Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат
бет 6/13 Дата 09.01.2022 өлшемі 87,03 Kb. #110468
Байланысты:
47c75843f86f2c72fc3532cce8faee255935c229 Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат. Телефонхат - телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық сипаттағы құжат. Телефонхат үшінші бір мекеменің қатысынсыз тікелей мәлімденеді. Қабылдаушы жақ ақпаратты жазып алады. Телефонхаттың формуляры: хабардың аты , нөмірі, күні, қабылданған уақыты , байланысты жүзеге асырушының аты-жөні , телефон не рация нөмірі. Телефонхатты қабылдаған адам ақпаратты тиесілі адамға шұғыл жеткізуі міндетті. Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратыңызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айтқан ақпаратты жазып аласыз. Телефонхаттың мәтіні аса күрделі болмауы керек. Телефонхаттың формуляры: жіберілген хабардың аты , нөмірі, жіберілген күні және қабылданған уақыты жөніндегі мәлімет , байланыс жүйесін іске асырган адамның аты-жөні , телефон я радио нөмірі. Телефонхаттың, радиограмма мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады , оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды. Бұл құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонхат басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі , қабылданады , сақталады. Достарыңызбен бөлісу: