Қыздармен кездесу Тақырыбы: «Қыз бала психологиясы»



бет1/5
Дата01.01.2022
өлшемі32,29 Kb.
#107453
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (4)
ТРЕНИНГ

Қыздармен кездесу
Тақырыбы: «Қыз бала психологиясы»

Мақсаты: Қыз баланың тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы екендігін қыз балаларға ұғындыру

Алғы сөз:

Ертеде ата-бабаларымыз, әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қыр гүліне тән нәзіктік пен батылдық бір бойына жарасқан қазақтың қыздарына тәнті болған жазушыларымыз шығармасына арқау етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін әнге қосып, өлең өрнектерімен көмкерген. Сонымен қатар, қазақ қыздарының бойындағы ерлігі, тапқырлығы, төзімділігі, қайраттылығы талай әндерге де арқау болғаны жасырын емес.  Әрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақытта есінен шығармаған. Алайда, бүгінгі таңда көптеген ата-аналарға қарап отырып, жағаңды ұстайсың. Қыздарының белі бесіктен шықпай жатып, ашық-шашық киіндіріп, сән қудырып, мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ сәнқой болып шыға келеді. Есіл-дерті киім болып тұрған баланың ойында оқу, білім алу деген ой қайдан болсын. Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай ана болмақ, солардың бір сарынын күнделікті көзімізбен көріп жүрміз. Қыз баланың ең қасиетті жері, әрине ол құрсағы емес пе? Дегенмен көптеген аруларымыз өздеріне сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырған. Әр адамның көзі түскен, ер азаматтарымыздың ойы бөлінген кіндік тұсындағы құрсақта пайда болып, жетілген баладан қандай азаматты, қандай қазақ қызын күтеміз? Сонымен қатар, қыз-келіншектеріміздің арақ ішіп, темекі тартуы - бұл үлкен қасірет. Өйткені, ана бойымен, балаға дарыған жағымсыз қасиеттен ұрпағымыз уланары жасырын емес. Әйел болудың, ана болудың Алланың сыйлаған баға жетпес бақыт екенін, қара көздеріміз қашан түсінеді екен?



Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы әже болары табиғат жолынан белгілі. Сондықтан иманы мен ибалы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Әйел - шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты. Дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. Бірақ, бүгінгідей жалаңаштанып, езулерінен темекінің түтінін будақтатып, қаланың түнгі қонақтарына айналған аруларымызға қараған сәтте, бүкіл қазақ қыздарының болмысы өзгергендей болады. Тіпті, мектеп табалдырығындағы қыздарымыздың өзі тым еркінсіп кеткен. Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады.

Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі. Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Мәселен, сабақтан қайтып келе жатқан екі қыздың әңгімесіне құлақ түрсең «Ой, қойшы, ол маған ұнамайды, ауылдан шыққаны көрініп тұр. Анау өзі бүгін жынды киініп алыпты, шақырып алып сабасына түсірейік, ұрып кетейік, кешке клубқа барайық» деген сөздерді еститініміз рас. Ал, осылай өсіп келе жатқан қыздарымыз, жастық шаққа тән махаббат деген сезімді қайдан түсінсін. Жұдырықтай ғана жүректің дегеніне көніп, «ол мені сүйеді» деген сеніммен өмір сүріп, үкілі үмітті кеудеге іліп, сондай бір үмітпен ұйықтап, сонымен ояну бір бақыт екенін бүгінгі қыздарымыз сезінбейді де. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем ғой.    Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар. Ата-бабаларымыз «тіршіліктің бастауын - әйел» деп санаған. Ғабит Мүсірепов айтқандай, «Ең жаман деген әйелдің қолынан адам жасау келеді» деген, бірақ бүгінгідей қыздарымыздың ұсақталып жатқанына қарап, бұлай ойламақ түгілі сенгің де келмейді. Батырлық пен қайраттылықты өн бойына қатар жинап, биязылығымен өзін бағалата білер қазақ қызының таза да тұнық болмысы - тектілігіміздің айнасы. Сондықтан да қыздарымыз қоғамдағы алатын өз орнын біліп, көңілге қаяу түсірмесе екен дейміз. Бұл өте дұрыс, себебі қыздарымыздың, жалпы жас ұрпақтың тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы.

Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын бұл – өмір заңы»- деген. Шындығында да, өмірде әлі оң-солын танымаған жап-жас қыздарымыз алда кездесер ауыртпалықтарды көтере алмаса, арты жақсылыққа апармайтыны айдан анық. Соңғы қоңырау,  мектеп бітіру кеші, алда қызыққа толы студенттік шақ, осының бәріне көз жұма қарап, жар атануға неге асығатындары түсініксіз. Өмірдің ұмытылмастай қайталанбас сәттері өз бағытынан жаңылмай, өз арнасымен ағып отырса жақсы ғой.  Қыздарымыздың оң-солын танымастан тұрмыстануы отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігінен бе деп те ойлаймыз. Қазіргі қоғамда жұмысбасты ата-аналарымыз балаларына жете көңіл бөлмей,  бір ауыз ой бөлісіп сырласуға да уақыт таба алмай жатады. Шаңырақта отбасы мүшелері бір-бірімен ашық әңгіме айтып, туындаған мәселелерін талқыға салмағандықтан, мейірімді қарым-қатынас азайғандықтан да, қыз бала үйдегі жылулықты түздегі адамнан іздейді. Бұның арты өкінішті жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұл жасөспірім шақ жеке тұлға болып қалыптасудың бастапқы сатысы десек болады. Тағдырыңның іргетасын қалай құйып бастасаң, сол бағытымен жалғасатыны белгілі. Сондықтан  қыздарымызға ерте бой жетуге асықпай, ата-аналарыңның атына кір келтірмей, ең басты міндеттерің — сабақтарыңды оқып, өмірдің барлық қызықтарын сән- салтанатпен бастан кешіріп, алдағы талай биік асуларды бағындырып, өз болашақтарыңды жарқын қылуға ұмтылыңдар демекпін.-дей келе,келесі кезекті мектеп психологы


АҒАНЫҢ ҚАРЫНДАСҚА ӨСИЕТІ

 

Айналайын қарындасым! Қыз баланың өмірі, тағдыры қашан да оңай болмаған. Бабаларымыз «қыз – жат жұрттық» деп осы бір аяулы жандардың өмірлік бағдаршамын, аялдамасын әлдеқашан бекітіп берген. Сондай-ақ, «Қыз мұраты - кету» - дейді. Сенің де сол ұлы мұратқа ұмтылып, жаңа өмірге аяқ басатын күнің келіп жетті. Алдыңда небір бұралаң жолдар күтіп тұр. Ол жолдар бақыт үшін күрестен тұрады. Бұл күрес сабырмен, төзіммен, даналықпен қарулануыңды талап етеді. Ең бастысы, Жәннатқа жол салып беретін МЫРЗАҢның разылығын табуға ұмтылар күндер күтіп тұр. Бұл қызмет арқылы жан жарыңа бақыт сыйлайсың, ал ол сені бақытты етеді. Алла Тағала қыз баласына әйел-ана болудан артық нығмет сыйламаған. Ендеше, жанашыр ағаңның өсиетіне құлақ сал!



Таңертең көзіңді аша сала әуелі Алланы ойла. Алдымен Раббыңның хақын өтеу керек екендігі есіңде тұрсын. Сонда Алла басқа адамдармен қатынасыңды реттеп қояды.

Ешқашан отбасың мен отағасы үшін атқарған қызметіңді көп көрме, міндетсінбе. Санасу, есеппен өмір сүру ерлі-зайыптылардың арасына жік түсіретінін ұмытпа. Ал амалыңды Алла разылығы үшін атқарсаң, ақым кетті-ау деген сезімнен ада боласың. Еріңе қызмет етуде ләззат бар екенін ұмытпа әрі сол ләззатты сезіне біл. Өйткені, еріңнің алдындағы Алла міндеттеген әр қызметің – сенің сауап теретін мүмкіндігің, Алла алдында атқаратын құлшылығың.

Еріңнің алдында қылықты бол. Жан жарың сенің әр қылығыңнан зор сыйластығың мен сүйіспеншілігіңді көріп тұратындай болсын. Кең бол.

Оған «сіз» деп сөйлеуің, атын атамауың – арадағы көптеген кикілжіңге, бойсұнбаушылықтарға, ерсі сөздерге тосқауыл. Мұны әжелеріміз жақсы білген әрі амал жасаған.

Дәмді тамақ, жылы әрі жайлы атмосферадағы үй кез келген еркекті жібітеді. Жалпы, үй – еркектің тыныштық, тыным табатын «ордасы» болуы керек.

Үлкенді сыйла. Олармен ақылдас. Бұл – түбінде береке әкелетін амалдардан.

Үнемі өзің бірінші болып кешірім сұрауды әдетіңе айналдыр. Тіпті, кінә сенен болмаса да кішірейе білсең, ешнәрседен ұтылмайсың. Ол үйден ренжіп кетсе, әдеміленіп суретке түс те, тәтті сөздермен хабарлама жазып жібер.

Кінәласпа. Кез келген жағдайда кінәні өзіңнен іздеуге тырыс.

Сендердің өмір бойғы қарым-қатынастарыңның кірпіші алғашқы сәттердегі қатынастарың арқылы қаланады. Келешекте араларыңның қандай болғанын қаласаң, бастапқы кезден іске кіріс.

