Қызыл кітап Оған енген жануарлар



Дата01.01.2022
өлшемі100,3 Kb.
#107789
Байланысты:
Қызыл кітап
24соз, FIZ, Диагностикалық критерилер, 123, 123123, ЖМ-912 Нәдірбек Қуаныш 1 БӨЖ , 123123, Строевой устав, коркем енбек, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 1580443088, 1580443088, 11 сыныпСОр Қазақ тілі мен әдебиеті, 11 сыныпСОр Қазақ тілі мен әдебиеті

Қызыл кітап

Оған енген жануарлар

Қызыл кітап деген не?

  • халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

ҚР “Қызыл кітабы”

  • Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
  • Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

ҚР Жануарлар түрлері

  • Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория“ бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
  • балықтың 4,
  • қосмекенділердің 1,
  • бауырымен жорғалаушылардың 8,
  • құстардың 43,
  • сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.

ҚР Өсімдіктерімен Омыртқалылар

  • “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
  • 1-категория – жойылып бара жатқан;
  • 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
  • 3-категория – сирек кездесетін;
  • 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
  • 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда
  • жабықтұқымдылардың 288,
  • ашықтұқымдылардың 2,
  • қырыққұлақ тәрізділердің 3,
  • мүктердің 3,
  • саңырауқұлақтардың 10,
  • қыналардың – 1 түрі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет