Шөлсор – құдық. Баршақұмның оңтүстік-батыс бөлігінде. «Шөлдегі сор жерден қазылған құдық» мәніндегі атау.
Шөмішкөл – көл. Қамыстыбас көлінің оңтүстігінде, Сырдария алабында, Арал ауданы жеріндегі Ақшатау көлдерінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Пішіні сақина тәріздес, аумағы – 4,2 шаршы км, ұзындығы – 2,8 км, ең терең жері – 10 м. Көл төбелер ортасында жатыр. Шығыс жағалауы ашық, жайдақ. Көлдің батыс жағалауының қамысы сирек, жағалаудан ортасына қарай қалың қамыс, қоға, шылау өскен. Суы мөлдір, ашқылтым. Балықтың бірнеше түрі тіршілік етеді.