Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында меншіктік қатынастардың арқасында жеке тұлғаның меншіктеп иелену, пайдалану және оны қандай да бір болмасын кәдеге жарату құқы пайда болады. Дүние жүзі мемлекеттері басым көпшілігінің жылдар бойы қалыптасқан іс-тәжірибелері көрсетіп отырғандай, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жоғары деңгейі, міне осы меншіктік қатынастарға, оларды жан-жақты жіктелуіне тікелей байланысты.
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттарына сәйкес елдегі барлық халық белсенді және енжар халық болып екіге бөлінеді. Демографиялық тұрғыдан белсенді халыққа өз еңбектерін материалдық игіліктер өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсайтын барлық ер кісілер мен әйелдер жатады.