Демографиялық тарихнамада облыс халқының құрамындағы өзгерістер толық зерттеле қойған жоқ. Сондықтан да, облыс тарихын, халық санындағы өзгерістерді, оған әсер еткен факторларды зерттеудің маңызы зор, әрі ғылыми сұранысқа ие болып отыр. Қызылорда облысы халқының саны 789,8 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы – 44,3%, ауылдық жердегі – 55,7%. Қазақстанда орын алған көші-қон үрдістерінің өзгерісі, қарқындылығы мен ағымдарының негізгі бағыттары облыстың көші-қон жағдайына сәйкес келді.
Достарыңызбен бөлісу: |