Жасөспірімнің өзін ұстауы көбінесе күтпеген сипатта болады – қысқа мерзім ішінде ол мүлде кереғар реакциялар көрсетуі мүмкін:
* мақсатшылдық пен қайсарлық албырттықпен ұштасады;
* әрекет етуге деген арынды құлшыныс селқостыққа, бірдеңе істеуге ұмтылыс пен ықыластың болмауына алмасуы мүмкін;
* өзіне деген сенімнің жоғары деңгейі, ой-пікірде өз ойына ғана үзілді-кесілді сенімді болу қамкөңілділік пен өзіне сенімсіздікке жылдам ауысып отырады;
* мінез-құлықтағы жүгенсіздік кейде ұяңдыққа ұласады;
романтикалық көңіл күй көп жағдайда арсыздық пен есепқорлықпен шектеседі;
* нәзіктік, еркелік балаға тән емес қатыгездік тұрғысынан көрініс табады;
* қарым-қатынасқа деген қажеттілік оңашалануға ұмтылысқа ауысады.
Ең долы эмоционалдық реакциялар айналадағылардың бірінің (бәрінен бұрын ата-аналардың) жасөспірімнің намысына тиюге тырысқанда туындайды.
Эмоционалдық тұрақсыздықтың ушығуы ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда