Ж. Досмұхамедов атындағы жббомбк биология пәнінен тест жинақтары 2016 жыл



бет3/4
Дата15.09.2017
өлшемі2,37 Mb.
#33366
1   2   3   4

6 сыныпқа арналған тест сұрақтары

1 тест. «Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі

1. Ботаника зерттейді.

А. өсімдіктерді. В.қоршаған ортаны.С.бүкіл табиғатты. Д.жануарларды.

2. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым.

А.экология. В.ботаника. С.биология. Д.анатомия.

3. Жасушаның цитоплазмасы.

А.ұсақ денешіктер. В.түссіз қоймалжың зат. С.тығыз зат.Д.ірі денешіктер.

4.Жасушаның бейорганикалық заты. А.май. В. көмірсу. С.минеральді тұздар. Д.ақуыз.

5.Өсімдіктердің жасыл болуы..................байланысты.

А.хлоропластарға. В.хромопластарға. Д.лейкопластарға.С.вакуольге.

6.Хлорофилл орналасқан. А.хромопласта.В.лейкопласта.С.хлоропласта.Д.ядрода.

7.Жасушаны алғаш көрген ғалым.

а. А.Левенгук. в.Ж.Б.Ламарк. с.К.Линней. д. Р.Гук

8.Тек өсімдік жасушасында ғана тəн денешік.

А.пластид. В. ядро. С.вакуоль Д.жасунық

9. Жасушалары жас ұдайы бөлінетін ұлпа.

А.жабын ұлпа. В.түзуші ұлпа. С. өткізгіш ұлпа..Д.қор жинаушы ұлпа.

10. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар.

а. Л.Пастер. в.Р.Гук. с. С.Навашин. д.Əкелі-балалы Янсендер.

11.Сүзгілі түтіктерден тұратын ұлпа.

А.өткізгіш. В.негізгі. С.тірек. В.түзуші.

12. Өсімдік сабағында ,пиязшығында,жапырағында,тамырсабақта орналасқан ұлпа.А. Су жинаушы. В.жабын. С.негізгі. Д. қор жинаушы.

13.Ең күрделі ұлғайтқыш құрал. А. лупа. В. окуляр.С.объектив. Д. микроскоп.

14.Микроскоптың ең негізгі бөлігі. А.көру түтігі. В.штатив. С.окуляр.Д.айна.

15.Микроскоптың 2 линзасы бар бөлігінің атауы.

А.объектив. В.көру түтігі. С.окуляр.Д.лупа.
2 тест. Жасуша жəне ұлпа

1.Жасушаның тығыз сыртында 2 қабат қабықшасы бар бөлімі.

А.цитоплазма. В.ядро. С.пластид.Д.жасуша қабықшасы.

2.Өңді құрайтын ұлпа.

А.Түзуші. В.жабын. С.негізгі.Д.тірек.

3.Түтікше пішінді ұзынша жасушасы бар ұлпа.

А.түзуші В.жабын. С. тірек. Д.өткізгіш.

4. Өсімдік «қаңқасын» құрайтын ұлпа.

А.жабын. В.өткізгіш. С.тірек. Д.негізгі.

5.Сабақтың ең ұшында болатын ұлпа.

А.жабын. В.тірек. С.өткізгіш. Д.түзуші.

6.Жасушада қор жинауға қатысатын түссіз пластид.

А.лейкопласт. В.хромопласт. С.хлоропласт.Д.вакуоль

7.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін бөлігі.

А.ядро. В.вакуоль С.цитоплазма. Д.пластид.

8.Микроскоптың барлық бөлшектері бекінетін орын.

А.көру түтігі. В.объектив. С.штатив. Д.окуляр.

9.Гүл күлтелеріне,жемістерге түс беретін пластид.

А.хлоропласт.В.хлорофилл. С.лейкопласт.Д.хромопласт

10.Көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат.

А.қыртыс. В.тоз. С.қор. Д.шайыр.

11.Жасушаның қабықшасының жұқарған жері.

А.тесік. В. саңылау. С.жасунық.Д. ойық.

12.Алмұрттың жұмсақ етіндегі қатты түйіршіктерінің ұлпасы.

А. тірек.В.жабын С.өткізгіш Д. түзуші

13.Өсімдіктерде керексіз заттарды шығаратын ұлпа.

А.жабын. В. бөліп шығарушы С.өткізгіш.Д.негізгі

14. Жасушасына су жинаушы ұлпа

А.тірек. В.жабын. С. түзуші Д.негізгі

15.Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне

жеткізетін ұлпа.

А.өткізгіш. В.жабын. С.негізгі Д.түзуші

3 тест.Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері.

1.Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратын бөлігі.

А.ұлпа.В.жапырақ.С.сабақ. Д. мүше.

2.Өсімдіктің жер асты мүшесі.

А.жапырақ.В.өркен. С. тамыр.Д.тамырсабақ.

3.Тамырдың түктер орналасқан бөлімі.

А.өсу бөлімі.В.сору бөлімі.С.өткізу бөлімі.Д.тамыр оймақшасы.

4.Тамырдың тамыр бөліміне кірмейтін жері.

А.жасымықша. В. өркен. С.оймақша. Д.қабықша.

5.Тамырдың жас жасушалары бөлінбейтін бөлігі.

А.сору бөлімі. В.бөліну аймағы. С.өсу бөлімі. Д.өткізу бөлімі.

6.Тамырдың қарқынды өсу мезгілі.

А.көктем. В.жаз. С. күз. Д.түн.

7.Жасуша қабықшасын түзуге қажетті элемент.

А.азот. В.фосфор. С.калий . Д. көміртек.

8.Нарғызгүлдің тамыры.

А.жемтамыр. В.тіреу тамыр .С.түйнекті тамыр.Д.кіндік тамыр.

9.Өркеннің орталық тірек бөлімі.

А.жапырақ. В.тамыр.С.буын.Д.сабақ.

10.Бүршіктің сыртындағы қабыршақтарының түсу мерзімі.

А.көктем. В.жаз.С.күз. Д.қыс.

11.Өсімдіктің бүршік,жапырақ,гүл,жеміс бекінетін бөлімі.

А.жапырақ.В.сабақ. С.бүршік. Д.өркен.

12.Құлмақтың сабағы.

А.тік сабақ. В.қысқарған.С.ұзарған Д.шырмалғыш.

13.Тыныс алуға қатысатын,пішіні төмпешікке ұқсаған сабақта болатын

жасушаның атауы.

А.сабақша . В.жапырақша. С.жасымықша. Д.оймақша.

14.Сабақтың ішкі құрылысында қабықтан кейін орналасатын қабат.

А.сүрек. В.өзек. С.тоз.Д.камбий.

15.Ауа райы қолайлы болса сабақтағы жылдық шеңбердің ені.

А.жуан. В.жіңішке. С.ұзын. Д.қысқа.


4 тест.Өсімдіктің өсімді мүшелері.

1.Сабақта су мен минералды тұздар қозғалатын қабат

А.өзек. В.қабық. С.сүрек. Д.камбий.

2.Сабақта органикалық заттар қозғалатын қабат.

А.камбий В. өзек. С. қабық Д.сүрек.

3.Тамырсабақ дегеніміз не ?

А.өркен Б. жеміс С.пиязшық.Д.түйнек.

4.Түйнекте жетілмеген жапырақтың қурап түсіп қалған ізі.

А.бүршік. В. жидек. С.көзше .Д.сояу

5.Жасушадағы артық суды буландыратын.

А.бүршік. В. сабақ С. өркен.Д. жапырақ.

6.Жай жапырақтың тақта саны

А. 1. В. 2. С.3 Д.4

7.Жапырағы қатарласа жүйкеленетін өсімдік.

А.терек. В. үйеңкі С.жүгері.Д.бидай

8. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс.

А. синтез В. фотосинтез. С. хемосинтез.Д.оргсинтез.

9.Пиязшықтың қысқарған сабағының екінші аты.

А.қолтық. В. түбіртек. С. мұртша. Д.бүртік.

10.Тікенге айналған жапырақтары бар өсімдік.

А.итмұрын. В.асбұршақ. С. сексеуіл. Д.жантақ.

11. Мұртшаға айналған жапырақтары бар өсімдік.

А.кəріқыз. В.үрмебұршақ. С.жүгері. Д.қияр

12. Жетілмеген жапырақтары бар өсімдік.

А.кактус. В.сарыағаш . С.жүзгін. Д.сексеуіл

13. Тамырсабағы арқылы көбейетін өсімдік.

А.жыланқияқ. В.картоп. С.сарымсақ. Д.қызанақ

14.Пиязшықтары арқылы көбейетін өсімдік.

А.інжугүл. В.лалагүл. С. құлпынай Д.қазжуа.

15.Жас өркендері арқылы көбейетін өсімдік.

А.қарағаш. В.пияз. С.картоп. Д. орамжапырақ

5 тест.Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері.

1. Жыныс мүшелері бар,бұтақтанбайтын түрі өзгерген,қысқарған өркен.

А. жеміс. В. тұқым. С.гүл. Д.күлте.

2.Жіпше мен тозаңқаптан тұрады.

А.аталық. В.аналық. С.гүл. Д.тұқым.

3.Гүл бөлімдерінің сыртын қаптап тұрады.

А.гүл табаны. В.гүл сағағы.С. күлте. Д.тостағанша

4. Сыртқы жəне ішкі қабықшасы бар жасуша.

А.тозаңқап. В.тозаң . С.аталық жіпше. Д.аналық .

5.Аналықтың тозаңды қабылдайтын бөлігі.

А.ауызы. В.мойны. С.жатыны.Д.тозаңқап

6.Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса.

А.екі үйлі.В.қос жынысты С.бір үйлі. Д.дара жынысты

7.Белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.

А.дұрыс гүл.В. гүлшоғыр.С.бұрыс гүл.Д. гүлтабаны

8.Күрделі масақ гүлшоғыры бар өсімдік.

А.бидай. В. жүзім.С.қайың Д.сəбіз

9.Жай шатырлы өсімдік.

А.жүгері В.пияз С.беде Д.күріш

10.Аталық жəне аналықжыныс жасушаларының қосылуы

А.жыныссыз көбею В.жынысты көбею С.тозаңдану Д.ұрықтану

11. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым.

а. А.С Мичурин в. К.Линней . с.Г.Навашин д. Ч.Дарвин

12.Жүзім жемісінің атауы.

А.жидек. В.жидек тəрізді С.қауашақ Д.тұқымша.

13. Бұршақ жемісінің тобы.

А. бұршаққын. В. қауашақ С. бұршаққап. Д.тұқымша.

14. Күнбағыс жемісі қалай аталады ?

А.дəнек. В. шемішке С. жаңғақ. Д. тұқымша.

15. Дəнек жеміс қай өсімдікте болады ?

