүріңде) Алланың елшісі бола тұра қалайша қарсы келесіңдер?( Ясауи баба дін ұстанымы) Және кім Аллаға жабысса (аян, уақи, бата алу), сонда ол тура жолға түсірілді.» (3-101) Бұл біздің мемлекет басқарып жүрген азаматтарымыздың діннен мақұрым екендігімен, мешіттерді, дінді басқарып отырған азаматтардың ашық түсірілген дәлелдерді мойындамай, түс көруден тыйылып, Алланың беретін аянынан- жіптен ажырап, «Ала жіпті аттап», «Ат аттап, сүйек сындырып» дінді қысқартып мемлекеттік дәрежедегі «Секта (Ат кесу)» -ге айналып, дінді бөлшектеу көрнісі деп түсінеді халық. «Тарихыңа тас емес, құм ғана шашсаң, болашағың саған тас ататынын» ұмытпайық ағайын!... Тағы «жаным арымның садақасы» деп аруағына тигенді «арыма намысыма тиді»-деп көп болып түкіріп қарғап, сол көлге тұншықтыра да білетін әдетіміз тағы бар. Көптің тілегі көл де болар, қарғаса айықпас дерт шөл де болар; «Ештен кеш жақсы» қазақ қана емес әлем алдында масқараға ұшырамай тұрып қателіктеріңізді түзеп, құдайға жалбарынып, аруақтардан кешірім сұрағандарыңыз абзал болар! Дінді қысқартушы «арабшыл» мен құран аяттарына қарсы заңды ойлап табушы «заңшылдар мен ойшылдар»! Қолдан жасаған заңыңмен дәстүрлі дініңді күзеп, қанына тартпаған топтың мүдесін түзеп, Құдайдың қарғысына, халықтың наразылығы мен, аруақтың назына қалғанша, сөз түзелсе, қаның да, діннің де түзеліп, елдің де, заңның да қорғаны, ғылым мен шабыттыңда бұлағына айналатынын түсіндірейік халыққа. «
Достарыңызбен бөлісу: |