Алғашқы сәттерде бір-бірлерінің қылықтарыңа, әдеттеріңе, мінездеріңе үйренісу барысында міндетті түрде кішігірім ұрыстар, ұшқындар болуы мүмкін. Мұны сабырлылық арқылы шешуге болады. Қиыншылықтың артында бір жеңілдік тұрғанын жадыңнан шығарма.

Кейбір кемшіліктерін байқағанда оған тұрмысқа шыққаның үшін өкінбе. Ертеде заманындағы барлық қыздан сұлу, ақылды, иманды, тәрбиелі, бай қыз өмір сүрген екен. Ол ұзақ жылдар бойы өзіне жар таңдайды. Алыс-жақынды патшалықтың көптеген бай-серілері айттырып келеді. Алайда, қыз ешкімді ұнатпайды. Ел-жұрт оның тұрмысқа шығатындығынан үміт үзе бергенде, оның әйтеуір біреуді таңдағандығы  туралы хабар тарала бастайды. Бәрі де әлгі бақытты жігітті көруге асығады. Сөйтсе ол ұсқынсыз әрі қарапайым адам болып шығады. Мұның себебі сұралғанда сұлу бойжеткен: «Менің бір күнәм бар шығар, сондықтан, Алла оны маған нәсіп еткен болар. Керісінше, оның бір Аллаға ұнамды артықшылығы бар шығар, сол себепті, Алла мені оған қосқан болар» деп жауап берген екен. Бұл сөз саған да ғибрат болсын. Өнеге ал. Алла – Әділ. Демек, сендер бір-біріңе лайықтысыңдар.

Енеңмен тату бол. Танысқан сәттен-ақ оны зерттеп, ұнататын, ұнатпайтын нәрселерін біліп ал. Жатырқамай, тезірек тіл табыс. Оған қолыңнан келген құрметті көрсет. Тіпті, кейбір істерді жақсы біліп тұрсаң да онымен ақылдас.

Кез келген еркектің жанды жері бар.  Еректің отбасын асыраушы, қамқоршы, басқарушы  екендігін жақсы білесің. Оның дәл осы қызметтеріне қатысты тіл тигізу, кінәлау оны азаптайды. Мәселен, «ақша таппайсыз ба?», «дұрыстап шешім қабылдамайсыз ба», «өзім білемін» деген сөздерді қолданысыңнан шығар.

Құлшылықта оған бұйрық берме немесе атқаруын талап етпе. Мәселен, «неге тәһәжудке тұрмайсыз?», «дұға намазына дәрет алмайсыз ба?», «жатар кездегі дұғаны айтпайсыз ба?» секілді сауалдармен оны мезі етуден сақтан. Бірақ құлшылық уақыттарын еске салып қойғанның оқасы жоқ. Әсіресе, оны таң намазына оятуды міндетіңе алсаң да болады. Білімің одан артық болса да «білместің» кейпіне ен. Пайдалы мақсатта білімді жасырып қалуға рұқсат етілген. Әйелдер еркектің өзінен көп білгенін, еркектер әйелдердің өздерінен аз білгенін қалайды. Оны өзіңнен жоғары ұста. Ақылды әйел өзі биік болса да, төмендеп, өзінің ізгі істеріне ерін себеп етіп, артында тығылып отырады.

Сымбатыңды сақтай біл. Жаттығуларыңды қалдырма, дұрыс тамақтан.

Ешқашан өзіңе, жарыңа, ақылыңа, біліміңе, сұлулығыңа тәуекел етпе. Ешкім өз шамасымен бақытты, озық бола алмайды. Алла қаласа ғана жеңіске жете аласың. Қолыңнан келген әрекетті жаса да, Аллаға тапсыр. Ол тәуекел еткенге жеткілікті, істерді реттейді, соңына жеткізеді. Ол шеше алмайтын қиындық жоқ.

Кез келген қиыншылықта көмек сұрарың, арқа сүйерің, ақылдасарың Алла болсын. Адам басына іс түскенде Раббысының құдіретін де ұмыт қалдырып қояды.

Бір салихалы ананың ұзатылып бара жатқан қызына айтқан мына өсиеттерін де жадыңнан шығарма: «Сен туып-өскен ұяңды қалдырып, өзің білмейтін шаңырақта, өзің үйреніспеген жарыңның жанында қалдың. Ендеше, оған жер бол, ол саған көк болады, сен оған төсеніш бол, ол саған таяныш болады, сен оған қызметшісіндей бол, ол да саған кіріптар болады. Наразылығыңды жиі білдірме, ол сені жек көріп кетеді және одан алыстап та кетпе, ол сені ұмыта бастайды, бірақ, ол саған жақындаса, сен де оған жақында, егер алыстар болса, сен де алыстай бер. Оның иіскеу, есту, көру қабілетін аяла – ол сенен тек жағымды иісті сезсін, тек жақсы сөздерді естісін, әрдайым әдемі қалпында көрсін». («Табаиғун ниса», Ахмад ибн Абду Раббиһ әл-Андалуси).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет