Дәуқазан – арық. Сырдария алабында.
Диісбай – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Дөңқазған – құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Дөңқұт – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Елемес – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Елемес – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Еңбекшіқазақ – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 43 шақырым жерде. «Еңбекшіл, еңбек сүйгіш, бейнетқор қазақ» мәніндегі атау.
Ербай - құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Ескідариялық – Сырдарияның ежелгі арнасы. Жусанды жазығы мен Жуанқұм құмы көлденең кесіп өтіп, Қуаңдариямен қосылады. Арна Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан. Ұзындығы - 130 шақырым, тереңдігі - 1,5–2м. «Бұрынғы, көне Дариялылық» мәніндегі атау.