А.арпа В. қайың С. бақбақ. Д.үйеңкі.

6 тест.Өсімдіктің көбею мүшелері

1. Қос жарнақты тұқымда ұрықтың қорек заттары жиналатын орын.

А. тұқым қабығы В.эндосперм.С.ұрық. Д.жарнақ

2.Бидай тұқымында қорек заттары жиналатын орын.

А.жарнақ. В.эндосперм С. жемісқап.Д.сабақша.

3.Дара жарнақты өсімдікте тұқым жарнағының саны.

А.үш .В. төрт. С.бір. Д. екі.

4.Тұқымның алғашқы тамырша,алғашқы сабақша жəне бүршікшеден тұратын бөлігі. А.ұрық. В. жарнақ. С.қабық. Д.эндосперм

5.Гүлдің тостағаншадан кейін орналасқан бөлімі.

А.сағақ. В.гүлтабаны.С.аталығы. Д. күлте.

6.Аналықтың ең жуан бөлігі.

А.ауызы.В.мойыны. С.күлтесі Д.жатыны.

7.Аталықтың жіңішкерген бөлігі.

А.тозаңқап. В.жіпше. С.тозаң. Д.тозаң ұясы.

8.Аналық гүлдер бір өсімдікте,аталық гүлдер екінші өсімдікте болса қалай аталады?

А.дара жынысты В. қос жынысты.С.екі үйлі Д.бір үйлі.

9.Жазықтығында бірден артық сызық жүргізуге болмайтын гүл.

А.бұрысгүл.В.дұрысгүл. С.аталық гүл. Д.аналық гүл.

10.Қызғалдақ гүлі қандай?

А.қос жынысты гүл. В.дара жынысты гүл.С.дұрысгүл .Д.бұрысгүл.

11.Жүгерінің аналық гүлі қандай гүлшоғырға жатады?

А.жай масақ. В.собық. С.жай шатыр.Д.шоғырбас.

12.Күнбағыстың гүлшоғыры қалай аталады.

А.жай масақ. В.шашақ.С.шоғырбас. Д.себетгүл.

13.Ұрықтану тозаңданудан бұрын ба,əлде кейін бе?

А.бұрын. В.қатар.С.кейін. Д.бірге.

14.Терек тұқымы не арқылы таралады?

А.су арқылы. В.өздігінен. С.бунақденелілер. Д.жел арқылы.

15.Таңқурай тұқымы не арқылы таралады?

А. жел арқылы. В.өздігінен С.бунақденелілер Д.су арқылы.

7 тест Жануарлар

1.Жануарлар қоректенетін заттар.

А.дайын органикалық заттармен. В.сумен С.ауамен Д.бейорганикалық

заттармен

2.Жануарлардың денесі қандай болады?

А. симметриялы.В.сəулелі симметриялы С.бір жақты симметриялы

Д.екі жақты симметриялы

3.Талшықтыларға жататын жəндіктер.

А.амеба протей В.вольвокс С.арцелла Д.кірпікшелі кебісше

4.Тамыраяқтылар тобына жататын жəндіктер.

А.жасыл эвглена В.вольвокс С.арцелла Д. кірпікшелі кебісше

5.Қантышқақ ауруын тудыратын жəндік.

А.дизентерия амебасы В.безгек паразиті С.лейшмания Д.арцелла

6.Эпителий ұлпаларын түзетіндер.

А.сүйек В.шеміршек С.бұлшықет Д.сыртқы жамылғы.

7.Дəнекер ұлпаларын түзетіндер.

А.сыртқы жамылғы В.бұлшықет С.сүйек Д.жүйке

8.Нейрон қандай ұлпаға жатады?

А.эпителий В.дəнекер С.бұлшықет Д.жүйке

9. Гидраның тыныс алуы. А.өкпесімен В. бүкіл денесімен С.желбезек Д.демтүтікпен

10.Қоңыздардың тыныс алуы. А.демтүтікпен В.өкпе арқылы С.бүкіл денесі Д.шапанша қуысы

11. Шаян тəрізділердің зəр шығару мүшесінің қызметі.

А.жіңішке түтік. В.бүйрек С.жасыл жұп бездер Д.мальпигий түтікшелері

12. Ұлудың зəр шығару мүшесі. А.бүйрек В.жіңішке түтік С.жұп бездер. Д.мальпигий түтікшелері

13. Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым. а. К.Линней в. Ч.Дарвин с. С.Павлов д. И.Мечников.

14.Ұлудың жүрегі неше бөлімді. А.бір бөлімді В.екі С. үш . Д.төрт бөлімді. 15.Балықтың қан айналым жүйесі.

А.екі шеңберлі В.төрт шеңберлі С.үш . Д.бір шеңберлі.
16.Гидраның қозғалуы.

А.адымдап В.аяқпен С.шапанша қуысы Д.қанатымен

17.Шегірткенің даму сатылары.

А.бір саты В.екі саты С.үш саты. Д.төрт саты

18.Ширақ балапан шығаратын құс.

А.тауық В.торғай С.қарлығаш Д.бүркіт

19. Қызылшақа балапан шығаратын құс.

А.тауық В.үйрек С.бөдене Д.бүркіт

20. Көбелектің дернəсілі.

А.пілла. В.жұлдызқұрт Д.құрт С.жұмыртқа



7 сыныпқа арналған тест сұрақтары

1 тест . Ағзалық тіршілік əлемі.

1.Мақтаның бактериялық ауруы.

А.гоммоз. В.сальмонеллез.С.ботулизм.Д.туберкулез.

2.Бактерия жасушасына енетін вирус.

А.цианобактерия В.бактериофаг. С.тұмау вирусы . Д. спора

3.Көзге көрінбейтін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым.

А.цитология В.микология С.микробиология Д.макробиология

4.Бактерия спораларының атқаратын қызметі.

А.көбею В.тыныс алу. С.қоректену Д.қорғану

5.Өлі ағза денесінде тіршілік ететін бактериялар.

А.паразиттер.В.сафрофиттер.С.бактериофагтар.Д.фитонциттер.

6.Тұмау ауруын тудыратындар.

А.бактериялар.В.вирустар. С.шаң-тозаңдар.Д. құрттар.

7.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.

А.биология. В. ботаника. С.микология Д.бриология

8. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректік қор затының атауы. А.нəруыз В.көмірсулар. С.бейорганикалық заттар.Д. май қышқылдары

9.Талшығы бар спораның атауы.

А.конидий. В.зооспора. С.спорангий.Д.конидисидам.

10.Споралар түзетін орын.

А.зооспора В.конидий. С.зигота. Д.спорангий

11.Нан ашытуға пайдаланатын саңырауқұлақ.

А.ақ зең.В.аспергилл. С.ашытқы Д.пеницилл.

12.Көгілдір зең саңырауқұлағының атауы.

А.пеницилл. В. аспергилл. С.ашытқы Д.мукор.

13.Лимон қышқылы аланатын саңырауқұлақ.

А.пеницилл.В.аспергилл. С.арышқұлақ.Д.қайыңқұлақ

14.Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі құрамы.

А.қалпақ жəне түбіртек. В.қалпақ жəне жіпше. С.жіпшумақ.Д.қалпақ

жəне спора.

15.Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі.

А.микориза. В.биоценоз. С.бактериоз Д.симбиоз.

16.Қалпақшалы қызыл түсті улы саңырауқұлақ.

А.шыбынжұт. В.көңілкеш. С.түбіртек. Д.жалған түбіртек

17. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі. А.белдеулік сақина. В.түбіртек. С.түбіртек жіпшесі Д.жіпшумақ. 18.Жеуге жарамды саңырауқұлақ.

А.көңілкеш.В.жалған түбіртек. С.қайыңқұлақ. Д .шыбынжұт

19.Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ.

А.қаракүйе. В.қастауыш С.діңқұлақ.Д.ақұнтақ

20.Жүгері собығында болатын паразит саңырауқұлақ.

А.қастауыш. В.діңқұлақ. С.қаракүйе. Д.ақұнтақ

21. Тасқа жабысып өсетін қына пішіні

А.жапырақ тəрізді В.бұта тəрізді С.жебе тəрізді Д.қабық тəрізді

22.Қына денесін құрайтын балдыр. А.көк-жасыл. В.жасыл. С.қоңыр. Д.қызыл 23. Қына жақсы өсу үшін қажетті жағдай.

А.таулы жер.В.таза ауа. С.тундра Д.далалық жер.

24.Қалалардың лас ауасында қына өсе ме?

А.өспейді. В.сирек өседі С.өседі Д.тез өседі

25.Сыртқы орта тазалығын көрсететін ағза.

А.вирус. В.балдыр С.саңырауқұлақ Д.қына

26.Қынадағы фотосинтез үдерісіне қатынасатын ағза.

А.саңырауқұлақ. В.вирус. С.көк-жасыл балдыр. Д.бактерия.

27. Қыналарды зерттеушілер. А.биологтар. В.микологтар. С.бриологтар. Д.лихенологтар.

2 тест. Балдырлар əлемі.

1.Ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі қалай аталады? А.таллом. В.талшық С.спора Д.зооспора.

2.Жүйенің ең кіші бірлігі.

А.туыс В.тұқымдас. С.қатар. Д.түр.

3.Балдыр жасушасындағы хлоропластардың атауы.

А.хлорофилл. В.лейкопласт. С.хроматофор. Д.хромопласт.

4.Жасыл балдырлардың біржасушалы талшықты түрі.

А.хлорелла.В.хламидомонада.С.хлорелла. Д.глеокапса.

5.Ғарышқа ұшырылған біржасушалы талшықсыз жасыл балдыр.

А.хлорелла. В.глеокапса. С.хлорококк. Д.диатомды балдыр.

6.Хроматофоры оралма тəрізді орналасқан көпжасушалы жасыл балдыр.

А.улотрикс. В.спирогира. С.кладофора. Д.ульва.

7.Қоңыр балдырлар кездесетін жерлері.

А.Арал теңізінде. В.Балқашта С.Зайсанда Д.Каспий теңізінде.

8.Ламинария су түбіне қандай бөліктері арқылы бекінеді?

А.ризоидтары В.талломдары С.жіпшелері Д.талшықтары.

9. Қағаз өндірісінде пайдаланатын жасыл балдыр.

А.ульва. В.кладофора. С.каулерпа Д.улотрикс.

10.Хроматофоры білезік тəрізді су түбіне бекініп өсетін жіп тəрізді

жасыл балдыр.

А.спирогира. В. кладофора. С. улотрикс. Д.каулерпа.

11.Балдырлардың суға бөліп шығаратын газы.

А.көмірқышқыл газы. В. иіс газы. С.азот. Д. оттегі.

12.Қоңыр балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент бар? А.жасыл бояу. В.хромопласт. С.хлоропласт. Д.қоңыр бояу.

13.Балдырлар жынысты көбейгенде гаметалардың қосылуынан

не пайда болады?

А.зигота. В.жіпше . С. жіпшумақ. Д.спора.

14.20-30 метр тереңдікте өсетін балдыр.

А.хламидоманада. В.улотрикс. С.спирогира Д.ламинария.

15. Балдыр жасушасына жасыл түс береді.

А.хлорофилл. В.хромотафор. С.хромопласт. Д.лейкоплас

3 тест. Жоғары сатыдағы споралы жəне тұқымды өсімдіктер.

1.Ұлпалары мен мүшелері жақсы жетілген өсімдіктер қай сатыға жатады ?

А. жоғары саты. В.төменгі саты. С. ортаңғы сатыдағы Д.бірінші сатыдағы 2. Мүктерді зерттейтін ғылым.

А. биология . В. микология С. бриология Д.лихенология

3. Мүктерде тамыр қызметін атқаратын мүше.

А.жіпшелер. В.талшықтар.С.өркендер. Д.ризоидтар.

4.Жасыл мүк қалай аталады?

А.ризоидты В.ризоидсыз С. хлорофилді Д.хлорофилі жоқ.

5.Шымтезек мүгінің екінші аты.

А.көкек мүгі В. жасыл мүк. С. сары мүк. Д. ақ мүк.

6. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушаларының қанша түрі бар?

А. бір. В.екі С.үш. Д. төрт

7. Ішінде цитоплазмасы жоқ жасушалар күйі.

А. тірі . В. өлі. С. қатты . Д. жұмсақ

8. Су қоры қандай күйдегі жасушада жиналады?

А.өлі В. жұмсақ С. тірі Д. қатты

9.Плаунның споралары жетілетін бөлігі.

А.тамыры В. масағы С.жапырағы Д.өркені

10.Сабағы өте көп буын жəне буынаралықтарынан тұратын споралы өсімдік.

А.қырықбуын В. шоқпарбас плаун. С.қырықжапырақ.Д.усасыр қырықжапырағы

11.Қырықбуынның масақтары бар өркені қалай аталады?

А.жаздық өркен. В. күздік өркен. С.қыстық өркен. Д. көктемгі өркен.

12.Қырықбуынның жапырақтары болмайтын өркені қалай аталады?

А. жаздық өркен В.күздік өркен. С.қыстық өркен. Д.көктемгі өркен

13. Жапырақ тақтасы қауырсын тəрізді бірнеше қайтара тілімделген споралы

өсімдіктің атауы.

А. мыңжапырақ .В. қырықжапырақ. С.қырықбуын. Д.плаун.

14.Тұқымы бар, жемісі жоқ өсімдіктер қалай аталады?

А.ашық тұқымдылар В.жабық тұқымдылар. С.біртұқымдылар. Д.көптұқымдылар.

15.Жапырақтарын жылда түсіретін ашық тұқымды өсімдік.

А. самырсын. В.шырша. С. арша Д.балқарағай.

16.Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі бола ма?

А.бір гүлі болады. В.бес гүлі болады. С. гүлі болмайды Д.жүздеген гүлі болады.

17. Бұта болып өсетін ашық тұқымды өсімдік.

А.зеравшан аршасы. В. самырсын. С. кəдімгі арша. Д.кəдімгі қарағай

18.Қарағайдың ағаш сабағының атауы.

А.дің. В.сүрек. С.өзек. Д.қабық.

19.Қарағай неше үйлі өсімдік?

А. көп үйлі. В.үш үйлі .С.екі үйлі. Д.бір үйлі

20.Ашық тұқымды екі үйлі өсімдік.

А.секвоя. В.самырсын.С. туйя /бозарша/ Д.кəдімгі арша

4 тест. Жабық тұқымды өсімдіктер.

1. Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымы жетілетін орын қалай аталады?

А.бүр В. өркен С.сабақ Д.жеміс

2.Жеміс дамитын мүше.

А.жапырақ. В.сабақ. С.гүл. Д.тамыр.

3.Жақын түрлер қандай топқа біріктіріледі?

А.тұқымдас. В.класс. С.қатар. Д.туыс

4.Тұқымында екі жарнағы болса қалай аталады?

А.екі жарнақты. В.қос жарнақты. С.бүтін жарнақты. Д.көп жарнақты.

5.Бидай тұқымында қанша жарнақ болады?

А.екі В.үш. С.төрт Д.бір

6.Аналықтың түп жағындағы жуан бөлігі.

А.жатын. В. ауызы С.мойыны. Д. табаны

7.Көкнəр жемісі қалай аталады?

А.жидек В.жаңғақ. С.қауашақ Д.бұршаққын.

8.Сексеуіл қай тұқымдасқа жатады?

А.астық В.ағаш С.алқа Д.алабота

9.Қызылша тамырының атауы.

А.тамыр.В.жемтамыр.С.атпатамыр.Д.өркен.

10.Қиярдың тұқымдасы. А.астық Б.алабота. С.асқабақ Д.алқа

11.Асқабақтар тұқымдасындағы нағыз жидекті өсімдік.

А.итмұрын. В.асқабақ. С.қияр. Д.қарбыз

12.Мақтаның тұқымдасы.

А.алабота. В.көкнəр. С.бұршақ Д.құлқайыргүлділер.

13.Құлқайырлар тұқымдасынан бөлмеде сəндік үшін өсірілетін түрі.

А.айдарша.В.қытай раушаны С.жалбызтікен.Д.баобаб.

14.Өрік қай тұқымдасқа жатады?

А.бұршақ.В.раушангүлділер С.құлқайыр.Д.алабота.
15.Раушангүлділер тұқымдасының жабайы өсетін түрінің атауы.

А.алмұрт.В.шие. С.итмұрын Д.таңқурай

16.Жоңышқаның тұқымдасы

А.алабота. В.бұршақ. С.раушангүлділер. Д.құлқайырлар

17.Бұршақгүлділердегі аталықтар саны.

А.9+1 В.10+1. С.8+1 Д.7+1

18.Картоптың тұқымдасы.

А.бұршақ В.құлқайыр С.раушангүлділер. Д.алқа

19.Алқатұқымдастардың ішіндегі ең улы өсімдік.

А.меңдуана. В.кермек жалбыз. С.сəлбен. Д. шырайгүл.

20.Бақбақтың тұқымдасы.

А.ерінгүлділер.В.күрделігүлділер. С.алқа.Д.алабота

21.Құртқашаш тұқымындағы жарнақ саны қанша?

А.бір. В.екі С.үш Д.төрт

22.Арпаның тұқымдасы.

А.алқа В.құртқашаш. С.масақ. Д.астық

23.Қызғалдақ /жауқазын/ қай тұқымдасқа жатады?

А.күрделігүлділер. В.раушангүлділер. С.ерінгүлділер. Д.лалагүлдер

5 тест. Гүлді өсімдіктер жəне саңырауқұлақтар.

1.Алқа тұқымдасының гүліндегі күлте жапырақшаларының саны-

А. 4 В.5 . С.6 Д. 8.

2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын сəндік гүл:

А.алма. В. шырша С. байғұт. Д. раушан .

3.Ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар

А.паразиттер. В. симбиоздар. С.сапрофиттер. Д.псилофиттер.

4.Күрделігүлділер тұқымдасына жататын майлы өсімдік:

А.жүгері В.күнбағыс. С. күріш. Д. тары .

5. Жануарлар əлемін зерттейтін ғылым.

А.ботаника В. география С. анатомия. Д. зоология

6. Тұқымдары өздігінен таралатын өсімдік.

А.шытырлақ В.қамыс С. қайың Д.шоңайна

7. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады:

А.саңырауқұлақтар,балдырлар В.балдырлар,қыналар. С.бактериялар,қыналар

Д.бактериялар,балдырлар. 8.Гермафродит дегеніміз:

А.аналық безі орналасқан дене. В.аналық жəне аталық бездері бір ағзада орналасқан

дене.С.аталық безі орналасқан дене. Д.бүршіктен дамитын дене.

9.Бір жасушалы саңырауқұлақ.

А.түлкіжем. В. дің саңырауқұлақ. С.түбіртек. Д.ашытқы саңырауқұлақ.

10.Тұқым бүршігінен түзіледі:

А.ұрық. В. эндосперм. С. тұқым. Д. жемісқап.

11. Раушангүлділерге жататын шөптесін өсімдік:

А.жоңышқа В. картоп. С.қойбүлдірген. Д. көкнəр.

12.Аспергилл саңырауқұлағы қандай саңырауқұлақ?

А.жеуге жарамды.В.жеуге жарамсыз. С. зең. Д.улы.


13.Қастауыш қандай саңырауқұлақ?

А.жеуге жарамды. В.улы. С.зең. Д. паразит

14.Ағаш сабағында өсетін паразит саңырауқұлақ

А.қастауыш саңырауқұлақ В. тат саңырауқұлағы С.діңқұлақ Д.ақ ұнтақ саңырауқұлағы

15. Алқа тұқымдастарға жататын өсімдік.

А.итмұрын В.темекі С.сəбіз Д.алмұрт .

6 тест. Жəндіктер əлемі.

1.Денесінде хроматофоры бар бір жасушалы тірі ағзаның аталуы.

А.эвглена. В.гидра . С.медуза. Д. лейшмания

2.Бір жасушалы талшықты эвглена жəне екі талшықты халамидоманада, бір жасушалы бодоның жəне домалаңғының қайсысы жəндік.

А.хламидоманада. В.эвглена С.домалаңғы.Д.бодо.

3.Бір жасушалы тірі ағзалар тобының атауы.

А.ішек қуыстылар В.гидра тəрізділер . С.тамыраяқтылар.Д.маржандар

4.Біржасушалы жəндіктер дүние тармағының талшықтылар жəне саркодиналар типінен біріктірілген типтің атауы.

А.споралылар. В.талшықтылар.С.кірпікшелілер. Д.тамыраяқтылар.

5. Безгек ауруын қоздырушы безгек паразиті.

А.қантұрғын В.құртамыш С.лейшмания. Д. лямблия.

6. Кеміруші бунақденелі.

А.орман қандаласы В.қоңыз. С. балара. Д.көбелек.

7.Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы.

А.дерматология. В.финнология С.гельминтология.Д.энтомология.

8.Көпжасушалы жəндік жəне көп жасушалы жануарлар денесінің ішкі қабырғасы

мен ішкі мүшелері арасындағы кеңістік.

А.сірқабық В.целом С.гиподерма. Д. таллом.

9.Денесі айқын үш бөліктен: бас,көкірек жəне құрсақтан тұратын буынаяқты

жəндік.


А.бүйі. В.көбелек С.дəуіт. Д.өзен шаяны.

10.Бунақденелілердің арқа жағында қанаты орналасқан дене бөлігі.

А.бас В.көкірек С.құрсақ . Д.шынтақ.
11.Буынаяқтылардың сыртқы қаңқасының негізі.

А.хитин. В.гиподерма С.сірқабық. Д.целом.

12.Сүзіп жалаушы бунақденелі:

А.шыбын . В.маса С. көбелек. Д.ара.

13.Шала түрленетін бунақденелілердің дамуы кезінде болмайтын саты.

А.жұмыртқа. В.имаго С.дернəсіл. Д.қуыршақ.

14.Тек қана тікентерілерге тəн жүйе.

А.целом. В.желбезек . С.сутүтікше.Д.демтүтік.

15.Ұлулардың тұлғадан ерекше қатпарлы қабаты.

А.желбезек . В.шапанша. С.үккі. Д.қақпақша.

16.Жəндіктер денесінде бұған дейін кездеспей,ұлуда ғана кездескен ас қорытуға

қатысты без

А.жүрекше . В.құлақша С.бауыр. Д.жасыл жұп бездер.

17.Үйірлі шегірткелер дернəсілінің тығыз топтасуы.

А.жаушоғыл.. В.көпшоғыр С.үйір.Д.біршоғыр.

18.Тағамға пайдаланатын ірі денелі теңізқияры.

А.голотурия В.трепанг С.теңізжұлдызы Д.теңіз кірпісі.

19.Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына тіркелген жануарлар неше санатқа

бөлінеді?

А. 5. В. 6 . С. 4. Д. 7.

20.Əлі толық зерттелмеген,ерекше қорғауды қажет ететін Қазақстан

Республикасының Қызыл кітабына тіркелген инелік.

А. көркемше инелік. В.далалық инелік С.шолғыншы инелік.Д.нəзікқұйрық инелік.

21.Өте сирек кездесетін ең ірі денелі шекшек.

А.бұғы қоңыз В.ақтеңбіл дəуіт .С.далалық кергі. Д.зауза қоңыз.

22.Қазақстанда Жайық өзенінің жайылмасында ғана кездесетін ең ірі қоңыз.

А.көң қоңыз В.зауза қоңыз С.бұғы қоңыз. Д.атқоңыз.

23. Ірі қарада қарасан ауруын тудыратын,аналығы ғана қан соратын қан сорғыш

ірі шыбын.

А.сона. В. бөгелек С.оқыра. Д. көк шыбын.

24.Шаруашылықта зиянды бунақденелілерден құтылудың негізгі əдісі.

А.биологиялық əдіс В.дезинфекция. С.жерді өңдеу.Д.химиялық əдіс.

25.Адамға ауру жұқтыратын паразиттерден құтылу жолы.

А.дəрі қолдану. В.дəрі бүрку.С. өртеу. Д.жеке басты жəне тұрғын жайды таза ұстау.

7 тест. Көпжасушалы жəндіктер жəне жануарлар дүние тармағы.

1.Гидра тəрізділер типінің аталуы.

А.ішекқуыстылар. В.жалпақ құрттар.С.жұмыр құрттар.Д.тікен терілер.

2.Медузалар класының атауы.

А.гидратəріздестер.В.табақша тəріздестер. С.көпқармалауышты.

Д. маржандар.

3.Ақ сұлама құрты қандай класқа жатады?

А.сорғыш құрттар.В.таспа құрттар. С.кірпікшелі.Д.буылтық құрттар.

4. Сиыр цепені құрттары класының атауы.

А.сорғыш. В.кірпікшелі С..буылтық. Д. таспа құрттар.

5.Жұмыр құрттар типінің екінші қабатының аталуы.

А.гиподерма.В.сірқабық. С.энтодерма. Д. мезодерма.

6. Балалардың тоқ ішегінде кездесетін құрт.

А.аскарида. В.үшкірқұрт. С. қылқұрт. Д. суыртқы.

7. Буылтық құрттар типінің өкілі

А.ішексорғы.В. ақ сұлама С.зымырақ. Д. сүлік.

8. Гирудин заты бөлінетін құрт.

А.аскарида. В. сиыр цепені. С.сүлік. Д.шұбалшаң.

9.Шаянтəріздестер класының өкілі.

А. циклоп. В.құршаян. С.шаршылы өрмекші. Д.қарақұрт.

10.Энцефалит ауруын тудыратын кене.

А.қышыма кене.В.мамықкене. С.берішкене Д.тайгалық кене.

11.Бөртпе сүзекті таратушы паразит.

А.бүрге. В.бит. С.бөгелек. Д.қандала.

12.Бунақденелілерді жоятын химиялық зат.

А.хлор.В.гербицид. С.инсектицид.Д.хлорид.

13.Суды радиоактивті заттардан тазартуға қатысатындар.

А.маржандар.В.шаяндар. С.балықтар.Д. тікентерілер.

14.Өрмекшілердің зəр шығару мүшесі.

А.мальпигий түтігі. В.бүйрек. С. жасыл жұп бездер.Д.бауыр.

15.Бұзаубастың тіршілік ететін жері.

А.суда. В. топырақ астында. С. топырақ үстінде. Д. ұшып жүріп.

8 тест. Ұлулар типі.

1.Ұлулар типінің кластары.

А.қос жақтаулы В.бір жақтаулы С.үш жақтаулы.Д.жақтаусыз.

2. Тип неге « ұлулар» деп аталады.Бұрын қалай аталып еді:

А.бір жақтаулы В.былқылдақ денелілер С.бауыраяқтылар.Д.қос жақтаулылар

3. Бақалшақ қалдығы сақталған ұлулар

А.сегізаяқ В.кальмар С.жалаңаш шырыш Д.каракатица

4. Ұлулар типіне жататын жəндіктердің негізгі ерекшеліктері

А.шапанша В.целом С.сірқабық .Д.хитин

5.Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат

А.желбезек В.сірқабық С.үккі .Д. шапанша

6. Ұлулардың ас қорыту жүйесіндегі ерекше без

А.жүрекше В.құлақша С.бауыр.Д.жасыл жұп бездер

7.Ұлулардың қан тарату жүйесіндегі ерекшелік.

А.ашық В.тұйық С.жабық.Д. үлкен қан айналу шеңбері

8. Реактивті қозғалыс жасайтын ұлу.

А.каракатица В.жүзім ұлуы С.айқұлақ . Д. сегізаяқ

9.Құрлықтағы ұлулар қалай тыныс алады ?

А.терісі арқылы В.демтүтік С.өкпе Д.бүкіл денесі

10. Бауыраяқты ұлуға жататыны

А.айқұлақ. В.жүзім ұлуы С. сегізаяқ .Д.кальмар

11. Басаяқты ұлуға жатады.

А.айқұлақ В.каракатица С.тоспа ұлуы Д.жүзім ұлуы

12. Қос жақтаулы ұлу жататыны.

А.кальмар В.тоспа ұлуы. С.қошқармүйіз.Д.кемеқұрт

13. Қармалауышы бар ұлу.

А.кальмар В.айқұлақ С.жүзім ұлуы Д.кемеқұрт

14.Сорғышты ұлулар.

А.жүзім ұлуы В.сегізаяқ С.айқұлақ Д.тоспа ұлуы

15.Тағамға пайдаланатын ұлулар.

А.жүзім ұлуы В.жалаңаш шырыш С.кальмар.Д.қошқармүйіз

9 тест. Балықтар əлемі.

1. Ішкі қаңқаның қызметін атқаратын мүше.

А.склет В.омыртқа С.желі Д.целом

2. Желілердің қан айналым жүйесі.

А.ашық В.жабық С.кіші қан айналу шеңбері. Д.тұйық.

3.Желінің орналасқан орны.

А.іште В.сыртта С.артта.Д.ортада

4. Желбезек саңылаулары орналасқан мүше.

А.ауыз В.өңеш С.жұтқыншақ .Д.кеңірдек

5. Қандауыршаның жүйке жүйесі.

А.ми В.жүйке түтігі С.жұлын Д.мишық

6. Жануарлар дүниесінің ең жоғарғы типінің атауы.

А.хордалылар В.желілілер С.омыртқалылар Д.сүтқоректілер

7. Желілердің ең қарапайым тип тармағы.

А.бас сүйексіздер В.қабықтылар С.омыртқалылар Д.бас сүйектілер

8. Қандауыршаның қан айналу мүшесі.

А.жүрек В.арқа қан тамыры С.құрсақ қолқа қантамыры Д.вена қан тамыры

9. Жақсүйексіз омыртқалылар класының өкілі.

А.асцидия В.қандауырша С.баланоглосс. Д.минога

10.Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы.

А.жылы қандылар В.салқынқандылар С.қабыршақтылар. Д. шеміршектілер.

11. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы.

А.герпетология В.ихтиология С.орнитология Д. гельминтология

12.Қазақстанда кездесетін балықтардың түр саны.

А.160 В.180 С.190. Д.200

13. Қазақстанның қызыл кітабының соңғы басылымының шыққан жылы.

А.1978 В.1991 С.1996 Д.1997.


14. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым.

А-А.О.Ковалевский В- И.И.Мечников С- А.А.Иванов Д-А.И.Павлов.

15. Шеміршекті балықтардың түр саны.

А.650. В.800 С.850 Д.750.

16. Шеміршекті балықтардың қабыршақтарының атауы.

А.сірқабық В.эпидермис С.плакоид. Д.кутикула.

17.Дене температурасы тұрақсыз омыртқалы жануарлардың атауы

А.жылы қандылар В.салқын қандылар С.суық қандылар .Д. ыстық қандылар.

18. Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзілмейтін омыртқалылар тобы А.қағанақтылар В.қағанақсыздар С.плакоидтылар. Д. қабыршақсыздар.

19. Қандауыршаның терісінің сыртындағы жұқа қабық.

А.сірқабық В.эпидермис С.нағыз тері.Д.плакоид.

20. Торсылдағы болатын балықтар тобы.

А.шеміршекті В.тақта желбезектілер С.сүйекті Д.дөңгелекауызды.

21. Балықтың аталық безінен бөлінетін сұйықтық.

А.уылдырық В.шоғал С.сілекей . Д. өт.

22. Жайық өзенінен көтерілетін /өрістейтін/ балықтар.

А.бекіре тəріздестер В.сетінектер С.камбалалар . Д. шортандар

23. Ерте замандардан бері сақталып келе жатқан балық.

А.тұқы. В.кета С.камбала Д. латимерия.

24. Желбезек саңылаулары сыртқа жеке-жеке ашылатын балықтар тобы. А.сүйекті В.сəулеқанатты С.шеміршекті Д.қабыршақты.

25. Балықтардың терісінде болатын ерекше сезім мүшелері.

А.бүйір сызығы В.плакойдтары С.желбезегі .Д.қанаттары.26. 26. Қара уылдырық алынатын балықтар.

А.шортандар В.бекірелер. С.сазандар.Д. камбалалар.

10 тест. Қосмекенділер жəне жорғалаушылар əлемі.

1. Алғаш рет құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы

жануарлар.

А. қосмекенділер. В.сүтқоректілер. С. бунақденелілер.Д.ішек қуыстылар.

2.Тік ішектің кеңейіп келген соңғы бөлігі.

А.аналь тесігі.В. онекі елі ішек. С.ұлтабар. Д.клоака.

3.Қосмекенділердің дернəсілдерінің тыныс алу мүшесі.

А.ауызы. В.өкпе. С.желбезек. Д.терісі арқылы.

4.Кіші қанайналым шеңбері екінші сөзбен қалай аталады?

А.вена шеңбері .В.өкпелік шеңбер.С.артерия шеңбері.Д.жүректік шеңбер.

5.Қосмекенділердің дернəсілдерінің атауы.

А.шабақ. В.имаго.С.личинка. Д.шөмішбалық.

6. Даната құрбақасының Қазақстанда таралған өңірі.

А.Зайсан,Балқаш. В.Орал,Ақтөбе. С.Қостанай,Кереку. Д.Қызылорда,Тараз.

7. Нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделгендер.

А.қосмекенділер.В.бунақденелілер.С.жорғалаушылар.Д.ішек қуыстылар.

8.Жорғалаушылар жүрегінің құрылыс ерекшелігі.

А.бір қуысты. В. үш қуысты. С.екі қуысты. Д. төрт қуысты.

9. Қазақстанда кездесетін тасбақаның түр саны.

А.бес. В. жеті. С.төрт. Д. екі.

10. Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі.

А. өкпе. В. желбезек. С. демтүтік. Д.терісі арқылы.

11.Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым саласы.

А.гельминтология.В.орнитология. С.ихтиология.Д.герпетология.

12.Арнайы жылан өсіретін тəлімбақ.

А.ферма. В.питомник. С.террариум.Д.фазенда.

13. Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш рет пайда болған бөлім.

А. бас бөлімі. В.кеуде қуысы. С.аяқтары.Д. құйрықтары.

14.Жыландардың улы тістері орналасқан жері.

А.тілінде. В.таңдайында. С. үстіңгі жақсүйекте. В.астыңғы жақсүйекте.

15.Қазақстанда таралған аяқсыз кесірткенің атауы.

А.шұбар батбат.В.келес.С.шұбар кесіртке. Д.сарлан.

16.Жүрегі 4 қуысты жорғалаушылар.

А.жылан В. тасбақа. С.кесіртке. Д.крокодил.

17. Жаңа Зеландияда кездесетін үшкөзді жорғалаушы.

А.гаттерия. В. құбылғы. С. қолтырауын.Д. тасбақа.

18.Қазақстанда таралған улы жыландардың түр саны.

А.екі. В.төрт. С.бес. Д.алты.

19. Қазақстанда кездесетін ең ірі кесіртке.

А.шұбар батбат.В. сарлан. С. сұр келес. Д. үлкен көз кесіртке.

20. Зəр заты түзілетін мүше.

А.клоака. В.несепағар түтік.С. қуық. Д. бүйрек.

21.Жорғалаушылардың алдыңғы ми бөлігінің ерекшелігі.

А.жүйке жасушалары. В.жасушалар шоғыры.С. мишығы.Д. жұлыны.

22.Жорғалаушылар ұрпақтарының дамуы.

А.іштей ұрықтанады. В.жұмыртқа салады.С.уылдырық салады Д.тірі туады.

23.Жорғалаушылар терісінің құрылыс ерекшелігі.

А.плакоидты. В. қабыршақты. С. сірқабықты. Д. хитинмен қапталған.

24.Батпақ тасбақасының Қазақстанда таралған аумағы.

А. Ертісте. В.Тобылда. С.Жайықта. Д.Сырдарияда.

11 тест. Құстар жоғары класы.

1. Құстар дүниесінде таралған түр саны.

А.8700. В. 8600. С.8300. Д. 8100.

2. Құстарды зерттейтін ғылым саласы.

А. орнитология. В.герпетология С. ихтиология. Д. кинология.

3.Маусымдық құстар.

А. көшпелі құстар. В.отырықшы құстар.С. жыл құстары Д. көктемгі құстар.

4. Ұшатын құстардың төссүйегінің ерекшелігі.

А. қырсыз В.нашар жетілген. С.доғал. Д.қырлы.

5.Ұсақ ауатамырдың тұйық тармақтарының атауы.

А.ауа қапшықтары. В.төменгі көмекей.С.жоғарғы көмекей.Д.бронхы.

6.Өңештің кеңейген бөлігі.

А. ауа қапшықтары В.жоғарғы көмекей. С.жемсау. Д.бронхы.

7.Құс қарынының қоректік заттар ұсақтайтын бөлімі.

А.безді қарын.В. етті қарын.С.жемсау.Д.асқазан.

8.Құс қанының оттекпен екі рет қанығуы.

А. тыныс алу. В.тыныс шығару. С.қосарлы тыныс шығару. Д.қосарлы

тыныс алу.

9. Ұрғашы құстың атауы.

А.қораз.В.мекиен. С.ұябасар. Д. аналық.

10.Еркек құстың атауы.

А.əтеш.В.мекиен.С.қораз. Д.аталық.

11.Құстың дене температурасы.

А.+ 41--43. В.+40—38. С.+37—35. Д.+34--32

12.Құстың жұмыртқа жасушасы ұрықтанатын мүше.

А.аналық без. В. жұмыртқа жол.С. ұрық табақшасы.Д.халаза

13. Төссүйегінде қыры болмайтын құстар тобы. А. жүзетін құстар.В. ұшатын құстар.С. жүретін құстар.Д. пингвиндер.

14.Қазақстанда қоқиқаз қорғалатын қорық.

А.Наурызым. В.Үстірт. С.Марқакөл.Д. Қорғалжын.

15.Аққу балапанының атауы.

А.көгілдір. В. ақүрпек. С.шəулі.Д.сұңқылдақ.

16. Қазақстанның оңтүстік өңірінде таралған ұзын сирақты киелі құс.

А. бірқазан В. аққу. С. ақ дегелек. Д. қоқиқаз

17.Қыран құстар қоразының атауы.

А.ақиық.В шəулі.С.бүркіт. Д.ұябасар.

18. үй тауығының жабайы арғы тегі.

А. мысыр тауығы.В. феникс.С. тауыс Д.банкив тауығы

19.Мүшел жыл санауға кірген құс.

А.тауық. В. қаз С. үйрек. Д. сұңқар.

20.Қазақ халқының қыран құстарға байланысты дəстүрлі өнері.

А.бүркіт салу. В. ителгі салу. С. құсбегілік. Д. саятшылық.

12 тест. Үй хайуанаттары мен ауыл шаруашылық жануарлары.

1. Ірі қараның жабайы тегі.

А.тарпан. В. қодас. С.зеңгі баба. Д. Тур .

2. Жылқының алғаш қолға үйретілген аймағы.

А.Қытай. В. Қазақстан. С.Америка.Д.Африка.

3. Қазақстанда кеңінен таралған түйе қолтұқымы.

А.сыңар өркешті. В.айыр өркешті. С.аруана. Д. нар.

4. Қойдың қолға үйретілген уақыты.

А.14-15 мың жыл бұрын. В.13-12 мың жыл С.10-11 мың жыл Д.8-9 мың жыл.

5. Қазақстанда шығарылған биязы жүнді қой тұқымы.

А.арқар-меринос. В.дегерес. С. еділбай. Д. сараджын.

6. Қазақстанда соңғы жылы шығарылған жылқы қолтұқымы.

А.адай. В.көшім.С. Қостанай . Д. мұғалжар.

7. Сыңар өркешті түйенің ғылыми атауы.

А.бактриан. В.дромадер. С.гуанако.Д.лама.

8. Жамбыл өңірі мен Қырғызстанда шығарылған сиыр қолтұқымы.

А.Алатау сиыры. В.Əулиекөл. С. Əулиеата.Д. қызыл сиыр.

9. Жабайы түйенің атауы.

А.айыр өркешті. В. сыңар өркешті. С.нар. Д.аруана.

10. Жібек шаруашылығының бастапқы отаны.

А. Моңғолия. В.Қытай. С.Үндістан. Д.Бразилия.

11. Бұғы мүйізінен алынатын бағалы өнім.

А. ментокрин.В.сантокрин. С.пантокрин. Д.антокрин.

12. Қазақстанның шөлейтті аймағында көп өсірілетін қой қолтұқымы.

А.қарғалы В.дегерес. С.қаракөл. Д.сараджын

13. Жылқының жабайы тегі.

А.тарпан. В.домбай. С. керқұлан. Д.жабы.

14. Еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келе жатқан қой қолтұқымы.

А.арқар-меринос.В. дегерес. С. сараджын. Д.еділбай.

15. Үй хайуанаттарының мəдени орталықтарын анықтаған ғалым.

А. И.Павлов. В. Н.Вавилов. С. И.Мечников. Д. К.Мыңбаев.

16. Күйіс қайырмайтын төрт түліктің бірі.

А.сиыр. В. қой. С.жылқы. Д.түйе.

17. Айыр өркешті түйенің ғылыми атауы.

А.бактриан. В. дромадер. С. лама. Д.альпака.

18. Терісі бағалы аңдардан алынатын өнім.

А.мақпал. В.камшат. С.түбіт. Д.үлбір.

8 сыныпқа арналған тест сұрақтары

1 тест . Адамның шығу тегі,жасуша,ішкі секреция бездері,ұлпалар.

1.Адамның шығу тегі,эволюциясы,таралуы жəне құрылысы,қызметі мен дамуы

туралы ғылым.

А.адам биологиясы В.анатомиясы С.физиология Д.цитология

2.Организмнің құрылысы,жеке мүшелерін жəне жүйелерін зерттейтін ғылым.

А.гистология В. анатомия. С. физиология Д.эмбриология

3. Ұлпалар туралы ғылым.

А.эмбриология. В.анатомия. С.гигиена Д.гистология

4.Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым саласы.

А.анатомия. В.гистология С. эмбриология Д.физиология

5.Миының көлемі 1600 куб.см,иегі аса жетілмеген,бойы 170 см-дей топ болып тіршілік еткен адам түрі.

А. епті адам В. тік жүретін адам. С.кроманьон Д.неандерталь

6.Жасушада нәруызды синтездейтін органоид.

А. ядро В.лизосома. С. рибосома. Д.митохондрия

7. Жасушадағы заттардың тасымалына қатысады.

А. гольджи комплексі В.эндоплазмалық тор.С.митохондрия Д.мембрана

8. Жасушаның энергетикалық станциясы.

А.гольджи комплексі В.рибосома. С. эндоплазмалық тор. Д. митохондрия

9. 1 г май ыдырағанда бөлінетін энергия.

А.39,8 кДж. В. 38,9 кДж. С. 37,8 кДж. Д.36,9 кДж.
10.Құрылысы,түзілуі жəне атқаратын қызметтері ұқсас жасушалар жиынтығы. А.мүше В.жүйе. С. ұлпа. Д.без.

11.Ұйқы безі орналасқан жүйе.

А. тыныс алу В.эндокриндік С.зəр шығару Д. ас қорыту

12.Эндемиялық зоб ауруы тамақта жетіспесе пайда болады.

А.витамин В.тұз.С.калий Д. иод.

13.Микседема ауруы қай бездің қызметі бұзылса дамиды?

А.гипофиз.В.эпифиз. С. айырша без. Д.қалқанша без.

14.Қалқанша без қызметі шамадан тыс артық гормон бөлсе пайда

болатын ауру.

А.микседема. В. эндемиялық зоб. С.кретинизм. Д.базедов ауруы

15.Рибомомалардың қызметі.

А.фотосинтез. В. липидтерді синтездеу. С.нəруыз молекуларын синтездеу. Д.қорғаныштық

16. Ащы ішек жатады.

А.зəр шығаруға В.ас қорыту жүйесіне В.сезім жүйесіне Д. тыныс алу жүйесіне

17.Акромегалия ауруы белгісіне жатпайды.

А.дауысы гүжілдейді В.шөлдегіш келеді С.қол-аяқ сүйектері ұзын

Д.тілі аузына сыймайды

18.Жүрек бұлшық еті тұрады:

А.бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан В.көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарынан С.сіңірлерден Д.қаңқа ұлпасынан

19. Ұйқы безі бөлетін гомондардың қызметі.

А.көмірсу алмасуын реттейді В.ағзаның өсуін С. май алмасуды Д.барлық бездер жұмысын

20. Қалқанша бездің қызметі балалық шақта төмендесе пайда болатын ауру.

А.кретенизм В.ергежейлілік С.микседема Д.алып ауруы

2 тест . Ішкі секреция бездері жəне сүйек тақырыбы.

1.Жалпақ сүйек .

А. ортан жілік. В.асықты жілік. Д.омыртқа С.жамбас сүйек.Е.алақан сүйектері

2.Сүйекті түзетін ұлпа.

А.дəнекер.В.эпителий. С.бұлшық ет. Д.жүйке Е.жасуша аралық зат.

3.Адамның қол сүйектері.

А.бұғана,жауырын В.тоқпан,кəрі жілік С.жамбас,сегізкөз Д.ортан,асықты жілік Е.омыртқа,қабырға

4.Жалпақ сүйек.

А.алақан сүйектері.В.ортан жілік С.бұғана Д.жауырын Е.иық сүйек

5.Аяқтың белдеу сүйектері.

А.шыбық ,толарсақ,тобық В.мықын,шат,жауырын С.мықын,шат,шонданай Д.мықын,толарсақ,шат. Е.шат,шыбық,шонданай.

6.Шеміршектер арқылы омыртқалар байланысқан.

А.жартылай қозғалмалы. В.буындар С.қозғалмайтын. Д.қозғалмалы Е.буындық байланыс

7.Қысқа сүйектер

А.төс В.қабырға С. жамбас белдеуі Д.омыртқа Е.жауырын.

8.Адам абайсызда ойлы шұңқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады.

А.буынның шығуы В. сүйектің шығуы С. қаңқаның зақымдануы Д. сіңірдің созылуы Е.сүйектің сынуы

9.Сопақша мидың қызметі.

А.қозғалуды реттейді В. бағдарлауды реттейді С. сезуді Д.тыныс алу,қан айналу,ас қорытуды басқару Е.тепе - теңдікті сақтау.

10.Ішкі жəне сыртқы секреция бездерінің қызметін қатар атқарады.

А.май безі В.сілекей безі С.ұйқы безі Д.гипофиз Е.эпифиз

11.Көру аймағы мидың бөлімінде орналасқан.

А.шүйдеде В. ми қыртысында С.самай бөлімінде Д.орталық ми қыртысында

Е.үлкен ми сыңарларының маңдай бөлімінде

12.Ми шайқалу белгісіне жатпайды.

А.есінен тану В.талып қалу С.көп сөйлеу Д.басы айналу Е.құсу

13.Адамның кеуде қуысында орналасқан мүше.

А.ішектер В.қарын С.өкпе Д.бүйрек Е.бауыр

14.Ұзын сүйектер.

А.жілік сүйектері В.жамбас С.бас сүйек Д.қабырға Е.төс.

15.Аралас секреция бездеріне жатады

А.бүйрек үсті безі В.тер безі С.гипофиз Д.ұйқы безі Е.қалқанша без.

3 тест . Организмнің ішкі ортасы тақырыбы.

1.Адам организміндегі қанның қалыпты мөлшері.

А. 6 литр. В. 4,5-5 л. С. 4,5 л. Д. 5,5 л

2. Қандағы қан плазмасының пайыздық мөлшері.

А. 55 пайыз В.60-65 пайыз. С.45-50 пайыз. Д.50-55 пайыз

3. 1 куб мм қандағы эритроциттер саны.

А. 5-5,5 млн. В.5,5-6 млн. С.4,5-5 млн Д. 6-7 млн.

4. Эритроцитке қызыл түс беретін ерекше нəруыз.

А.глобулин. В.альбумин. С.фибриноген. Д.гемоглобин.

5.Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы.

А. 90 күн. В. 100 күн. С.110 күн. Д. 120 күн.

6.Эритроциттер қайда түзіледі ?

А.бауырда. В. көкбауырда. С. сүйек кемігінде.Д.бүйректе.

7. 1 куб мм қандағы лейкоциттер саны.

А.4-9 мың. В.8-9 мың С.9-10 мың. Д.11-12 мың.

8.Эритроциттер қайда бұзылады?

А.бүйрек пен бауырда. В. жүрек пен көкбауырда. С.жүрек пен бүйректе.Д.бауыр мен көкбауырда.

9. Лейкоциттер қайда бұзылады?

А. жүректе. В. бүйректе. С. Бауыр мен көкбауырда. Д. бауырда.

10. Лейкоциттердің негізгі қызметі.

А. оттегін сіңіру. В. көмірқышқыл газын тасу. С. Бөгде денелердің енуінен сақтау. Д.микробтарды жою.

11.Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым.

а. И.И. Мечников. в. И.В. Павлов с. И. М. Сеченов. д.Н.И.Пирогов.

12. Қанның ұю қызметін атқаратындар.

А. қан плазмасы. В. эритроциттер. С.лейкоциттер. Д. тромбоциттер

13.1 куб мм қанда болатын тромбоциттер саны.

А. 150-200 мың. В.160-220 мың С.170-300 мың Д.250-400 мың.


14.Тромбоциттер қайда бұзылады?

А.көкбауыр мен өкпеде. В.бауыр мен өкпеде. С.бауыр мен бүйректе. Д.бауыр мен көкбауырда

15.Лимфоциттер лейкоциттердің қанша пайызын құрайды?

А.20-30 пайыз. В.18-30 пайыз. С.20-50 пайыз. Д. 20-60 пайыз.

4 тест . Организмнің ішкі ортасы жүрек-қан тамырлар тақырыбы.

1.Адамның қан топтарын алғаш ашқан ғалым.

а. И.В.Павлов. в. К.Ландштейнер. с.У. Гарвей. д. А.Гиппократ

2. Эритроциттердің бірігіп қалуы.

А.резус-фактор. В. фагоцитоз. С.фильтрация.Д. агглютинация.

3. Əмбебап донор қаны қай топ?

А. I топ в. II топ с. III топ д.IV топ

4. Əмбебап рецепиент қаны қай топ?

А. I топ в. II топ с. III топ д.IV топ

5. Ересек адам жүрегінің массасы.

А. 200-350 грамм. В. 250-300 г. С. 350-400 гр. С. 400-450 г.

6. Адам жүрегінің құрылысы.

А. бір қуысты. В. екі қуысты. С.үш қуысты Д. төрт қуысты.

7. Адам жүрегінде жүрекше саны: А. бір. В. екі С. үш. Д. төрт.

8. Жүректегі қарынша саны: А.бір. В.екі С. үш Д. төрт

9. Жүректің сыртқы қабаты.

А.миокард. В. эпикард. С.эндокард. Д.экзокард.

10. Дені сау адамның қалыпты қан қысымы.

А. 100-80 мм.сын .бағ. В. 110-90 мм.сын.бағ. С.150-100 сын бағ. Д.120-80 мм.сын.бағ

11.Қан қысымының төмендеуі

А. гипотония В. гипертония С. ишемия. Д.гиподинамия.

12.Қанның ұюында тромб түзілуіне қандай нəруыз қатысады ?

А.глобулин В.фибриноген. С.инсулин Д. гемоглобин.

13.Тыныштық кезіндегі 1 минуттағы тамырдың соғу жиілігі.

А. 90 рет. В.60 рет. С. 90-100 рет. Д. 70-80 рет.

14.Қан ағысының жылдамдығы қай дерде жоғары?

А.өкпе артериясында. В.қолқада. С.капиллярда. Д. венада.

15. Қан қысымының жоғарлауы

А. гипотония В. гиподинамия. С. ишемия. Д. гипертония

5 тест . Тыныс алу жүйесі

1. Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінген?

А-екі бөлікке В-үш бөлікке С-төрт бөлікке Д.бір бөлікке

2.Мұрын қуысының ішкі беті.

А.50 см2. В.100 см2. С.150 см2. Д.200 см2.

3.Дыбыс түзу қызметін қандай мүше атқарады?

А.мұрын қуысы В.тіл С.көмей Д.кеңірдек

4. Кеңірдек қабырғасы түзілген.

А.бұлшық ет ұлпасынан. В.шеміршекті сақинадан С.шеміршекті жартылай сақинадан Д.шеміршекті толық сақинадан

5. Кеңірдек жалғасы. А.аңқа . В.көмей С.жұтқыншақ Д.бронхылар

6. Кеңірдек қалай бөлінеді?

А.екі бронхыға В.үш бронхыға С.бронхиолаға Д.төрт бронхыға

7.Тыныштық күйде тыныс алу көлемі қандай?

А.1000 мл. В.1500 мл. С.3500 мл. Д.500 мл.

8. Тыныс орталығы қайда орналасқан?

А.өкпеде В.мишықта С.сопақша мида.Д.аралық мида

9. Тыныс қозғалыстарына не қатысады? А.көкет . В.қарын бұлшық еттері.С.қабырғааралық бұлшық еттер Д.төс ет

10.Тыныштық күйдегі тыныс алу қозғалыстарының мөлшері.

А.10-12. В.16-18. С. 20-22. Д.14-16.

11. Қан оттекпен қай жерде қанығады?

А.жүректе В.өкпеде С.бүйректе Д. бронхыда.

12. Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу неге байланысты?

А.фагоцитоз В.диффузия С.желдету/вентиляция/ Д.суспензия

13.Тыныс алу мүшесінің ауруы.

А.отит В.гепатит С.гастрит Д.пневмония

14. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайтын құрал.

А.спирометр . В.динамометр. С.барометр Д.ареометр

15. Кеңірдек ұзындығы.А. 8-12 см. В. 9-13 см С.10-14 см. Д.15-18 см.

6 тест . Ас қорыту жүйесі

1.Нəруыз текті заттар.

А.ферменттер. В.витаминдер. С.көмірсулар. Д. майлар.

2. Адамның дене салмағының қанша пайызын нəруыз құрайды

А.25-30%. В.25 % . С.35-40 % . Д. 15%.

3. Адам дене салмағының қанша пайызы көмірсу

А.25%. В.20%. С.1 % . Д.0,3%.

4. Адам дене салмағының қанша пайызын май құрайды?

А.30-40% В.16% С.10-20 % Д.20%

5.Көмірсулардың тəуліктік мөлшері.

А.80-90 г. В.100 г. С. 400-500 г. Д.600 г.

6. Адам денесіндегі судың орташа мөлшері.

А. 60% В. 50%. . С.70-75% . Д.78-80%.

7. Адамдағы аш ішектің ұзындығы.

А.3-4 м. В.4-5 м. С.5,5-6 м. Д.8-9 м.

8. Адамдағы тоқ ішектің ұзындығы.

А.70-80 см. В.90-100 см. С.1,1 -1,3 м. Д.1,5-2 м.

9. Ас қорыту жəне тыныс алу жолдары қай жерде қиылысады?

А.ауыз қуысында В.жұтқыншақта С.көмейде Д.өңеште.

10.Ас асқазаннан кейін түседі

А.аш ішекке В.тоқ ішекке С.ұлтабарға. Д.тік ішекке

11.Адамдағы бауырдың салмағы. А.500 г. В.1000 г. С.1500 г. Д.20г.

12.Лизоцим ферментінің қасиеті.

А. асқазандағы сүтті ыдыратады. В.крахмалды ыдыратады.

С.нəруызды ыдыратады.Д. бактерияларды жояды.

13.Липаза ферментінің қызметі.

А. минералды тұздарды. В.крахмалды С.нəруызды ыдыратады.

Д. майларды ыдыратады

14. Адамдағы сүт тістің саны. А.28. В.30. С. 20. Д.34.

15. Нəруыздың тəуліктік мөлшері. А.80-90 г. В.100 г. С.200 г. Д.400-500 г.

7 тест. Зат жəне энергия алмасу.

1.Пластикалық алмасу нəтижесінде

А.заттар ыдырайды жəне синтезделеді. Вкүрделі органикалық қосылыстар синтезделеді.С.энергия бөлінеді. Д.энергия сіңіріледі.

2.Органикалық заттар ыдырағанда

А.энергия жинақталады. В. Энергия сіңіріледі. С. энергия бөлінеді Д.жай заттар түзіледі.

3. Нəруыздар түзіледі

А.глюкозадан В.глицерин мен май қышқылынан С.аминқышқылдарынан Д.несепнəр мен зəр қышқылынан.

4. Майлар ыдырайды

А.глюкозаға В.глицерин мен май қышқылдарына. С.аминқышқылдарына Д.несепнəр мен зəр қышқылына.

5. Көмірсулар ыдырайды

А.глюкозаға В,глицерин мен май қышқылдары С.аминқышқылдары

Д.несепнəр мен зəр қышқылына.

6. Организм сыртқы ортадан не алады?

А.оттек В.көмірқышқыл газын С.органикалық заттар,су,минералды

заттар. Д.несепнəр мен зəр қышқылын.

7. Энергетикалық алмасу

А.ассимиляция В.диссимиляция С.пластикалық Д. синтез

8. Қорытылған астың сіңірілуі кезінде алдымен лимфаға,одан қанға түсетін зат.

А. майлар В.глицерин мен май қышқылдары С.аминқышқылдары

Д.глюкоза.

9.Адамға тəн майлар қайда түзіледі?

А.бауыр жасушаларында В.тоқ ішек жасушаларында С.ішек бүрлерінің эпителий жасушаларында Д.аш ішек бүрлерінде.

10. Гемоглобин құрамына кіретін , оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайтын зат.

А.кальций мен фосфор В.йод С.темір Д.хлор

11. Сүйек құрамына кіретін зат.

А.калий мен натрий В.кальций мен фосфор Д.күкірт пенмырыш С.темір мен йод.

12. Энергетикалық алмасудың бірінші кезеңінің атауы.

А. дайындық В. тыныс алу С. оттексіз кезең Д. оттекті

13. Энергетикалық алмасудың екінші кезеңінің атауы.

А.ас қорыту В.оттексіз кезең Д. оттекті кезең Д. зат алмасу

14. Энергетикалық алмасудың үшінші кезеңінің атауы.

А.ас қорыту В.оттексіз кезең С. Оттекті кезең Д.зат алмасу

15. Организмнің витаминдермен улануы.

А.гиповитаминоз. В. Авитаминоз С.гипервитаминоз Д.витаминоз.

8 тест. Сыртқа шығару жүйелері,көбею мен жеке даму,адамның мінез құлқы жəне психикасы.

1. Бүйректің массасы. А.80 г. В.90 г. С.100 г. Д. 150 г.

2. Бүйрек арқылы тəулігіне ағатын қан мөлшері.

А.1500-1700 л.В.1000-1400 л. С. 1800-1900 л. Д. 2000-2100 л.

3.Бүйректің негізгі қызмет атқаратын бірлігі.

А.қыртысты зат. В.нефрон С.ми заты. Д. бүйрек астауы.

4. Зəр шығару мүшелерінің ауруларын зерттейтін медицина саласы.

А. нефрология В.урология С. терапия Д.цитология

5. Зəр шығаратын түтік пен қуықтың қабынуы.

А.цистит. В.нефрит. С.отит. Д.гастрит.

6. Бүйрек шумағының қабынуы.

А.нефрит. В.цистит С.гастрит. Д. бронхит.

7. Тері ауруларын емдейтін дəрігер.

А.уролог. В.хирург. С.дерматолог. Д.нарколог.

8. Адамдағы жыныс хромосомаларының саны. А.23. В.13. С.33.Д .43.

9. Организмнің жыныстық жетілу кезеңі.

А.психикалық жетілу. В.əлеуметтік жетілу.

С.физиологиялық жетілу Д.анатомиялық жетілу

10. Ересек адамның ұйқысының орташа мөлшері.

А.6 сағ. В.7 сағ. С.8 сағ. Д. 9 сағат.

11.Шартты рефлекстерді зерттеген орыс ғалымы.

А.И.П.Павлов. В.И.М.Сеченов. С. Н.И. Лунин Д. И.И. Мечников.

12. Жүктілік кезеңінің ұзақтығы.

А.260күн В. 270 күн. С.280 күн Д.290 күн.

13. Терінің негізгі сыртқы қабаты.

А.дерма В.май қабаты. С.түк. Д.эпидермис.

14. Тері арқылы өтетін газ алмасу мөлшері.

А.0,5% В. 1% С.1,5% Д. 2%

15. Қуықта жиналатын зəр мөлшері.



А.100-200 мл. В.200-300 мл. С.300-400 мл. Д.400-500 мл.

9 – сынып оқушыларына арналған ОЖСБ-ға дайындық сұрақтары
Биология ғылымы, міндеттері, тіршіліктің жаратылу деңгейі тақырыптарына арналған деңгейлік сұрақтар.

А

  1. Биология ғылымы нені зерттейді?

  2. Биология салаларын атаңдар. Олардың қызметтері қандай?

  3. Қандай деңгейді ең жоғары деп есептейді?

В

  1. Тіршіліктің негізгі жаратылым деңгейлерін атаңдар.

  2. Тірі ағзалардың даму бірліктері қандай?

  3. Тірі материя жаратылымының барлық деңгейлеріне қандай қасиеттер тән?

С

  1. Биологиялық жүйелердің өлі табиғат зерзаттарынан айырмашылығы неде?

  2. Тіршілік жаратылысын әр түрлі деңгейлерге бөлу нышандары қандай?

Тірі материяны зерттеу әдістері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А

  1. Биология ғылымының маңызы қандай?

  2. Тірі ағзаны зерттейтін әдістер туралы айтыңыздар.

В

  1. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қай ғылыми бөлімдері аталған?

  2. Қазақстандық ғалымдар биологияның қай бағыттарын жетілдеруде?



С

  1. Өздерің ғылымдағы қандай табыстар маңызда деп есептейсіздер, неге?

  2. Биологиядан бұрын оқыған қай ғалымның аты-жөнін білесіңдер?

Жасуша – тіршіліктің өлшем бірлігі тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А

  1. Тірі жүйенің қарапайым өлшем бірлігін атаңдар.

  2. Жасушаның қандай қасиеттері бар?

В

  1. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары қандай?

  2. Жасуша ұғымын кім кіргізді?

С

  1. Биохимиялық үдерістердің құпиясына қалай көз жеткізуге болады?

  2. Жасушалық теорияны қандай ғалымдар дамытты?

Тірі материяның химиялық құрамы, бейағзалық заттар тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А

  1. Тіршілік құрамына енетін элементтердің барлығы қандай топтарға бөлінеді?

  2. Жасушада қай элементтер барлығынан көп? Оларды атаңдар.

В

  1. Ағзаның микроэлементсіз болуы мүмкін бе?

  2. Судың ағзадағы биологиялық рөлі қандай?


С

  1. Суда қай заттар ериді, қайсысы ерімейді, неліктен? Ерігішітік пен ерімейтіндікті қай терминмен таңбалайды?

  2. Минералды тұздар жасушада қандай қызмет атқарады?

Көмірсулар, майлар және нәруыздар

тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А

  1. Көмірсулар деп аталуы неліктен?

  2. Көмірсуларға мысал келтіріңдер. Олардың қасиеттері қандай?

  3. Майлар (липидтер) деген не?

  4. Тірі ағзалар нәруыздарының құрамында қанша аминқышқылдар болады?

  5. Аминқышқылдар қандай топтардан тұрады?

В

  1. Молекулалар мөлшеріне байланысты көмірсулар қандай екі топқа бөлінеді? олар ерігіштік дәредесі бойынша қалай ерекшеленеді?

  2. Тірі ағзалардың ең маңызды көмірсуларын атаңдар, олардың физиологиялық рөлін көрсетіңдер.

  3. Нәруыздарда аминқышқылдардың қосылуы қалай жүреді? Бұған қай топтар қатысады? Химиялық байланыстың қай типі түзіледі?

  4. Наруыз молекулаларының қандай құрылымдары бар?

С

  1. Көмірсулар қандай қызмет атқарады?

  2. Майлар (липидтер) жануарлар ағзасында қандай рөл атқарады?

  3. Майлардың (липидтердің) қасиеттері туралы не білесіңдер?

  4. Нәруыздар ағзада қандай қызмет атқарады?

  5. Нәруыздардың алуантүрлілігі неге байланысты?

Нуклеин қышқылдары, АТФ

тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А

  1. Нуклеин қышқылдарының қандай мономері болады?

  2. Нуклеотидтер қандай 3 құрамбөліктен тұрады?

  3. АТФ деген не? оның жасушадағы рөлі қандай?

В

  1. Бір желідегі және желілер аралығындағы нуклеотидтер арасындағы химиялық байланыс типтерін атаңдар.

  2. ДНҚ-ның РНҚ-дан айырмашылығы неде? Салыстырмалы сипаттама келтіріңдер.

  3. ДНҚ-ның жасушадағы рөлі қандай?

С

  1. РНҚ үш түрін атаңдар.

  2. Екіеселенудің қандай маңызы бар?

  3. Нәруыз биосинтезі қалай іске асырылады?


Жасушаның құрылымы тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А

  1. Плазмалық жарғақшаның құрылысы қандай ?

  2. Өсімдік жасушасында пластидтер қай типтерге бөлінеді?

В

  1. Қай үдерістер фагоцитоз және пиноцитоз деп аталады?



  1. Лизосомалар мен Гольджи жиынтығы арасында қандай байланыс бар?

С

  1. Эндоплазмалық тор және рибосомалар қандай қызмет атқарады?

  2. Митохондриялар неге энергетикалық станса деп аталады?

Жасуша ядросы.Хромосомалар және гендер.Прокариот және эукариот жасушаларыныңтерекшеліктері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.

  1. Ядроның жасуша тіршілігін басқарудағы ролі қандай?

  2. Атқаратын қызметіне байланысты ядро құрылысының ерекшеліктері қандай?

В

1.Тұқым қуалау ақпараттарын таратудағы ядроның құрылымы қандай?

2.Өсімдік және жануар жасушаларының айырмашылығы қандай?

С

1.Прокариоттар мен эукариоттар арасындағы негізгі айырмашылықтар неде?

2.Саңырауқұлақ жасушасының өсімдіктер мен жануар жасушасына ұқсастығы мен айырмашылығы.

Тірі жүйелердегі зат және энергия алмасу типтері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.

1.Ғаламшарымыз биосфераның қай үдерісі арқасында сыртқы көздерден энергия алады?

2.Ғаламшарымызда қай ағзалардың арқасында тіршілік пайда болды? Өз ойларыңды айтып, негіздеңдер.

В

1.Тірі жүйелердің энергия алу үдерісінде барлық белгі топтардың қайсысы таптырмайтын топтар деп есептеледі?

2.Гетеротрофта дегеніміз не?

С

1.Хемосинтездің ерекелігі неде?Хемосинтетиктерге мысалдар келтіріңдер.

2.Өздігінен реттелу қалай жүзеге асады?
Тынысалудың кезеңдері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.

1.Ағзалардың көпшілігінің энергия және АТФ синтезін алудың негізгі жолы ретінде тынысалу үдерісін пайдалануы неліктен?

2.Тынысалу үдерісін ойдағыдай жүзеге асыру үшін барлық қажетті құрамбөліктер мен жағдайларды атаңдар.

В

1.АТФ-ның қандай мөлшері тынысалудың қай кезеңінде түзіледі?

2.Митохондриялар мен жанудағы тынысалу үдерісінің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

С

1.Өсімдіктер тіршілігіндегі өтем нүктесі деген не?

2.Эукариоттардың барлығына дерлігіне Кребс айналымының, прокариоттар мен эукариоттардың барлығына гликолиздің лайық болуы неліктен?

Фотосинтез тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар

А.

1.Фотосинтез үдерісінің биосферадағы рөлі қандай?

2.Фотосинтез қандай мөлшерде және қандай органоидтарында жүзеге асырады?

3.Фотосинтез үдерісіне қай сатылары қамтылады, олардың әрқайсысында не өтеді?



В

1.Фотолиз үрдісін сипаттаңдар.

2.Егер сынауықта фотолизді жаңадан өндірсе, оны қалай қолдануға болар еді?

3.Қараңғы сатыны сипаттаңдар.



С

1.Қараңғы сатыда жарық сатысының қай заттары пайдаланылады?

2.Фотосинтез үдерісінің қарқындылығына қандай жағдайлар ықпал етеді?

3.Фотосинтезді оқытып үйретудің іс жүзіндегі маңызы қандай?



Генетикалық ақпарат тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.

1.Тұқымқуалау ақпараты деген не? Ген (тек) деген не?

2.Генетикалық ген деген не?Бір аминқышқылын ДНҚ-дағы қанша нуклеотидтер кодтайді?

3.Жасушаның қандай құрамбөліктері ДНҚ-ның тұқымқуалау ақпараттың тікелей цитоплазмадағы нәруыз синтезінің орнына жеткізеді?



В

1.Гентикалық кодтің әмбебаптық қасиеті нені білдіреді?Көлегейленбеушілік қасиетін сипаттаңдар.

2.Генетикалық код неге триплетті?Генетикалық кодтің азғындаушылық ұғымы нені білдіреді?

3.Кодон, триплет, антикодон ұғымдарының жасушадағы нуклеин қышқылдарының әр түрлі типтерімен арақатынастарын салыстырыңдар.



С

1.Нуклеин қышқылдарының құрамына нуклеотидтердің 5 типі енеді деп елестетіңдер.Сонда 20 аминқышқылдары үшін генетикалық код қалай болып көрінер еді?

2.Пілдерден, баобабтардан вирустарға дейін барлық ағзаларда генетикалық кодтың әмбебап болуын қалай деп есептейсіңдер?

№1.Егер нәруыз мыналардан тұрса: а)Гли+Асп+Цис; ә) Иле+Фен+Лей; б)Гли+Тре+Сер; в) Вал+Глу+Тре; г)Про+Фен+Арг, ДНҚ нуклеотидтердің реттілігінің қандай болатынын анықтаңдар.

№2. Егер ДНҚ-дағы нуклеотидтер былай орналасса: а) ГАА ТТТ; ә)ААГТЦТ; б)ЦЦЦГТА; в)ГГТАГА; г)ТГТААГ, аминқышқылдардың реттілігінің қандай болатынын анықтаңдар.

№3.Егер ДНҚ бетімен 300 аминқышқылдардан нәруыз синтезделсе, ДНҚ-дағы нуклеотидтер санының қанша болғанын есептеңдер.Кідіртпе – кодондарды ескердіңдер ме? Осыған байланысты жауап қалай өзгереді?

№4.Нәруыз биосинтезі құрамында 114 нуклеотиді бар м-РНҚ (а-РНҚ) бетімен өткен болса, дұрыс нұсқаның нөмірін анықтаңдар.


Нұсқа

Аминқышқылдар

Пептидті байланыстар

Су молекулалары(бөлінген)

№1

№2

№3



№4

№5

№6



144

46

48



48

47

47



143

47

48



47

46

47



143

47

48



50

4

47


Кідіртпе-кодондар ескерілді ме?



ДНҚ-ның екіеселену ерекшеліктері, оның тұқымқуалаушылықты сақтаудағы рөлі тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.

1.Матрица деген не?

2.Жасушадағы матрицалық үдерістен мысал келтіріңдер.

В

1.ДНҚ синтезін неліктен матрицалық үдеріс деп атайды.Репликация кезінде матрицаның мәнін атаңдар.

2.ДНҚ-дағы байланыс типтері репликация тетігіне қалай әсер етеді?

С

1.Репликация үдерісін егжей-тегжейлі түсіндіріңдер.Репликация болмаған жағдайда тіршілік қалай дамитынын ойланып көріңдер.

2.Матрицалық репликацияда жаңа ДНҚ биосинтезі үшін қолда бар ДНҚ молекуласы пайдаланылады. Ал нәруыз биосинтезі үшін қандай матрица болуы қажет?

Нәруыз биосинтез кезеңдері:транскрипция және трансляция тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.

1.Нәруыз биосинтездері қандай екі кезеңдерден құралады?

2.Транскрипция деген не?

3.Трансляция деген не?



В

1.Нәруыздар биосинтезі үдерісіндегі РНҚ-ның үш түрінің рөлін сипаттаңдар.

2.Транскрипция үдерісін сипаттаңдар.

3.Трансляция үдерісін сипаттаңдар.



С

1.Бактериялардың және эукариоттың транскрипциясының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

2.Бактериялардың және эукариоттың трансляциясының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Жасушалардың бөлінуі.Митоз.Мейоз тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.

1.Жасушалардың бөлінуге даярлығы кезеңінде қандай үдерістер жүреді?

2.Мейоз деген не?Митоз фазаларын сипаттаңдар.

3.Митоздың биологиялық маңызын айтыңдар.



В

1. Ядроның қандай құрылымын хроматидті құрылым дейді?

2. Центромер қандай қызмет атқарады?

3.Жыныс гаметаларының даму үдерісі қалай аталады?



С

1.Эволюция үдерісінде мейоз қалыптаспаса, жер бетінде тіршілік қалай дамитын еді?

2.Кроссинговердің маңызын айтыңдар.Бір отбасында туған он баланың екеуі дәлме-дәл бірдей болуы мүмкін бе, егер олар бір жұмыртқадан тумаған болса?

3.Мейоздың биологиялық мәні неде?



Ағзалардың көбею формалары тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.

1.Жынысты және жыныссыз көбею үдерістері арасындағы негізгі айырмашылық неде?

2.Жынысты және жыныссыз көбеюдің артықшылығы және кемшілігі неде?

В

1. Өздеріңе белгілі ағзалардың жыныссыз жолмен көбею жолдарын атаңдар.

2. Олардың қайсысы біржасушалыларға тән, қайсысы оған жатпайды?

С

1.Жынысты көбею түрлерін атап, оларды қысқаша сипаттаңдар.

2.Жынысты көбеюдің қай жолдарында әр түрлі дарақтар арасында генетикалық материалдардың алмасуы жүреді? Қай жолдарда тек өздігінен ұрықтанады?
Гаметогенез және ұрықтану.Олардың биологиялық маңызы тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.

1.Гүлді өсімдіктердің ұрықтану ерекшелігі неде?

2.Бұдан қандай артықшылық болады?


Каталог: uploads -> doc -> 088e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
088e -> Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
088e -> Сабақ жоспары Пән мұғалімі Есіркепова ж сыныбы 8 сабақ реті: күні
088e -> Сабақтың тақырыбы : «Ғажайып зоология»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет