ә) Сөзжұмбақпен жұмыс. Енді, біздің Қазақстан табиғатына тоқталатын болсақ, мына сөзжұмбақ шешу арқылы біздің республикада кандай таулар, көлдер, өзендер бар екенін қайталап жіберейік.
Тақтаға назар аударайық:
«тау» сөзіне аяқталған Қазақстанда қандай таулар бар? (Қаратау, Алатау)
Мұғ. -Қосымша Қазақстан таулары туралы тыңдап кетейік. (таулар туралы бейнетаспа)
және Қазақстанның ең биік шыны (пик-высота) қанша? (Хан-тәңірі 6 995 метр)
«көл» сөзіне аяқталған Қазақстанда қандай көлдер бар? (Марқакөл, Алакөл)
Мұғ. – Қосымша Марқакөл көлінің ұзындығы неше шақырым? (38 шақырым)
«Е» әрпіне басталатын өзендерді атаңыз. (Ертіс-Иртыш, Есіл-Ишим)
б ) Шығармашылық жұмыс -Қазір «Жер-Ана, Ел-Бала» туралы бейнетаспаны тамашалап, алдарыңыздағы ақ бет қағазға біздіңгі бүгінгі сабағымыздың эпиграфына байланысты «табиғаты қорғау» үшін қандай шаралар пайдалану керектігі туралы бейнелейсіздер және өз жұмыстарыңызды қорғайсыздар. (3 топ қорғап шығады, ал мұғалім барлығын мақтайды, тек бір топтың жұмысына ерекше назар аударады.)
- Жарайсыңдар. Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру-біздің борышымыз. Табиғат сүйе білген, оны аялы алақанымен аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады.
VІ. Сабақтың қорытындысы. VІІ. Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма беру. Оқулығымыздың 40 беттегі мәтіннің мазмұнын айту. Айгерим, Рустам, Нуран –Қазақстанда сирек кездесетін аңдар, оларды қалай қорғау туралы мәнжазба жазып келу.
Қосымша тапсырма Қазақ алфавитін қолданып, жаңа сөздерді сандарға аударып, айтыңыздар.