Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.
Хаттама №2 05.06.2015 ж
«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА»
( факультатив курс бағдарламасы 6 сынып)
Құрастырған: Утегенова Айнур Туреахметовна, Бөрлі ауданы Қызылтал
ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі
Түсінік хат
Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім - білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі.
Математиканың практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және
техникалық идеяларды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушы-лықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
«Қызықты математика» курсы әрбір бӛлімдерде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бӛлінген. Курста шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру , есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдері туралы айтылады. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар есептеулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтай алады. Тақырыптың теориялық бӛлімінде сыныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |