«Қызықты математика әлемінде» атты көңілді тапқырлар сайысы



бет1/2
Дата20.06.2018
өлшемі123,5 Kb.
#43745
  1   2
«Қызықты математика әлемінде» атты көңілді тапқырлар сайысы
Мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың алған білімдерін өмірде, математикалық есептеулерде практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу.

  2. Дамытушылық: Қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың ізденушілік қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, өзін - өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, команданың эмблемасы, таратпа материалдар.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! 


Білім іздеп, инемен құдық қазғандар, 
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді. 
Би билеп, ән де бүгін шырқалар- дегендей, қош келіпсіздер бүгінгі ойнымызға. 

Әркімнің өз бақыты талғамы да

Қасиетті де, бойдағы арманы да

Дана халқым қабыл ал сәлемімді

Математика сүйер жас қауым алдарыңызда!
Сайысуға келдік біз қуанышпен,

Өнер, білім көрсетіп жарысуға

Сынау үшін өздерінің бақтарын

Шықсын кәне, өнерімен ортамызға.
Ортаға «Әл-Фараби» және « Әл-Хорезми» топтарын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк,

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

Сайысты біз бастауға,

Әділ қазы сайлаймыз.


  1. ______________________________________________

  2. ______________________________________________

  3. ______________________________________________

Сайыс барысы:

  1. Топтың таныстыруы

  2. Сұрақ-жауап сайысы

  3. «Кім алғыр?» ойыны

1. Шырпымен ойын.

2. Сөз құрастыру

3. «Адымда - ойлан» ойыны (математикалық терминдер)

  1. Ойнайық та, ойлайық «Мақал- мәтелді жалғастыр»

  2. Математикалық фокус.

1. Сиқырлы сандар.

2. Сиқырлы шаршылар.

  1. Сәйкестілік тест

  2. Көңілді көбейту

  3. «50 ұпай кімге бұйырады?» ойыны

  4. Математикалық лото ойыны

  5. Топ басшылар сайысы

  6. Семантикалық карта

Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

«Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.


  1. Топтың таныстыруы

Енді бірінші сайысымызда топтарға сәттілік тілеп, таныстыру сайысын бастаймыз. Алғашқы болып өзін таныстыратын « Әл-Фараби» тобы.
« Әл-Фараби» тобы

Ұраны: ». «Қандай болса – дағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске»

Әні:

Егеменді қазақтың біз ұланы

Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны.

Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда

Жеңіс тек біздер болар осы жолда

Достар-ау, сендер де бір қолпаштаңдар

Отырған дәл алдыда, оң мен солда.
Амандасуы:

Бастары копьютердей

Бойлары бәрі бірдей.

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өрімдей – сәлем!

«Әділқазыларға сәлем»:
Достықпенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділқазым,

Еңбегін «Әл-Фараби»-дың әділ сына.



Жүргізуші: Келесі кезекте «Әл-Хорезми» тобы

Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл

Әні:

Өнер қуған математик жастармыз

Есебіңді лезде шешіп тастармыз.

Командамыз өңшең тапқыр қырандар

Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.

 Келешектің үмітіміз талапты

Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,

Сегіз қырлы,өнер асып туғандар

Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.

Амандасуы:

Құны бір құрдас,

Жаны бір жан дос.

Тілегі бір, жүрегі бір,

Бірге өскен жолдас,

Сендерге де бір сәлем!

«Әділқазыларға сәлем»:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем !

Әділдікке бас иеді күллі әлем !

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл !

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер


  1. Сұрақ-жауап сайысы

1-топтың сұрағы

  1. Тәуліктің 1/24 бөлігі?

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?

  3. 13 санының квадраты нешеге тең?

  4. Жердің жасанды емес серігі?

  5. Оу осі координаталық жазықтықта қалай аталады?

  6. Диаметрдің жартысы

  7. 10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі

  8. Ең кіші натурал сан

  9. Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі

  10. Синустың косинусқа қатынасы

2-топтың сұрағы

  1. Дәлелденбейтін тұжырым.

  2. Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді

  3. Санауға қолданылатын сандар

  4. 15 санының квадраты

  5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

  6. Қиылыспайтын түзулер

  7. Табиғи жарық көзі

  8. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш

  9. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле

  10. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы




  1. «Кім алғыр?» ойыны. 1. Шырпымен ойын. 2. Сөз құрастыру. 3. « Адымда - ойлан» ойыны. Математикалық терминдер.

1. Шырпымен ойын.

а)11 шырпыны қолданып үш тең шаршы және 12 шырпымен екі шаршы құрастыру.

ә) 10 шырпыны қолданып үш тең шаршы және 12 шырпымен бес шаршы құрастыру.

2. Сөз құрастыру.

а) зүту, усәле, дісіңке, түнек, деутең, тықықзаж. (артық сөздің астын сызу)

ә) бершең, тремдиа, адхор, усиадр, тренц, тепмек. (артық сөздің астын сызу)

3. « Адымда - ойлан» ойыны. Математикалық терминдер.

а) П әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.

ә) С әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.


  1. Көрермендермен ойын

  2. Музыкалық сәлем. «Алматы түні» әнінің әуенімен («Сәукеле сыры») екі топтағы қыздар айтады.

Өз ойыңды жүйелейтін,

Алған білімді түйіндейтін,

Әр нәрсенің жауабын тез

Есте сақтап күлімдейміз.-дей отырып, келесі сайысымызға көшелік.


  1. Ойнайық та, ойлайық. «Мақал-мәтелді жалғастыр» ойыны

  1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

  2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

  3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

  4. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

  5. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

  6. Бір түйір дәнде, бір тамшы тері бар.

  7. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңгең бірігіп ана болмас.

  8. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

  9. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.

  10. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

  11. Бір тал кессең,он тал ек.

  12. Алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара.


Шыққанша құмардан

Талмай есеп шығарған

Дәл бүгінгі кездесуде

Білімменен сыналған деп, келесі сайысымызға көшелік.

  1. Математикалық фокустар.

1. Сиқырлы сандар (1 топқа екі тапсырмадан)

а) арифметикалық амалдар қолданып төрт 9 цифрын пайдаланып, 10-ды жаз.

ә) арифметикалық амалдар қолданып төрт 7 цифрын пайдаланып, 78-ді жаз.
а) арифметикалық амалдар қолданып үш 6 цифрын пайдаланып, 30-ды жаз.

ә) арифметикалық амалдар қолданып алты 7 цифрын пайдаланып, 100-ды жаз.



2. Сиқырлы шаршылар.

а)Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі жұп сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 30 шығатындай етіп орналастыру керек..

ә) Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі тақ сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 33 шығатындай етіп орналастыру керек.

Ойла- ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген,

Формуланы білмесең,

Өте алмайсың көпірден.- дей отырып кезекті Сәйкестілік тест ойынына береміз. Мұнда жазылған формулалардың атауларын тауып, сәйкестендіру керек.




  1. Сәйкестілік тест



Бейнеленуі немесе формуласы

Аталуы

1

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0

көлем

2

ах+в=0, а≠0

Квадраттық теңдеу

3



метр

4

сыйымдылық

Бұрыс бөлшектер

5

V=abc

Косинустар теоремасы

6

ах2+ bх+с=0, а≠0

Пифагор теоремасы

7

уақыт

килограмм

8

b22+c2-2acCosβ

Араб цифрлары

9

ұзындық

литр

10

с22+b2

Герон формуласы

11



Қысқаша көбейту формуласы

12

Z= {…-2, -1, 0, 1, 2, …}

секунд

13

(a+b)3=a3+3a2b+3ab2+b3

Синустар теоремасы

14

S=,p=

Сызықтық теңдеу

15

масса

Бүтін сандар жиыны

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет