ІІ кезең
Логикалық сұрақтар
1. Ортақ 3 белгісін атаңыз (түсі, моделі, қолданылуы)
2. Қандай ерекшеліктері бар?(табиғатпен үйлесімді)
3. Сіздің ойыңызша суретші не үшін… материалдарды қоладанады?
4. Сіз сипаттап бере аласыз ба?
5. Бұл техника сізге не үшін ұнады?
6. Суретші жұмысы сізді не үшін қызықтырды?
7. Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?
ІІІ кезең
Сергіту сәті
1.Себеттерге бөліп сал: жемістер, жидектер, көкөністер
2. Кірпіге жол көрсет
3. Ребус (Ел іші- алтын бесік)
4. Сөзжұмбақ «Зат есім»
5. Сөздерді табайық (криптограмма)
6.Ребус (Жүзік)
7. Қай жануар бұл топқа жатпайды?(мысық)
8. Бұлар ненің төлдері?
9.Логика пойызы
10. Сөзжұмбақ «Достар»
11. Ребус «Қуыршақ»
ІҮ кезең. Қорытынды
Жеңімпаздарды марапаттау Жүргізуші:
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілекпен,
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімді тасқын,өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Ойынымыз аяқталды,сау болыңыздар.
Назарларыңызға рахмет!
Талаптыға нұр жауар
Сайыстың мақсаты:
оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, игі сат, озық дәстүрлерді білу, әдептілік, инабаттылық, әншілік және бишілік өнер секілді асыл қасиеттерді бойына сіңіру.
Бағдарламада:
«Ән – көңілдің ажары». Әншілік өнер.
«Би әлемінде». Би өнері.
«Сән мен сымбат жарасып». Сәндер шеруі.
«Ақылдылық аруға жарасады». Білім сайысы.
Мұғалімнің сөзі:
«Талаптыға нұр жауар» атты ән мен сән шеруімізді бастауға рұхсат етіңіздер.
«Өнер-таусылмас қазына, жұтамас байлық» дегендей, біздің мектебіміздің өнерлі оқушыларын қарсы алайық!
Жүргізуші:
Бастарына қонсын дәйім бақ құстары,
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.
Ұзақ ғұмыр, қуаныш пен нұр сыйласын,
Өмірдің тыншымайтын ағыстары, - дей отырып, «Ән – көңілдің ажары» атты әншілік өнер сайысына шақырамыз.
Жүргізуші:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырам әділқазы алқаларын.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, біреуі ән салыпты.
Осы бір сайыстардан бәйге алуға,
Барлығы аянбай-ақ жан салыпты. – деп ақын жырлағандай, келесі сайысымыз «Би әлемінде» деп аталады. Ал кәне, бишілерді қошеметпен қарсы алайық!
Жүргізуші:
Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын,
Өзімізше өзгеріп сән құрамыз.
Бұл сайыстың келесі кезеңінде,
Сән шеруін көрсетсін аруларым!
Сонымен, «Сән мен сымбат жарасып» атты сәндер шеруін тамашалайық!
Жүргізуші:
Ақылдылық аруға жарасады,
Көзі ашыққа кім бүгін таласады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында
Сыналар білім мен парасаты, - дегендей, «Ақылдылық аруға жарасады» атты әр сыныптың білімділерін ортаға шақырамыз.
Слайд арқылы берілген суреттерге тез жауап беру.
Ұлттық киім: шапан
Жіп иіретін құрал: ұршық
Зергерлік бұйым: шолпы
Малдың төлі: қозы
Тігінші құралы: қайшы
Музыкалық аспап: қобыз
Домбыраның бөлшегі: тиек
Түгі алынған тері: күдері
Асықтардан тұратын аспап: жетіген
Қыз баланың киімі: тақия
Жүргізуші:
«Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз,
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз»,- дей келе қазылар алқасына жеңімпаздарды
жариялауды сұраймыз.
Жүргізуші:
Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,
Қазақтың қара көзді бауырларын.
Тәммадайық осы кешті шеруімен,
Өнеріне табынтқан өрендердің!
Достарыңызбен бөлісу: |