1-ші сұрақ:-Балаңыз орталықта ойнап жүріп, өзімен қатар баламен керісіп қалып, бір жерін ауыртып немесе жарақаттап алды. Іс әрекетке сіздің балаңыз кінәлі.Сіздің іс - әрекетіңіз?
Дұрыс. Бірақ, сіз өз аналық мейіріміңізбен өз балаңызды қорғаштайсыз. Ал мен сіздің орныңызда болсам, істің ақ-қарасын анықтап алар едім. Әрине, маған да оңай емес, баламның бір жерінің зақымданып жатқаны, сонда да мен осы жерде «Ашуды – ақылға жеңдірейік» деген мақалды бетке ұстаған болар едім.
2-ші сұрақ. Бала асханада сіздің жақсы көретін ыдысыңызды сындырып алды.
Сіздің іс-әрекетіңіз?
Осы жердегі менің педагог ретінде айтарым- Бұл жерде балаға ұрысып, ренжудің қажеті жоқ. Абайсызда болған жағдай.
3-ші сұрақ. Балаңыз көшеден үсті лас күшікті немесе мысықты үйге әкелді. Сізде үйде оны асырауға болмайды. Сіздің іс-әрекетіңіз?
Бұл жерде мен баладан үлкен үміт күткен болар едім. Себебі, оның жүрегі өте үлкен, мейірімді. Оған керісінше балам итті үйде ұстауға болмайды ғой, иттің үйі сыртта болуы керек, ертең папаң сырттан сен әкелген итке үй тұрғызып береді. Бүгінше итті жуындырып үйге қондырып шығарайық. Жарай ма? т.б.Осы турға баға беру.
Кейінгіге үлгі болсын алдағы ісім,
Ұрпаққа жұмсалады барлық күшім
Ертелі кеш еңбектен ерінбеймін,
Дегендей барлығы да бала үшін.
Осымен «Анам және мен» атты тренинг сайыс сабағымызда өз мәресіне жетті. «Баланың бас ұстазы- ата - анасы» демекші біз болып, сіз болып балаларымызды тәрбиелеп, оқытып, білім беріп, түзетіп – дамытып келешекте Қазақстан Республикасының бақытты азаматы болып өсуіне үлес қосайық! Алдағы уақытта ата-анамен бас қосу, кеңесу, пікір алысу жиі болып тұрса деген тілекпен тренинг сайысымызды аяқтай отырып, қорытынды сөз кезегін орталық директорына береміз.
Мекен-жайым:
Қызылорда қаласы
Нұрхабаев к/сі №60
Тел үй: 21-12-66
Тел. жұмыс: 29-29-06
8701-858-90-50
8777-958-23-50
Қызылорда облыстық балалар
оңалту орталығы
І санатты педагог – дефектолог: Шаймерденова Салима Қаппарқызы
«Анам және мен» тренинг сайыстың жоспары
Жүргізуші:
Аманба жиналғанның үлкен – жасы,
Үміткердің домаласын өрге тасы.
Жүздесу Сіздерменен бір ғанибет,
Сәлемдесу қазақта сөздің басы.
Құрметті ата-аналар, балалар, орталық қызметкерлері!
Бүгін орталық маманы арнайы пелагогтың басшылығымен « Анам және мен» атты, ата-аналармен тренинг сайыс сабағын өткізгелі отырмыз.
Мақсатымыз:Түзету-дамыту бағдарламасы аясындағы жұмыстардың нәтижесімен, орталықтың тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, ата-аналармен байланыс жасау. Сонымен, құрметті ата-аналар, «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген мақалды бетке ұстай отырып, бүгінгі тренинг сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Біз сіздерді толық тану мақсатында 1-ші турды «Таныстыру» деп атадық. Оң жағымнан бастаймын.
І тур – «Таныстыру»
Шарты: Бір шумақ өлеңмен немесе қара сөзбен анасы өзін таныстырады, ал баласы өзінің аты-жөнін, жасын, мекен- жайын айтуы қажет.
Әрине тренинг сабақ сайыс түрінде өткізілгеннен кейін аналарымыз бен балаларымызды бағалайтын сарапшылар болуы керек.
Сарапшылармен таныстырып өтейін:
1.
2.
Аналарымыз бен балаларымыз бірінен – бірі өтіп, өз өзін таныстырып жатса, Сіз «таң қалмаңыз»
ІІ тур- «Төсбелгімен таныстыру»
Қоржындағы нөмірленген асықты жағалай таратып шығады.
Шарты: Таңдап алынған асықтың нөміріне сай конвертті алып, төсбелгідегі бейненің мағынасын балаға анасы түсіндіреді.
Мысалы: «Күн» белгісі – күн жылылықтың, мейірімділіктің символы. Мен баламды әрқашан әрқашан мейірім шуағына бөленсе екен деймін.т.б.
«Гүл»- әдеміліктің символы, балам әдемі боп өссе екен деген мақсатта.
«Кітап»- білім бұлағы, білімді болып өссе екен.
«Жүрек»- мейірімді, жүрегі жылы болып өссе екен.
«Жұлдыз»- жұлдыздай жарқырап жүрсе екен.
«Көгершін»- бейбітшілік, достық қатынаста болса екен.
-Құрметті сарапшылар, төсбелгіге қарап аналарға ат қойып жіберсек. Мысалы: Күн ана, Білім ана, Гүл ана, Бейбіт ана, Жұлдыз ана, Мейірім ана т.б. Осы ат сіздерге бақыт пен табыс әкелсін.
ІІІ тур- «Үй тапсырмасы»
Шарты: Бұл тур шаруашылық- тұрмыстық еңбек бағытында ұйымдастырылған. Анасы мен баласы алдын – ала үйден дайындаған тұрмыстық заттармен таныстырады.Әрине бұл турда бала анаға көмек беруі қажет.
Мақсаты: Баланың үйде анасына тигізген қолқабысын байқау. Мысалы:салат жасай ма, әлде тәрелкені жеміс турау арқылы әшекейлей ме т.б. Бағалау.
ІҮ тур - «Суретші болғым келеді»
Шарты: Анасы мен баласына еркін тақырып беріледі. Анасы суреттің нұсқасын салып берсе, баласы суретті нақышына келтіріп бояйды. (Бұл кезде А.Еңсеповтың «Әке толғауы» күйі орындалып тұрады. Бағалау)
Ү тур – «Сұрақ - жауап»
Шарты: Балалардың тілдік қоры мен ойлау қабілетін дамыту мақсатында сұрақ- жауап түрінде шағын сабақ өткізу. Аналар бақылаушы.
Жүргізуші:Балалар тақта алдына жиналады. Тақтада үлкен ағаш суреті ілінген.
- Бұл ненің суреті? - Ағаш..Өте дұрыс.
- Ағаш бұтақтарының түсі қандай? - Жасыл
- Мынау не? – Алма.
- Түсі қандай? – Қызыл, сары, жасыл.
- Ол қайда өседі? –Ағашта.
Дұрыс балалар алма ағаш бұтағында өседі екен. Алманың бізге қандай пайдасы бар? – Ағзаға дәрумен береді, тасап, сусындар жасаймыз т.б.Көрдіңдер ме балалар бір алмадан қанша сөз туындап жатыр, енді мына алмалардың дәмін татып көреміз.
ҮІ тур – «Өнер»
Шарты: Анасы мен баласы үйден дайындап келген өз өнерін ортаға салады.
Мақсаты: Баланың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өзін-өзі ортада еркін ұстай білуге баулу.Бағалау. (Би, өлең оқу, ән айту, пародия т.б.)
Бізде орталықта ұсақ-қимыл – қозғалысын дамытуға арнайы бір сабақ қойылған, бұл сабақтың маңызы сол – баланың түйсігін дамытады, тигізетін пайдасы мол.
ҮІІ тур – «Моторика»
Шарты:Ана мен балаға араласқан дәндер беріледі (фасоль, бұршақ, қарамық, маш т.б.)Осы дәндерді түріне, пішініне, көлеміне қарай топтау қажет (Уақыт құм сағатпен шектеледі)
Мақсаты:Балалардың ұсақ-қимыл қозғалысын дамыту. Шапшаңдыққа, ептілікке, жылдамдыққа баулу.
ҮІІІ тур – «Ситуациялық сәт»
Шарты:Қоржыннан нөмірлер алып, сол нөмір бойынша конверттегі сұрақьарға жауап беру. Ана жауап береді.
1-ші сұрақ:-Балаңыз орталықта ойнап жүріп, өзімен қатар баламен керісіп қалып, бір жерін ауыртып немесе жарақаттап алды. Іс әрекетке сіздің балаңыз кінәлі.Сіздің іс - әрекетіңіз?
Дұрыс. Бірақ, сіз өз аналық мейіріміңізбен өз балаңызды қорғаштайсыз. Ал мен сіздің орныңызда болсам, істің ақ-қарасын анықтап алар едім. Әрине, маған да оңай емес, баламның бір жерінің зақымданып жатқаны, сонда да мен осы жерде «Ашуды – ақылға жеңдірейік» деген мақалды бетке ұстаған болар едім.
2-ші сұрақ. Бала асханада сіздің жақсы көретін ыдысыңызды сындырып алды.
Сіздің іс-әрекетіңіз?
Осы жердегі менің педагог ретінде айтарым- Бұл жерде балаға ұрысып, ренжудің қажеті жоқ. Абайсызда болған жағдай.
3-ші сұрақ. Балаңыз көшеден үсті лас күшікті немесе мысықты үйге әкелді. Сізде үйде оны асырауға болмайды. Сіздің іс-әрекетіңіз?
Бұл жерде мен баладан үлкен үміт күткен болар едім. Себебі, оның жүрегі өте үлкен, мейірімді. Оған керісінше балам итті үйде ұстауға болмайды ғой, иттің үйі сыртта болуы керек, ертең папаң сырттан сен әкелген итке үй тұрғызып береді. Бүгінше итті жуындырып, үйге қондырамыз.. Жарай ма? т.б.Осы турға баға беру.
Кейінгіге үлгі болсын алдағы ісім,
Ұрпаққа жұмсалады барлық күшім
Ертелі кеш еңбектен ерінбеймін,
Дегендей барлығы да бала үшін.
Осымен «Анам және мен» атты тренинг сайыс сабағымызда өз мәресіне жетті. «Баланың бас ұстазы- ата - анасы» демекші біз болып, сіз болып балаларымызды тәрбиелеп, оқытып, білім беріп, түзетіп – дамытып келешекте Қазақстан Республикасының бақытты азаматы болып өсуіне үлес қосайық! Алдағы уақытта ата-анамен бас қосу, кеңесу, пікір алысу жиі болып тұрса деген тілекпен тренинг сайысымызды аяқтаймыз, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Мекен-жайым:
Қызылорда қаласы
Нұрхабаев к/сі №60
Тел үй: 21-12-66
Тел. жұмыс: 29-29-06
8701-858-90-50
8777-958-23-50
Достарыңызбен бөлісу: |